Жастық бетіне райхан гүлін кулечки өрнегімен тоқу

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Жастық бетіне райхан гүлін кулечки өрнегімен тоқу.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік мақсаты: кестелі өрнек туралы мағлұмат беру, жұмыс жасау жолдарын үйрету;
Дамытушылық мақсат: технология сабағында алған білімдерін мен тәжірибелерін өздерінің қолөнер шеберлігі мен өнерімен ұштастыра отырып, білімдерін және қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік мақсаты: еңбек мәдениетіне, іскерлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: түсіндіру, көрсету, сарамандық жұмыс.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу;
2. Сабаққа деген дайындығын тексеру;
3. Үй тапсырмасын сұрау. Бағалау.
ІІ. Мақсатын түсіндіру кезеңі.
Жұмыс барысындағы қауіпсіздік техникасының ережелерін түсіндіру;
ІІІ. Сабақтың негізгі бөлімдері:
1. Теориялық
2. Сарамандық
3. Қортындылау
Жаңа сабақ:
Жастық. 200г жүннен иірілген (жуан) жіп кетеді.
№2 ілмек пайдалынады.
Тоқу өрнектері: кестелі өрнек, кулечки (орама)
Үстіңгі беті: 105 үлпілдек шалудан тізбек тоқиды. Содан соң мынадай тордан құралатын кестелі өрнектер тоқылады: бос жіп қосылған 1 шалу, 2 үлпілдек шалу, бос жіп қосылған 1 шалу ретпен тоқылады (схеманы қара). Тордың ішіне толтыратын бос жіп қосылған 2 шалу жапырақтар мен сабақтардың тығыз өрнегін жасайды, схемада олар қосумен белгіленген. Схемада дөңгелекпен белгіленген райхан гүлі кулечки өрнегімен тоқылған. Бұл өрнек былай тоқылады: бұрынғы қатардағы 2 үлпілдек шалудың астынан іліп, бос жіп қосылған 7 шалу тоқиды.
Ілмектің ұшында қалған соңғышалуды созып, ілмекті босатады. Ілмекті бос жіп қосылған 7 шалудың 1 - інің бұрышына кіргізіп, жаңағы созылып бос қалған жіпті іліп алады да, бірінші бұрышынан өткізіп, тығыздап тартады. Әрі қарай схема бойынша тоқылады. Жастықтың екінші бетін бірінші бетіндей етіп тоқиды.
Екі бөлігін де буға ұстап, теріс жағынан беттестіріп, жай шалу арқылы біріктіреді, бір жағынан жастықты кіргізетін тесік қалдырады.
2. Қортындылау.
3. Бағалау.
4. Үй тапсырмасы.
Өрнекті тоқу туралы мәлімет жазу.


Скачать


zharar.kz