Сабақтың тақырыбы: Алтын Орда
Сабақтың мақсаты:
1. Алтын Орданың құрылуы. Алтын Орда – Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы ірі мемлекеттердің бірі екендігін түсіндіру.
2. Оқушылардың өздігінен жұмыс істеуі арқылы олардың ой - өрісін дамытып, өзіне деген сенімін арттырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3. Отанын сүюге, тарихи ескерткіштерді қадірлеп, батылдыққа, ерлікке, ұлтжандылыққа шығармашылық арқылы баулимын.
Сабақтың түрі: Ізденіс сабағы.
Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, баяндау, сұрақ - жауап, ой толғау.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, география
Сабақтың көрнекілігі: Орта ғасырлардағы Қазақстанның саяси карта, Тірек - сызбалар, тақырыпқа сай суреттер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі:
Сыныптағы оқушыларды екі топқа бөлу.
11. Тарихқа саяхат ойыны арқылы өткен тақырыптарға шолу жасау
- Жылдар
- Терминдер
Үй тапсырмасында екі топқа деңгейлік сұрақтар негізінде тексеру.
1 - топ
1. Монғол империясының құрылуы туралы айтыңдар.
2. Темүжінді жақтайтын көшпелі шонжарлар құрылтайы туралы не білесіңдер?
3. Империяның қоғамдық құрылыс қандай?
4. Қай жылы моңғолдар жетісу жеріне енді?
11 - топ
1. Қазақстанды монғолдар қай кезде жаулап ала бастады?
2. Қандай қалалар қарсылық көрсетті?
3. Отырар опаты қашан боды?
4. Монғол мемлекеті қашан түмен әкімшілік билікке бөлінді?
Жоспары:
Алтын Орданың құрылуы.
Алтын Орданың күшеюі
Алтын Орданың әлсіреуі.
Алтын Орданың қоғамдық құрылысы.
Алтын Орда Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы ірі мемлекеттерінің бірі. Жошы ханның баласы Батый (Бату) ханның кезіңде Орда Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі ұлан - ғайыр жерді алып жатқан үлкен мемлекет болды. Орталығы алғашында Еділ бойындағы Сарай – Батуда болса, кейін Сарай – Береке көшірілген.
Батый хан – Алтын Орданың құрушы моңғол ханы. 1227 - 1255 жылдары Алтын Орданы билеген.
Мұсылман деректеріне сүйенетін болсақ, Батый хан әділ адам болғандығы айтылады. Ол мұсылман елдеріне әрқашан қамқор жасап, оларға мешіт салдырып, діни әдет - ғұрыптарды жүргізуге көмектесіп отырған. Сондықтан да ол мұсылмандардың ең жақын қамқоршысы деп есептелген. Ал орыс жылнамаларында Батый ханның Алтын Орданың экономикалық қуатын арттырып, қалалық өмірдің жандануына ерекше көңіл бөлгені айтылады.
Алтын Орданың мемлекеттік басқару жүйесі
Хан
Әскери билік
Мыңбасы, түменбасылары
Беклер бек
Басқақтар
Азаматтық билік
Уәзірлер
Мәліктер
Даруғалар
Ой талқы:
1. Алтын Орданың мемлекеттік басқару жүйесі қадай болды?
2. Алтын Орданың мемлекеті кімнің басқаруымен құрылған?
3. Қай ханның тұсында Ислам мемлекеттік дін болып жарияланады?
Жаңа сабақты бекіту:
1 - топ
1. Алтын Орданың құрылуы кезеңіне түсінік бер.
2. Алтын Орданың күшеюі және саяси экономикалық жағдайының ерекшеліктерін анықта.
3. Алтын Орданың әлсіреуін түсіндір.
Жылдар
1227 - 1255 жылдары Алтын Орданы билеген Батый хан
1236 - 1242 жылдары Батыйдың жасалған Батыс елдерін жаулап алу жорығының нәтижесінде, Алтын Орданың шекарасы батысқа қарай кеңейіп, күшейе түскен.
2 - топ
1. Қазақ даласынан Египет еліне құлдыққа сатылып, Мәмлүк мемлекетінің төртінші сұлтаны болған кім?
2. Батыйдың жорықтары туралы не білесіңдер?
Неге Алтын Орда деп аталады
XY ғасырдың ортасы Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Қырым, Астрахан хандықтары бөлініп кетеді.
1502 жылы соңғы билеушісі Шейх Ахмед өлгеннен кейін Алтын Орда мемлекеті ретіңде жойылды.
Сабақты қорытындылап, бағалау. Топ басшыларының бағалау парағын есепке ала отырып жүргізу.
Үйге тапсырма: 22 Алтын Орда