Кітап жомарт

Скачать

Алғашқы мұғалім

Мені оқуға шақырған,
Қолға қалам ұстатқан.
Кітапты да оқытқан,
Бәрін, бәрін үйреткен
Ең алғашқы мұғалім
Сақталады жүректен.

Көктем келді

Көктем келді, қыс кетті
Жер көгеріп, шөп шықты.
Балалар қуанып ойнапты
Талдар бүршік жарыпты.

Кім жомарт? Не жомарт?

Кім жомарт?
Ана жомарт!
Бізді әлдилеп өсірген.
Кім жомарт?
Дәрігер жомарт!
Ауруға ем берген.
Кім жомарт?
Биші жомарт!
Өз өнерін көрсеткен!
Не жомарт?
Кітап жомарт!
Бар білімді таратқан.


Скачать


zharar.kz