Балалардың саны қанша

Скачать

І БӨЛІМ
ЛОГИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР

Бұл бөлімде математика пәнімен қоса басқа да сабақтар бойынша тапқырлыққа және логикалық тапсырмаларға арналған әртүрлі есептер қарастырылған. Мысалы, сандардың құрамы мен мен олардың реттік қатарына арналған есептер, шамаларға, ойлауды дамытуға арналған есептер, сондай - ақ, әліпби туралы білімдерін кеңейтуге, геометриялық фигураларға арналған есептер т. б.

2 сынып
№1 тапсырма
1. Мұзайдында 6 бала сырғанап жүрді. Олардың екеуі түскі тамақ ішуге кетті, ал түстен кейін олар мұзайдынға қайтып оралды. Мұзайдында қанша бала сырғанап жүр?
2. Отбасында төрт бала бар: қыздар қанша болса, ұлдар да сонша. Отбасында қыздар қанша, ұлдар қанша?
3. Арман Сәбитпен шахмат ойнап 2 рет жеңді, ал Сәбит Арманды 3 рет жеңді. Тағы бір ойында олар тепе - тең түсті. Балалар неше рет шахмат ойнаған?
4. Әсет тақта шоколадты екіге бөлді, содан соң оның бөлінген бір бөлігін тағы да екіге бөлді. Сонда Әсет шоколадты неше бөлікке бөлген?
5. Әрбір екі қорапшада 10 конфеттен салынған. Мәдина бірінші қораптан бірнеше конфет алып жегенде, онда қорап қанша болса, сонша ғана конфет қалды. Мұны көрген Дариға да екінші қораптан сонша конфетті жеп қойды. Енді екі қораптағы барлық қалған конфеттердің саны қанша болмақ?
6. Мына сандар қандай тәртіппен орналасқан:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 9 8 7 6 5 4 3 2 1
7. 4 литрлік және 6 литрлік ыдыстармен 2 литр суды краннан қалай ағызып алуға болады?
8. Екінші сынып оқушылары екі - екіден жұптасып тұрды. Сәкен мен Дәурен жетінші жұп болды. Олар алдынан санағанда жетінші болды, ал артынан санағанда төртінші болды. Сыныпта қанша оқушы бар?
9. Велосипед дөңгелегінде 8 шабақ бар. Ал әрбір екі шабақтың арасында неше аралық болуы мүмкін?
10. Отбасында 2 бала бар. Мәрлен Сұңғаттың ағасы, ал Сұңғат Мәрленге аға емес. Сонда Сұңғат кім?

№2 тапсырма
1. Пойыздың 10 вагоны бар. Бауыржан басынан санағанда бесінші вагонға отырды, ал Ұлан аяғынан санағанда бесінші вагонға отырды. Екеуі бір вагонда отыруы мүмкін бе?
2. Тақта шоколад 6 шаршыдан тұрады. Шоколадты жеке бөліктерге бөлу үшін неше рет сындыру керек?
3. Жарас Ақылбектің баласы, ал Ақылбек Кәрімнің баласы. Жарас Кәрімге кім болады?
4. Алмажан мен Айнұр дүкеннен киімдер сатып алды. Олардың біреуі куртка, біреуі пальто алды. Айнұр пальто алған жоқ. Алмажан не алды?
5. Данияр мен Әлішер жүгіруден жарысты. Олардың біреуі 1 минутта мәреге жетті, екіншісі 2 минутта жетті. Арман 3 минутта жетті. Бауыржан 5 минутта жетті. Бақыт 4 минутта, Әлішер 2 минутта жетті. Ал Данияр неше минутта жетті?
6. Үш қаланың әрқайсысында екі қаламен байланыс жолы салынған. Сонда барлығы неше жол бар?
7. Ұлу өзі тұрған А нүктесінен солтүстікке қарай 2 см жүрді, сосын 3 см шығысқа қарай жүрді, содан кейін оңтүстікке 2 см жүрсе, тағы 3 см батысқа жүрген. Нәтижесінде ол қай жерге келді?
8. Сәлима кешке 4 алма жеді, ал оның досы Берік таңертең 3 алма артық жеді. Балалар барлығы неше алма жеген?
9. Анасы Алмасқа алма, алмұрт, жүзімнің біреуін таңдауын сұрады. Алмас олардың ішінен екі ұқсасын алмақшы болды. Ол нені таңдап алды?
10. Бір пиаланың ішінде қоңыздар мен өрмекшілер отыр. Олардың денелерінің саны 10, аяқтар 68. Пиалада неше қоңыз бен неше өрмекші отыр? (қоңызда 6 аяқ, өрмекшіде 8 аяқ болады)

№3 тапсырма
1. Жігер Күдердің немересі. Мирас Күдердің немересі емес. Жалғас Жігердің атасы емес. Мирастың атасы кім?
2. Әлішер мен Мұхтар құшақтасты, сосын біріне - бірі бір - бірден фотосуреттерін берді. Неше фотосурет керек болды деп ойлайсың?
3. Екі бала мен бір үлкен кісіге өзеннің бір жағасынан екінші жағасына бір қайықпен жету керек. Ал қайыққа бір үлкен кісі немесе екі кішкентай бала ғана сыяды.
4. Алыпсоқ атты ит пен Марғау деген мысыққа 5 жас толды. Екі жылдан кейін олар неше жасқа толады?
5. Мына сандар қандай тәртіппен орналасқан:
1 4 7 10 10 7 4 1
6. Бір парақ қағазды екіге бүктеп, содан соң тағы да екіге бүктеу керек. Бүктелген жерлерді қиғанда қағаз неше бөлікке бөлінді?
7. Даниярда қанша белгі болса, тағы да сонша белгі сыйлады. Енді барлығы 10 белгі болды. Әуелде Даниярда қанша белгі болған?
8. Ұзын жіпке үш жерден аяқ жағын бос қалдырып, түйін түйілді. Сонда бұл түйіндер жіпті неше бөлікке бөліп тұр?
9. Бір қорапқа 10 қызыл моншақ, немесе 6 жасыл моншақ сияды. Қандай моншақтар кішкентай, қандай моншақтар үлкен?
10. Бақ ішінде 4 жасыл және қоңыр орындықтар тұр. Жасыл орындықтар қоңыр орындықтардан артық. Жасыл орындық нешеу, қоңыр орындық нешеу?

№4 тапсырма
1. Ғалияның сүйікті ойыншықтары – қуыршақ, доп, қонжық, ал оның ағасының сүйікті ойыншықтары – паровоз, барабан және сол аюдың қонжығы. Екеуінің барлық жақсы көретін ойыншықтарының саны нешеу?
2. Әлия 4 жаста, Данияр одан 2 жас кіші, ал Санжар мектепке барады. Балалардың ең үлкені қайсы? Ең кішісі ше?
3. Майра, Камила және Сәния үшеуі көк, сары, ақ түсті көйлектер киген. Майраның көйлегі ақ емес, Камиланың көйлегі ақ та, сары да емес. Қыздардың көйлектерінің түстері қандай?
4. Кәмпитті екіге бөлу үшін бір - ақ рет сындыру керек. Ал білезік нанды екіге бөлу үшін неше рет сындыруға болады?
5. Қайраттың екі ағасы мен бір әпкесі бар. Отбасында неше ұл мен неше қыз бар? Ал барлық баланың саны қанша?
6. Бір топ қаздар ұшып келе жатты. Оларға бір аталық қаз кездесті.
- Сәлеметсіңдер ме, он қаз!
- Жоқ, біз он емеспіз. Егер сен бізбен бірге болсаң және тағы екі қаз болса ғана он боламыз.
Қаздар әуелде қанша болған?
7. Шортан, алабұға және табан балықтарды сатып алды. Шортан табан балықтан ауыр, ал табан алабұғадан ауыр. Қай балық ең ауыр және қай балық ең жеңіл?
8. Үш ұл мен төрт қыз киноға бармақшы болды. Бірақ билет бәріне жетпеді. Дастан, Әйгерім және Даурия үйлеріне қайтты. Кино көруге неше ұл мен неше қыз қалған?
9. Сілеусіннің алдында не бар, ал жолбарыстың артында не бар?
10. Мұраттың бойы Серіктен ұзын, бірақ Абайдан қысқа. Абай ұзын ба, Серік ұзын ба?

№5 тапсырма
1. Апта күндерінің қайсысы ма буынымен аяқталады? Ондай күндер нешеу? Реттік санмен санағанда олар нешінші күндер?
2. Бүгін жұма, ал бүрсүгүні қандай күн болады?
3. Аптаның неше күні бірдей әріптермен басталады? Қай күндер бірдей әріптермен аяқталады?
4. Апта күндерін буындарға бөліп жаз.
5. Сенбіден кейінгі күннің басталатын әрпімен үш қыздың атын жаз. Сәрсенбінің алдындағы күннің басталатын әрпімен бес ұлдың атын жаз.
6. Анасы бір қағаз қалта айран сатып алды. Оның тең жартысын балалар бір - бір стақаннан құйып ішті. Қағаз қалтада екі стақан айран қалды. Қағаз қалтада әуелде қанша стақан айран болған? Балалардың саны қанша?
7. Секен мен Толғанай тоғыз қабатты үйде тұрады. Секен Толғанайдан жоғары тұрады. Толғанай жетінші қабатта тұрады. Сонда Секен қай қабатта тұруы мүмкін?
8. Бүгін Анар нешеде болса, үш жылдан кейін Мәдинаға да сонша жас болады. Екі қыздың қайсысы үлкен?
9. Балалар еңбек сабағында орындыққа 12 аяқ дайындады. Бұл үш орындыққа жете ме?
10. Болаттың әжесі дүкеннен 3кг алма, 6 кг картоп, 2 л сүт және 1 кг қияр мен 1 кг қант сатып алды. Болат 6 кг - нан артық көтере алмайды. Ол әжесіне көмектесу үшін қайсысын көтереді? (Жауаптары бірнеше болуы мүмкін)

№6 тапсырма
1. Алмұрттардың жартысынан компот қайнатылды. Компотқа 3 алмұрт жеткен болса, әуелде қанша алмұрт болған?
2. Үстел үстінде 3 қияр, 2 сәбіз, және 5 апельсин тұған. Барлығы қанша?
3. Вазада шие, лимон, алма және алмұрт тұрған. Олардың біреуін басқа жеміспен ауыстырғанда вазада алма, алмұрт, апельсин, лимон қалды. Қандай жемісті ауыстырды?
4. Анасы базардан қияр, қызамық және қызылша сатып алды. Қызылшалар қиярға қарағанда біреуі кем, ал қиярлар қызамықтан біреуі кем болды. Сонда қызылшалардың қызамыққа қарағанда қаншасы кем болады?
5. Себетте 5 алма жатыр. Себетте төрттен біреуі артық алма қалуы үшін неше алманы алу қажет?
6. Екі бала домбырамен, ал біреуі сыбызғымен ойнап отыр. Ұлан мен Серік әртүрлі аспаппен ойнаса және Мұрат пен Серік бірге болса, Ұлан немен ойнады?
7. Темір ұстасына 3 құлыпқа кілттер жасауға бұйрық берілген. Әр құлыпқа 3 кілттен – алтыннан, күмістен, жезден жасау керек. Сонда ұста неше кілт жасайды?
8. Қоянның үйінен құдыққа дейінгі жер 30 метр. Ол бір шелек су әкелу үшін неше метр жерді жүріп өтуі керек?
9. Сенбіден кейін үш күннен соң аптаның нешінші күні болады?
10. Қандай себептерге байланысты ақпан жылдың ең қысқа айы? Ал қандай себептерге байланысты мамыр жылдың ең қысқа айы?

№7 тапсырма
1. Таразының бір табағында қауын мен 3 кг гир жатыр, ал екінші табағында 5 кг - дық екі гир жатыр. Сонда таразының екі басы тепе - тең болып тұр. Демек қауынның салмағы қанша болғаны?
2. Түлкінің үйшігінен қасқырдың үйшігіне дейін 3 жол бар. Ал қасқырдың үйшігінен аюдың апанына дейін 2 жол бар. Түлкі аюдың апанына жету үшін неше әдіспен жетуі мүмкін?
3. 12 адам екі қайыққа сыйды. Бірақ бірінші қайықта екінші қайыққа қарағанда 2 есе көп адам бар. Әр қайықта қанша адам бар?
4. Кесе стақаннан 3 см аласа, ал стақан кофе шәйнегінен 8 см аласа. Кофе шәйнегінің биіктігі 16 см. Сонда кесенің биіктігі қанша деп ойлайсыңдар?
5. Парасаттың бірнеше иті бар. Даладан қыдырып келген соң Парасат иттерінің 12 аяқтарын жуды. Сонда парасатта неше ит болғаны?
6. Театрға әдемі киінген бес бала келе жатыр. Жолда олар үш үлкен кісіні кездестірді. Енді театрға неше адам келе жатыр деп ойлайсыңдар?
7. Екі әке мен екі бала таңғы астарын ішіп отыр. Оларға 4 жұмыртқа берілді. Бәрі бір бірден жұмыртқа жегенде 1 жұмыртқа қалып қойды. Сонда бұл қалай болғаны?
8. Камиланың қуыршақтары төрттен көп және жетіден аз. Сонда Камилада қанша қуыршақ бар деп ойлайсыңдар?
9. Гимнастикадан жарыс болғанда Маржан, Самал, Нұргүл және Карина мынандай нәтижелер көрсетті: 6 ұпай, 5 ұпай, 5 ұпай, 4 ұпай. Нұргүл Самалға қарағанда көп ұпай алды. Ал Маржан Карина қанша ұпай алса, сонша алды. Сонда Самал қанша ұпай алды?
10. Жәшікте ақша бар. Осы ақшаға екі бірдей орындық немесе кресло сатып алуға болады? Кресло қымбат па, орындық қымбат па?

№8 тапсырма
1. Жасыл лента қызыл лентадан 3 метрге ұзын. Жасыл лентадан 5 м, қызыл лентадан 2 м кесіп алды. Енді екі лентаның ұзындықтары қандай болды?
2. Екі қорапшаның әрқайсысында 10 жұмыртқадан салынған. Бір қорапшадан екіншісіне 4 жұмыртқаны ауыстырғанда әр қорапшада неше жұмыртқа болады?
3. Стақанға, кесеге және құмыраға кофе, шырын және шай құйылды. Стақанда кофе емес. Кеседе шырын емес, шай емес. Құмырада шай емес. Қай ыдыста не бар екенін тап.
4. Екі бірдей пакетке қарағанда вазада 20 конфетке көп. Вазада 30 конфет бар. Ал бір пакетте қанша конфет бар болуы мүмкін?
5. Мына сандар қандай тәртіппен орналасқан:
1 5 9 13 17 17 13 9 5 1
6. Айғаным қанша ағаш суарса, Аслан да сонша алма ағашын суарды. Аслан тағы бір алмұрт ағашын суарған кезде екеуі бірге 9 ағашты суарған болып шықты. Демек, Аслан неше ағаш суарды екен?
7. Екі вазада бірдей конфеттер тұр. Бірінші вазадан 5 конфетті алып, екінші вазаға 5 конфет салғанда екі вазаны қосқанда 20 конфет болды. Әуелде екі вазада қанша конфеттен болған?
8. Үш баланың әрқайсысы жәшіктегі абрикостардан 4 - ден алғанда жәшікте 1 абрикос қалады. Жәшікте қанша абрикос болған?
9. Жанболат Нұрболаттан үлкен, ал Нұрболат Бекболаттан үлкен. Үйдегі ең кішісі кім?
10. Айгүлдің жасы екі жыл бұрын 5 - те болған. Қазір ол неше жаста? Ал 7 жылдан кейін неше жаста болады?

№9 тапсырма
1. Қорапта 5 ақ доп, 3 қара доп жатыр. Қорапқа қарамай ішінде бір қара доп болу үшін неше допты алып шығуға болады?
2. Ойынға үш футбол командасы қатысады. Әрбір команда қалған екі командалармен бір - бір ойыннан өткізеді. Сонда барлығы неше ойын өтуі тиіс?
3. Аулада тауықтар мен иттер жүр. Бала олардың аяқтарын санағанда 10 аяқ болды. Аулада неше тауық пен неше ит жүр. (екі нұсқа болуы мүмкін)
4. Орманнан 9 бөрене әкелу керек. Машинаға 4 - тен артық бөрене сыймайды. Барлық бөренені әкелу үшін орманға неше рет бару қажет?
5. Үстелде 4 алма тұр. Бір алманы екіге бөлсе, үстелде неше алма бар деп саналады?
6. Нейля 28 - ді азайтудың орнына 28 - ді қосты. Қосқанда шыққан сан мен азайтқанда шығатын санның айырмасы қандай?
7. Әйгерім 2 ондық түймелер сатып алды. 3 жұп түймелерді ол көйлекке тікті. Неше түйме қалды деп ойлайсың?
8. Пакет қалтадағы қызамыққа қарағанда себеттегі қызамықтың 8 - і артық. Пакет қалтадағы қызамық пен себеттегі қызамықтың саны бірдей болуы үшін нешеуін ауыстыру қажет?
9. Мотоциклші 90 км жолды жүріп өтіп және жолдың қалған жартысын жүрген соң баратын жеріне жеткен. Мотоциклші барлығы неше км жолды жүріп өткен?
10. Лаура, Ғалия, Назгүл үшеуі әр түрлі үйде тұрады. №1 үй – биік, тастан салынған, №2 үй – биік, ағаштан салынған, №3 үй – биік емес тас үй. Ғалия мен Назгүл биік үйлерде тұрады, ал Назгүл мен Лаура тас үйде тұрады. Енді кім қайда тұратынын тап.

№10 тапсырма
1. Ақ мысық сары мысықтан ақырын мияулайды, бірақ ала мысықтан қаттырақ мияулайды. Кім бәрінен қатты мияулайды?
2. Қоймада 5 цистерна тұр. Олардың әрқайсысында 6 тоннадан бензин бар. Екі цистернаның бензинін беріп жібергенде неше цистерна қалуы мүмкін?
3. Назымның 4 қарындашы бар, ал Оспанда осынша қарындаш және тағы да сонша және тағы да соншаның жартысындай қарындаш бар. Оспанда қанша қарындаш бар екенін тап.
4. Әлішер 2 балық ұстап алғанда Мирас 1 балық ұстайды. Екеуі қосылып 12 балық ауласа, Әлішер неше балық, Мирас неше балық ұстаған?
5. Екі балада 10 алмұрт бар. Олардың біреуі бір алмұрт жеді, ал екіншісі 3 алмұрт жеді. Сонда олардың қолдарында сандары бірдей алмұрттар қалды. Әуелде екеуінде қаншадан болған?
6. Жазылу әріптерінің саны санның таңбасына сәйкес келетін бір сан жаз.
7. Ұстаханада бір айдың ішінде 40 машина жөнделіп шықты. Олар автомобильдер мен екі аяқты мотоциклдер. Жөндеуден шыққан барлық дөңгелектер саны 100. Мотоциклдер нешеу, автомобильдер нешеу?
8. Таяқшаның ұзындығы 4 см, ал қарындаштың ұзындығы 20см. Қарындашпен 6 рет өлшеген үстелді таяқшамен неше рет өлшеу керек?
9. Мына сандар қандай тәртіппен жазылған:
12 1 22 21 11 2 45 4 55 54 44 5
10. Арғын, Бақтияр, Ғасыр – үшеуі келе жатыр. Оларды бойларымен тұрғыз. Бақтияр ең ұзыны емес, бірақ ол Арғыннан ұзын. Ал Арғын Ғасырдан ұзын емес.

№11 тапсырма
1. Салтанат, Ләззат, Арайлым, Диана - төртеуі 2 ақпанда, 10 қазанда, 2 маусымда, 28 ақпанда туған. Ләззат пен Арайлым бір айда туған. Ал Салтанат пен Ләззат бір күнде, бірақ әр айда туған. Енді кім қашан туғанын тап.
2. Мәди бағдаршамды біраз уақыт бақылады. Сонда бағдаршамның қызыл шамы 6 рет жанды. Демек, осы уақытта сары шам неше рет жанады?
3. Әкесі 36 жаста, ал ұлы 6 жаста. Ұлы туғанда әкесі неше жаста болған?
4. Қоймадағы жәшіктердің кейбіреуінде 16 кг - дық шегелер, кейбіреуінде 17 кг - дық, ал қалғанында 40 кг - дық шегелер салынған. Жәшіктерді ашпай 130 кг шегені қалай беруге болады?
5. Көйлекке қарағанда жейде тігуге аз ғана мата кетеді, ал халат тігуге көйлекке қарағанда көбірек мата кетеді. Қайсысын тіккенде көп мата кетеді?
6. Бір бөлке нан мен бір қорап конфетті өлшегенге қарағанда бір бөлке нан мен бір қорап қантты өлшеу ауыр болды. Кант ауыр ма, конфет ауыр ма?
7. Саматтан Сенің сыныбыңда неше қыз бар? деп сұрады. Ол қыздардың санын ең кішкентай екі таңбалы санға азайтса, шыққан нәтиже - 9 болса, оған тағы да сондай санды қосса сыныптағы қыздардың саны шығады деп жауап берді. Сыныпта неше қыз бар деп ойлайсыңдар?
8. Әжесі мен немересінің жастарын қосқанда 65 жыл. Немересіне неше ай болса, әжесіне сонша жас болады. Әжесі нешеге толды, немересі нешеге толды?
9. Таяқшаның екі шеті бар. Бір шетін кескенде таяқшаның шеті нешеу болды?
10. Бесінші қабаттан түсіп келе жатып Алина 100 баспалдақ санады. Егер ол екінші этаждан түсіп келе жатса ше, неше баспалдақ санауы мүмкін?

№12 тапсырма
1. Әбуева Гүлнар үйіне өзінің дос қызын шақырып, үйінің есігін қалай табуды үйретті. Дәлізде үш бірдей есік бар. Кенжалиндердің үйі, Ағысхандардың үйі, Әбуевтердің үйі. Гүлнардың есігі сол жақтағы емес, Ағысхандардың сол жағында да емес. Әбуева Гүлнардың үйі қай есік болуы мүмкін?
2. Геологтарға 4 иыққапқа 8 тастарды бірдей етіп екіге бөлу керек. Тастар бірдей емес, әр түрлі: 1кг, 2кг, 3 кг, 4кг, 5кг, 6кг, 7кг, 8кг тастар. Қалай бірдей бөлуге болады?
3. Сөмкеде алма, алмұрт, өріктер жатыр. Олардың бәрін санағанда 10 дана. Өріктің алмадан 7 - і артық болса, сөмкеде неше алма, неше өрік, неше алмұрт бар болады?
4. 8 қапты бір қатарға қойды. Бірінші қаптың салмағы 88 кг, қалған қаптардың салмағы 8 кг - ға кем. Барлық қаптардың салмағы қанша?
5. Егер менің алмама 3 алма қосып, 5 балаға бөліп берсе, әр бала 2 алмадан алады. Сонда менің қолымда неше алма болып еді?
6. Тереңдігі 7 метр сутоғанның түбінде 1 метр ғана су бар. Әлі қанша су керек екенін тап.
7. Көптен күткен мамыр айы да келді. Алдымен қос алма ағашы гүлдеді, сосын үш өрік ағашы гүлдеді. Барлық гүлдеген ағаштар саны қанша?
8. Жануардың екі оң аяғы, екі сол аяғы, екі алдыңғы, екі артқы аяқтары бар. Жануарда неше аяқ бар?
9. Мәди құмнан 3 илеу жасады, ал Ақерке 4 илеу жасады. Неше илеу пайда болды?
10. 4 минуттың ішінде бөренені кесті. Әр метрге 1 минут кетсе, бөрененің ұзындығы қанша метр болған?

№13 тапсырма
1. Мотоциклші 4 сағат жүрген. Бірінші сағатта ол 20 километр жол жүрді. Ал келесі әр сағатқа 10 километр артығымен жүрсе, мотоциклші барлығы неше километр жол жүрді?
2. Егер менің ақшама 160 теңгені қосса, менің ақшам ағамның ақшасымен бірдей болады. Ал ағам екеуміздің ақшамызды қосқанда 900 теңгені құрайды.
3. Жермай құйылған үш бірдей пиала 17 кг тартты. Пиалалар жермайсыз 2 кг тартады. Пиалалардағы жермайлардың барлық салмағын тап.
4. Бірінші бөшкеде 18 шелек су, ал екіншісінде 12 шелек су бар. Екеуіндегі судың мөлшері бірдей болуы үшін біріншісінен екіншісіне қанша литр су қую керек?
5. Бір ыдыста салмағы бірдей 5 алма мен 3 алмұрт бар. Екінші ыдыста 4 алма мен 4 алмұрт бар. Екі ыдыстың салмақтары бірдей. Бір алма жеңіл ме, әлде бір алмұрт жеңіл ме?
6. Бір ұл бала мен оның екі әпкесі 10 өрік алды. Әпкелері үш - үштен өрік алды, ал бала қалғанын алды. Сонда қалғаны қанша болып еді?
7. Әйнекшіде 10 әйнек болған. Ол үш терезенің әрқайсысына екі - екіден әйнек салды. Басқа терезеге 3 әйнек салды. Енді әйнекшіде неше әйнек қалды деп ойлайсыңдар?
8. Арманға түскі тамаққа күнделікті 50 теңге беріліп отырды. Ал ол 30 теңгеден ғана жұмсады. Сонда 6 күнде Арман неше теңгені үнемдеген?
9. 17 жаңғақты екі ыдысқа бөліп салғанда бірінші ыдыста екінші ыдыстан 5 жаңғақ артық болу үшін қалай екіге бөлуге болады?
10. 2 себетке себет қанша болса, сонша қауын сыяды. Ал 8 қауынға қанша себет керек?

№14 тапсырма
1. Ағайынды екі балада 15 қарындаш болған. Олардың біреуі 3 қарындашын досына бергенде екі балада да бірдей қарындаштар қалды. Әуелде ағайындылардың әрқайсысында қанша қарындаштан болған?
2. Әкесі мен баласы 4 күнде 200 доллар ақша тапты. Әкесі күніне 30 доллар тапса, ұлы күніне қанша доллардан тапқан?
3. Оқушы 10 теңгеге бір қалам мен әрқайсысы 3 теңгеден тұратын бірнеше қарындаш сатып алды. Ол барлық алған заттарына 34 теңге төледі. Оқушы неше қарындаш сатып алды?
4. Қауынның салмағы 2 кг, бұл қарбыздың салмағына қарағанда 3 кг - ға жеңіл. Сонда 4 қарбыздың салмағы қанша болуы мүмкін?
5. Арман мен Дәурен ақшаларын қосып 8 теңге тұратын 2 батон нан алды. Егер Дәуренде 9 теңге болса, Арманда қанша ақша болды?
6. Көшенің екі жағында 100 ағаш өсіп тұр. Оң жақта 60 ағаш, ал сол жақта неше ағаш өсіп тұр? Оң жақтағы ағаштар сол жақтағы ағаштарға қарағанда қаншаға көп?
7. Серік 3 теңгеден 6 ашықхат сатып алды. Ол кассаға ақша төлегенде оған 2 теңге қайтарып берді. Саша кассаға неше теңгелік тиын берген?
8. Аллея бойына ағаштарды мынандай ретпен отырғызып жатыр: терек, қайың, тал. Оныншы ағаш болып қандай ағаш отырғызылады?
9. Қорапта 20 конфет. Онда 5 - тен кем конфет қалуы үшін нешеуін алу керек?
10. Айдында Маратқа қарағанда 4 конфеті кем. Анасы Айдынға тағы 5 конфет берді. Кімнің конфеті көп? Қаншаға көбейді?

№15 тапсырма
1. Қазір таңғы сегіз жарым. Бұл неше сағат, неше минут деген сөз?
2. Екі санның қосындысы қосылғыштардың біреуіне тең. Екінші қосылғыш қандай сан?
3. Бақтан алғашында 12 кг алмұрт әкелінді, екінші рет одан 4 кг кем әкелінген. Барлық әкелінген алмұрттарды әр пакет қалтаға 2 кг - нан салғанда неше пакет қалта қажет болды?
4. Екі сөреде барлығы 17 кг кітап бар еді. Бір сөреден 4 кітапты, ал екінші сөреден біреуін алғанда екі сөреде де бірдей кітаптар қалды. Әуелде әр сөреде қанша кітаптан болған?
5. Вазада 3 алма мен 7 мандарин жатты. Кешкі тамақта барлық алма және сонша мандарин желінді. Демек, қанша мандарин қалуы керек?
6. Дәптер қаламнан 20 теңгеге арзан. Қалам фломастерден 30 теңгеге арзан. Егер фломастер 54 теңге тұрса, дәптер мен қалам қанша тұрады?
7. Мысықтың 6 мысықайлары бар. Олардың жартысынан көбі шикіл сары, қалғандарының түсі ақ. Сонда шикіл сары мысықайлар нешеу, ақ мысықайлар нешеу?
8. Айдос 10 есепті шығарды. Соның ішінде 3 есеп қате болды. Ал неше есеп дұрыс болды?
9. 5 кеудеше мен 8 белдемшеден бірнеше костюм құрастыру керек болды. 1 кеудеше ешбір белдемшеге өлшемі келмеді. Сонда неше костюм шықты?
10. Егер Саянның жасын 3 есе үлкейтсе, сосын 16 - ға азайтса, оның жасы 17 - де болады. Демек, Саян қазір нешеде?

№16 тапсырма
1. Сағат 2 минутқа алда, қазір ол таңғы сағат 1000 - ды көрсетіп тұр. Шын мәнінде сағат неше?
2. Әлияның 8 ойыншығы бар. Олардың ішінде алтауы қуыршақтар, қалғандары қояндар мен қонжықтар. Әлияда неше қоян мен неше қонжық бар екенін тап.
3. Екі санның айырмасы азайғышқа тең. Ал азайтқыш нешеге тең?
4. Себеттегі алмалардың 20 - сын алып, қайтадан 5 алма салсақ, себеттегі алмалар саны қалай өзгереді?
5. Үлкен адамның бойы 1680 милиметр бола ма? Жауабын тап.
6. Мараттың айтуынша оның жасы 10 - нан көп емес, және 10 - нан аз емес. Мараттың жасы нешеде?
7. Саябақта 5 ана балаларымен қыдырып жүр. Олардың үшеуінде бір - бір баладан, ал қалғандарында екі - екіден бала бар. Саябақтағы балалардың саны қанша?
8. Егер Дастан бір шоколад сатып алса, оның қалтасында 1 теңге қалады. Ал, екі шоколад алуға оның 3 теңгесі жетпейді. Сонда шоколад қанша тұрады?
9. Автобуста 28 жолаушы келе жатыр. Әр аялдамада 4 адам шығып, 6 адам кірсе, үш аялдамадан соң автобуста неше адам болады?
10. Қасқыр, түлкі және аю үш үйде тұрыпты. Біріншісі – үлкен терезесі бар ақ үйде тұрады, екіншісі – үлкен терезесі бар сұр үйде тұрады, ал үшіншісі – кішкентай терезесі бар сұр үйде тұрады. Қасқыр мен түлкі үлкен терезесі бар үйде тұрады, ал қасқыр мен аю сұр үйде тұрады. Кім қандай үйде тұратынын тап.


Скачать


zharar.kz