Геометриялық пішіндерді ажырата отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту

Скачать

Балдырған балалар бөбек бақшасының
ІІ-ші санатты тәрбиешісі Жуманова Гүлжан Сагимбайқызы

Ортаңғы топта өткізілген ҚМТҚ-дан ашық сабақ
Ұйымдастырылған оқу – іс әрекетінің технологиялық картасы

Ортаңғы №1 тобы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: ҚМТҚ
Тақырыбы: Cандарды қайталау.
Мақсаты: 1 - ден 5 - ке дейін сандарды қайталау. Геометриялық пішіндерді ажырата отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Есте сақтау, қабылдау, ойлау қабілетін дамыту. Сөздік қорларын молайту.
Әдіc – тәсілдері: Сұрақ - жауап, Мақта қыз бен мысық ертегісінің желісі бойынша, ойындар арқылы, үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Көрнекілігі: Мақта қыз бен мысық ертегісі кейіпкерлерінің суреттері, сандар, пішіндер, суреттер.

Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбер:
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып.
Құтты қонақ келіпті,
Төріме міне еніпті.
- Үлкенге де “Сіз”,
- Кішіге де “Сіз”,
- Баршаңызды құрметтеп,
- Бас иеміз “ Біз”!
- Сәлеметсіз бе?
- Мен сендерге бүгінгі күндерін сәтті болсын деймін.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілінде неше ай бар?
- Қандай айлар?
- Бір аптада неше күн бар?

Ұйымдастырушылық - ізденіс
Балалар бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдар туралы ашық оқу іс - әрекеті, тақырыбымыз Сандарды қайталау .
Тосын сый:
Есік қағылады. Мақтақыз бен мысық кіреді. Екеуі ренжісіп қалған, Мақтақыздың қолында мысықтың құйрығы, Мақтақыз бен мысық балалармен амандасады.
- Сендерге не болған, неге ренжісіп жүрсіңдер?

- Балалар мысық менің айтқан тапсырмамды орындау керек, әйтпесе мен оның құйрығын бермеймін.

- Балалар мысыққа көмектесеміз бе, Мақтақыздың тапсырмасын орындаймыз ба?

- Ал, енді балалар, мысықтың тапсырмасын орындау үшін ертегіні есімізге түсірейік. Мен сендерге жұмбақ айтайын соны шешсеңдер, мысық кімге баратыны табылады.
Екі найзасы бар,
Екі айнасы бар.
Төрт жылтырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар.
- Ал, енді сиырдың тапсырмасын тыңдайық.
1 - ден 5 - ке дейін сандарды тура және кері санау.


Скачать


zharar.kz