Тақырыбы: Әліппе – білім бастауы.
Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау; өз өнерлерін ата — аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу
1 - басқарушы: Айсана. Так, так, так
Бәрің бері қара.
Бүгін бізде
Болмақ қандай шара?
2 - басқарушы: Айдос. Тағзым етем, тақсырым,
Айтайын мен жан сырын
Естідім ұзынқұлақтан
1 а сыныбынан.
1 - басқарушы: Айсана. Келеді бүгін ертекке,
Ән салып, би билемекке.
Қоштасқалы отыр екен
Сүйікті кітап Әліппемен.
Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біздің қуанышымызға шек жоқ. Бүгін сіздер 1 а сынып оқушыларының Әліппемен қоштасу ертеңгілігіне келіп отырсыздар.
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын хәлге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың,
Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік.
1 - оқушы: Ақбота. Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
2 - оқушы: Аманғали. Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Ән: Біз өмірдің гүліміз (қыздар)
Мұғалім: Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл - ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
- Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастаймын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе!
Мұғалім: - Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе, Әліппе:
Менің атым - Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Ағаң менен әпкең де.
Армысыздар жас достар!
Армысыңдар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер, балғындар!
Не үйреніп, не білдік
Кәне ортаға салайық.
Әліппе: - Осы сендер қандайсыңдар?
- Талабы биік таудаймыз.
- Мың бұралған бишіміз.
- Біз шеберміз.
- Ақылдымыз.
- Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.
- Көп оқимыз.
Барлығы: Біз - қазақ елінің болашағымыз.
Ән: Әліппе
Мұғалім: Олай болса, біздер әріптер әлеміне саяхатқа шығамыз.
3 - оқушы: Ақгүлім. Алфавитті жатадық
Онда жүйе, қалып бар,
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
4 - оқушы: Асылзат. Сан әріпті үйрендік,
Бүгін бізге сеніңдер.
Әріптер әлеміне,
Саяхаттап көріңдер.
Әріптердің атаманы қай әріп?
5 - оқушы: Асылзат. А дегенің Асия
Асия деген мен бала.
6 - оқушы: Аружан. А әрпінен есімім
Айтсам сөздің кесімін.
Аружан мен боламын,
Айдай өсіп толамын.
7 - оқушы: Есбол. Әбілмансұрды білесіз,
Көңілге мені түйесіз.
Ә әрпі де атымда
Оқып – біліп жүресіз.
8 - оқушы: Рысбек. Дөңгелене доп келеді,
Оны теуіп Даниал келеді.
Мәз боламын шаттана
Ойым мүлде басқада.
9 - оқушы: Айсана. Ж дегенің Жанбота
Жанбота деген мен бала.
Жақсы оқысам сабақты
Одан артық жоқ шара.
10 - оқушы: Райымбек. Азат деген есімді,
Білдіңіздер кесімді.
З әрпі бар ішінде,
Тыңдасаңыз шешімді.
11 - оқушы: Ақжол. Н әрпі Надиямын мен деген,
Білім іздеп, оқу оқып терлеген.
12 - оқушы: Назерке. Сая деген мен едім,
Алсам білім тереңін,
С әрпінен есімім,
Аламын оқу білімін.
13 - оқушы: Нұрдәулет. Т дегенің Төлегенұлы Төлеби
Әріптерден қаламын ба мен,
Достарыма тілейтінім алдымен
Денсаулық пен зор байлық.
14 - оқушы: Диас. Х дегеніңіз Алихан,
Х-ны білу керек бұл.
Х деген де тамаша,
Хат, хабарлар - деректер.
15 - оқушы: Дамир. Енді біз жаза аламыз,
Әріпті қосып әріпке,
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе.
Мұғалім: - Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?
Қыздар: Балаларға ақ тілек,
Ұлдар: Болашаққа бақ тілеп.
Хормен: Біздерге білім үйреткен,
Әліппе, саған рахмет.
Ән Балдырғандар
Әліппе: - Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?
Оқушылар: Математика, дүниетану, ән сабағы, бейнелеу өнері, еңбекке баулу.
Әліппе: Ретімен тізбелі
Әрбір санды даралап,
Қайсың барсың бізге енді
Айтып берер санамақ?
16 - оқушы: Бейбарыс. 1 дегенім - бесік,
Шықтың содан өсіп.
17 - оқушы: Мұрагер. 2 дегенім – елім,
Далам, тауым, көгім.
18 - оқушы: Асылзат. 3 дегенім – үміт,
Үміт артар жігіт.
19 - оқушы: Альбина. 4 дегенім – төзім,
Төзе білем өзім.
20 - оқушы: Айдос. 5 дегенім – бақыт,
Бағалайтын бақыт.
21 - оқушы: Аружан. 6 дегенім – ақыл,
Тыңдағаның мақұл.
22 - оқушы: Айсана. 7 дегенім – жалау,
Жүректегі алау.
23 - оқушы: Данагүл. 8 дегенім – сөзің,
Серт беретін кезің.
24 - оқушы: Жанарыс. 9 дегенім – тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.
25 - оқушы: Аманғали. 10 дегенім – Отан,
Қорға соңы, ботам.
Әліппенің тапсырмалары.
Мұғалім: Жиналған қауым таң қалсын
Ән бимен шашу шашылсың
Мың бұралған бишелер
Бименен кешті жалғасын.
Қыздардың орындауында Балапандар биі.
Математика сабағында үйренген сергіту сәтін айтып көрсету.
1 - басқарушы: Айсана. Әліппені бітірдім,
Жаза аламын атымды.
Әліппені бітіріп,
Бала болдым ақылды.
2 - басқарушы: Айдос. Қош бол, құтты Әліппем,
Қош бол, құтты Әліппем!
26 - оқушы: Асылай. Қош бол, құтты Әліппем!
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырдың әріппен,
27 - оқушы: Ақгүлім. Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреткен!
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеткен.
1 - басқарушы: Айсана. Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата – ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз
Әліппе: Балалар, рахмет сендерге.
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата – ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Әліппе: Балалар, рахмет сендерге.
Ән Ертегілер орындайтын Ақбота.
2 - басқарушы: Айдос. Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Шаншылмасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.
28 - оқушы: Назерке. Ақыл құйған санама,
Күннен де артық расында.
Күн - алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда.
Мұғалім: - Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген аналар мен әкелеріміз, аталар мен әжелерімізге мың алғыс айтамыз. Ендігі ән сіздерге арналады.
Ән Ана
Көрініс Түлкі мен кірпі
Түлкі: Ақбота, кірпі: Нұрдәулет, күзетші: Аманғали.
Әліппе: Енді мен сендермен қоштасайын.
Кір шалмасын беттерін,
Таза болсын оқулық пен дәптерің.
Оқығандарын есте болсың,
Күнделіктерің 5-ке толсын!
Қыздар: Бәрімізді сүйіп өткен,
Ұлдар: Балаларға үйреткен.
Хормен. Әліппе мен ұстазға
Бас иеміз құрметпен.
Ән Қош бол құтты әліппе!
Мектеп басшысы Ғимади ағайдың құттықтау хаты тапсырылады.
Мұғалім: Жүрекке жылы сөзбен тілек айтар
Сөз берейік әкелер мен аналарға.
Мұғалім: Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар,
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен шашу шашпақ аналар.
- Уақыттарыңызды бөліп қуанышымызға ортақтасып келгендеріңізге көп рақмет!
- Қош сау болыңдар.