Сабақтың тақырыбы: Дүниеде не өлмейді?
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды өз ойларын жеткізіп, пікір айта білуге қалыптастыру.
2. Түрлі әдістерді пайдалана отырып, өзіндік қорытынды жасауға, ауызекі тілде сөйлеуге тәрбиелеу.
3. Оқушыларды шешендік сөз өнерінің құдіретін сезінуге баулу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Түрі: аралас
Әдісі: ой толғау, ізденіс, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: техникалық құрал
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау
Жаңа сабақ
І. Дүниеде не өлмейді? шығармасы бойынша ХІҮ ғасырға саяхат жасау.
Халық ауыз әдебиеті, дана адамдар, мұралар, өмір деген сөзді есіткенде көз алдарына кімдерді, нелерді елестететінін айту.
1. Өмір дегенде - су, жер, ауа, ана, ағаш т. б
2. Халық ауыз әдебиеті - мақал - мәтелдер, өлеңдер, жұмбақтар, ертегілер т. б
3. Дана адамдар - Ш. Уәлиханов, Жәнібек хан, А. Құнанбайұлы,...
4. Мұра - тіл, әдебиет, дәстүр, халық аспаптар...
ІІ. Экранда берілген суреттердің ішінен ұлы адамдардың қайсысы хан болғанын табу.
ІІІ. Данагөй шешеннің сөзі. (Көрініс)
ХІҮ ғасырда атақты Жәнібек хан өмір сүріпті. Жәнібек ханның алпыс биі болыпты. Алпыс бидің ішіндегі ең ақылды, кемеңгері, данышпаны Жиренше шешен екен. Жәнібек хан билерін шақырып алып: Дүниеде не өлмейді? - деп сұрайды екен. Сонда билер:
Ағын су өлмейді.
Асқар тау өлмейді.
Аспандағы ай мен күн өлмейді
Қара жер өлмейді.
Сонда Жиренше шешен тұрып:
Ағын судың өлгені,
Алты ай қыста қатқаны
Асқар таудың өлгені,
Қара бұлттың басқаны.
Ай мен күннің өлгені,
Кешке қарай батқаны.
Қара жердің өлгені,
Алты ай қардың басқаны.
Бұл дүниеде өлмейтін зат жоқ екен, бірақ екі зат мәңгілік.
Ұлының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді.
ІҮ. Сұрақ - жауап.
1. Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің қай саласына жатады?
2. Нақыл сөздер, мақал - мәтелдер, бата - тілектерді қандай сөздер дейді?
3. Шешендік сөздердің ерекшеліктері қандай?
4. Шешендік сөздер бізге не болып жетті?
5. Шешенді тап
6. Дүниеде не өлмейді?
Халық ауыз әдебиетінің Дүниеде не өлмейді? шығармасының негізгі идеясы қандай? Неге бұл шығарма Шешендік өнерге жатады деп ойлайсыңдар? (Ой толғау)
Ү. Сабақты бекіту.
Кестені толтыру
1. Маған таныс
2. Не білдім?
3. Не білгім келеді.
ҮІ Бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма беру. Деңгей бойынша
І деңгей. Сұрақтарға жауап беру.
ІІ деңгей. Дүниеде не өлмейді? Мазмұндау
ІІІ деңгей. Шешендік өнер шығарма жазу