Қан қысымы өте төмен

Скачать

31. Жүректің құрылысы. Жүрекшелер мен қарыншалардың рөлі.
32. Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері. Лимфоайналымы.
33. Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелері. Өкпенің құрылысы және қызметі. Өкпедегі және ұлпалардағы газ алмасу.
34. Тыныс алу қозғалыстары, олардың реттелуі. Тыныс алу орталығы.
35. Тыныс алу мүшелерінің аурулары.

Биология 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: §35. Жүректің құрылысы. Жүрекшелер мен қарыншалардың рөлі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушыларға жүрек және оның құрылысын, қызметін таныстыру, түсіндіру.
Дамытушылық. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Ұқыптылыққа, тазалыққа баули отырып, дүниетанымдық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақты өткізу әдісі: түсіндірмелі көрнекілік, сұрақ, жауап
Сабақтың көрнекілігі: жүрек құрылысы.

Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу;
ә) оқушыларды түгелдеу;
б) сынып тазалығына көңіл бөлу.

II. Үй тапсырмасы тексеру кезеңі:
Қантамырлардың ерекшеліктері кесте тексеру.
Артериялар
1. Қанды жүректен алып шығып, мүшелерге таратады.
2. Қабырғасындағы бұлшықет талшықтары калың әрі серпінді
3. Қан қысымы жоғары
4. Көпшілігі тереңде бұлшықеттердің арасында жатады.
5. Ең ірі артерия тамырлары - қолқа және өкпе артериясы.
Веналар
1. Қанды мүшелерден жүрекке тасымалдайды.
2. Қабырғасындагы бұлшықет талшықтары жұқа әрі нашар дамыған
3. Қан қысымы өте төмен.
4. Теріге жақын да, тереңде де жатады.
5. Ішіндегі қақпақшалар канды кері бағытка өткізбейді. Ең ірі вена тамырлары - төменгі, жоғары куысты веналар және 4 өкпе веналары.
Қылтамырлар
1. Артериялар мен веналарды бір - бірімен байланыстырады
2. Микроскопиялық өте ұсак, кабырғасы бір қабатты.
3. Қан қысымы шамалы.
4. Дененің барлық мүшелеріне таралады.
5. Қылтамырлар арқылы газ және заттар алмасады, қан баяу ағады, ұсақ артериялар мен ұсақ веналарды байланыстырады.

ІІІ Жаңа сабақ
Жүрек — іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250 - 300 грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер тканінен түзілген жүрек қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады. Жүрек бұлшықеті (гр. myocardiummys — бұлшықет, kardia — жүрек) - жүректің жүрекшелері мен қарыншаларының бұлшықет қабығы (миокард). Жүрекшенің бұлшықет қабығы беткей және терең ет қабаттарынан тұрады. Беткей ет қабатының кардиомиоциттері көлденеңінен орналасады. Ол оң және сол жүрекшелерді сыртынан қаптап, оларға ортақ қабат болып келеді. Терең ет қабаты әрбір жүрекшеде жекелей орналасады. Бұл қабаттың кардиомиоциттері ұзынынан орналасады. Жүрек қарыншаларының бұлшықет қабығында айқын байқалатын бес ет қабаты болады. Олардың сыртқы беткей және ішкі бұлшықет қабаттарын қиғаш жатқан кардиомиоциттер, ал ортаңғы үш ет қабаттарын сегіздік тәрізді иіле орналасқан жүрек ет жасушалары түзеді.



Скачать


zharar.kz