Мақсаты: Сезіммен өлең өрген жыр парағы Мұқағали поэзиясына талдау жасау, ақын өлеңінің идеясын, мақсатын ұғындыру, поэманың тақырыбы мен идеясы композициясы туралы теориялық білім беру
Поэманың негізгі кейіпкері ана бейнесі арқылы көл еркесі аққуға жасалған қиянаттың қайғылы оқиғаға ұғындыру себебін таныту, қоршаған орта заңдылықтарына қарсы келмеу қажеттігін нақты дәлелдермен түсіндіруге жету;
Оқушылардың пікірталасын ұйымдастыру, өз ойын дұрыс тұжырымдап, дәлелмен жеткізе білуге, еркін сөйлеуіне дағдыландыру, талдаулар жасай білу, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту;
Оқушыларды ізгілікке, адамгершілікке, қоршаған ортаны қорғай білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер: 1. Оқушылар бірлесе ынтымақпен жұмыс атқарып, поэманың мазмұнын меңгереді,
біріге қорытынды жасайды.(барлығы)
2. Өзіне, айналасындағыларға сын көзбен қарауға үйренеді;
Адам бойындағы жағымды, жағымсыз
қасиеттер туралы өз пікірлері қалыптасады;
Табиғатты қорғауға және өз ойын еркін айтуды үйренеді;
3. Өзгелердің пікірін тыңдай отырып, шығармашылықпен жұмыстанады, тіл байлығын арттырады.
4. Поэмаға композициялық талдау жасайды.
5. Сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді.
Мұғалім әрекеті: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу,
тренинг арқылы 3 топқа бөлу
-- Аялайық бәріміз ----
(-- Ана, табиғат, аққу --)
2. Үй тапсырмасын тексеру:
Шерхан Мұртаза қай жылы дүниеге келді?
(1932 жылы 28 қыркүйекте қазіргі Жамбыл облысы Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылы)
Әкесінің есімі? Ол кісі қай жылы Сталиндік қуғын - сүргіннің құрбаны болып кетті? (1937жылы)
Шерхан Мұртаза кімнің повесть, романдарын орысшадан аударған? (Шыңғыс Айтматовтың Боранды бекет , Жан пида , Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет , Қош, Гүлсары )
Тұрар Рысқұловқа арналған қандай шығармасы бар? (5 кітаптық Қызыл жебе эпопеясы)
Шерхан Мұртаза кім? (Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі қоғам қайраткері)
Жазушы атамыз биыл неше жасқа шығып отыр? (83)
(смайлик арқылы)