Тапқыр достар.(Сыныптан тыс жұмыс)
Мақсаты: Жан - жақты ақпараттануға, алған білімдерін өмірде қолдана білу шеберліктерін арттыруға үйрену.
- оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, айналасындағы ортамен қарым - қатынас жасауға, адамгершілікке, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
- Тапқырлық, шапшаңдық, дарындылық, есте сақтау қабілеттерін шыңдау, сөздік қорын молайту.
- Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің сайысымызға қош келдіңіздер! Сіздерді сайыстың жоспарымен таныстырып кетейін.
Жоспары: 1. Таныстыру
2. Сөз тапқанға қолқа жоқ.
3. Ойлан тап.
4. Сен білесің бе?
5. Кім көп біледі?
6. Кім тапқыр?
7. Жеңген топ жеңілген топқа қолқа салады.
- Достық - әдеп, сыйласым,
Дос өмірлік қимасың.
Дос - арыңдай қымбатты,
Достық сезім тым тәтті.
Достық - йгі жақсылық,
Достық ниет жақсы үміт.
Достық жасап адамға
Достаса біл әмәнда – деп бүгінгі Тапқыр достар атты сайысымызды бастаймыз.
I - тур. Таныстыру.
II - тур. Сөз тапқанға қолқа жоқ.
- Қиыннан қиыстырып,
Әріптен сөздер құраймыз.
Қай топ епті екенін
Бұл бөлімде сынаймыз!
1 - топқа
1. Заттар нелерден құралады?
2. Қандай физикалық денені білесің?
3. Мыс сымы электр тогын өткізе ме?
4. Ай бетіне бірінші барған кім?
5. Қандай физикалық құбылысты білесің?
6. Жылуды жақсы өткізетін не?
7. Қыста киіз үй жылы бола ма?
8. Болашақта кім болғың келеді?
9. Бізді қоршаған орта.
10. Достарың кім?
2 - топқа
1. Күн жүйесінде неше планета бар?
2. Қандай физикалық шамаларды білесің?
3. Қандай физиктерді білесің?
4. Қандай физикалық құралдар бар?
5. Жылу өткізбейтін заттарды айт.
6. Қандай қар тез ериді, таза ма, кір ме?
7. Қыста ағаш өсе ме?
8. Жарық көздерін ата.
9. Достарың кім?
10. Кітап оқисың ба?
III - тур. Ойлан, тап!
Екі топқа бір сөз беріледі. Осы сөзден мағыналы сөздер құрау керек. ( өткізгіштер сөзі).
IV - тур. Сен білесің бе?
- Сайыста білімді меңгертеді.
Сұрақтарды білгендер тез шешеді.
Тез ойлауда тамаша қасиет қой.
Ұшқыр ойың осыдан білінеді.
Бұл турда әр топқа 4 жұмбақтан беріледі. Жауабын 3 тілде айту керек.
1 - топқа.
1. Мұз жарғыш жүзіп келеді
Бауыры қызып келеді.
Абайла ойып түсер,
Ондайлар бұзық келеді.
(үтік, утюк, Bugeluisen).
2. Бойы екі қарыс, сиып тұр 25 арыс.
(Сызғыш, ленейка, Lineal).
3. Күміс қанат сұңқары,
Көкке еркін сүңгейді.
Бұлттан да тым әрі,
Кеткен жанды кім дейді?
(ұшқыш, летчик, Lieer).
4. Кең әлемді кернейді,
Бірақ көзің көрмейді.
(ауа, воздух, Luft)
2 - топқа.
1. Орақ болып туады.
Табақ болып тұрады.
(ай, луна, Моnd)
2. Тілі бетінде,
Сөзі шетінде.
(сағат, часы, Uhr)
3. Көліктің қаншасын жанынан өтізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген.
(жол, дорога, weg)
4. Екеуі қатар тұрса да,
Бірін - бірі көрмейді.
(көз, глаза, аиge)
V - тур. Кім көп біледі?
1 минут ішінде қойған сұрақтарға неғұрлым көп дұрыс жауап беру керек.
1 - топқа.
1. Диффузия дегеніміз не?
2. Термометр қандай құрал?
3. Судың қайнау температурасы.
4. Булану қандай құбылыс?
5. Жылу берілу түрлерін ата.
6. Өткізгіштерге мысал келтір.
7. Жылу мөлшерін есептеуге арналған формула.
8. Температураны қандай әріппен белгілейді?
2 - топқа
1. Заттың агрегаттық күйлерін ата.
2. Жылулық қозғалыс дегеніміз не?
3. Конвекция дегеніміз не?
4. Кебу қандай құбылыс?
5. Термодинамиканың бірінші заңы.
6. Диэлектриктерге мысал келтір.
7. Мұздың еру температурасы.
8. Меншікті жылу сыйымдылықты қандай әріппен белгілейді.
VI - тур. Кім тапқыр?
Бұл турда интербелсенді тақтада 8 ұяшықтың астында сурет жасырылған, әр ұяшықта сұрақтар жазылған сол сұрақтарға жауап беру арқылы ұяшықтың астындағы суреттің атын табу керек. 1 ұяшықты ашу арқылы тапса, онда ұпай түгел беріледі. Егер 2 ұяшықты ашу арқылы тапса, ұпайдың жартысы 3 ұяшықты ашса, 1 3 ұпай беріледі.
VII - тур. Жеңген топ, жеңілген топқа қолқа салады