Қазаққа қарауыл ғой Абай тегі

Скачать

Абайға арнау
Намыс бар ма батырда қорғалмаған?
Абайдың еш өлеңі талғанбаған.
Қалмады – ау жер жүзінде ешбір пенде,
Абайдың абыройын аңғармаған.

Әйеліңдей әдебиетті құмартайық!
Су төгілер кетсе егер құман тайып.
Меңгерді деп мен бірінші мойындаймын,
Құдіретін қара өлеңнің Құнанбаев.

Ақын болып алсаң егер сөзді жолдай,
Абай тілі бес қару сайманындай.
Қарқындадық қырық бес қара сөзден,
Қалың жұртқа ұсынған сайманындай.

Жақындаған жырымен жұртқа мұндай,
Жалынды жыр салғасын жаққа Құдай.
Ақылы қара сөзде айтылатын,
Қараңғы қапастан құтқарардай.

Ақынсыз қалың қауым азбас па еді?
Қазаққа қарауыл ғой Абай тегі.
Ақындығын Абайдың аңғармаса,
Абай жолын Әуезов жазбас па еді?!

Сөзін оқып қарқындады күш күніне,
Абайменен қазақ елі күшті, міне.
Сиятындай үш поэма сыйлап кетті,
Бес күндік жалғанның үш күніне.
Гүл ашса әдебиетім сола алмайды,
Көңіліме қайғы - мұң тола алмайды.
Басқаның мың әйелі ұл туса да
Бәрібір Абайдай бола алмайды.

Мұқағали Мақатаев
Мұқағали ағам менің салмақты,
Барлық жырын жазып бізге арнапты.
Қырық бес жасында дүние салдың өмірде
Таңба басып сөзіңменен кейінге.

Жүрегіме сезім шіркін салармысың?
Қазақ үшін үлкен орын алармысың?!
Ұлылығың соншалық, мойындаймын
Хан Тәңірдей, сірә да болармысың?!

Өзім едім алысқа ой кездірген,
Өзім едім жаманнан бой бездірген.
Өзім едім өлеңіңді оқыған
Өзің едің махабатты сездірген.


Скачать


zharar.kz