Ж.Жабаевтың Алатау өлеңі
Мақсаты:
Білімділік: Жамбыл өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша түсінік беру, Алатау өлеңінің мазмұны мен идеясын меңгерту;
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген қызығушылығын арттыру, адамгершілікке, отансүйгіштікке, туған жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Топтық жұмыс жасау, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, сөздік қорларының баюына ықпал ету, шығармашылыққа баули отырып, ойлау, сөйлеу мәдениетін дамыту;
Типі: Жаңа білімді меңгерту
Түрі: Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары, мағынаны ашу, жоба қорғау технологиясы, ойтолғаныс, АКТ,түсіндіру, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, маркер, слайд, плакат,оқулық, тақта, бор т.б
Пәнаралық байланыс: музыка, география, бейнелеу
Күтілетін нәтиже: Топтық жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, дарынды оқушыларды үлгі ету, көркем әдеби тілде сөйлуге құмарлығы артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы сөз байлығы молаяды, ақын өлеңдерін мәнерлеп оқуға талпынады, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, Шаттық шеңберін құрып, оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады.
II. Үй тапсырмасын сұрау
Сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықталады:
1. Үйге қандай тапсырма берілді?
2. А.Байтұрсынұлы қай жылы қай жерде дүниеге келді?
3. Ахмет кім?
4. Қандай өлеңдер жинақтары жарық көрді?
5. Кімнің шығармаларын аударды?
6. Ахметке қандай айып тағылды?
7. Ахмет мысалдары қандай тәрбиеге шақырады?
8. Аққу, шортан һәм шаян мысалын кім жатқа айтады?
III. Жаңа сабақ
Оқушылар қызыл және жасыл гүлдерді таңдау бойынша екі топқа бөлінеді. Қызыл гүл таңдағандар бір топ, жасыл гүл таңдағандар екінші топ болады.
Жаңа сабақтың тақырыбы айтылып, тақтаға жазылады. Интербелсенді тақта арқылы Жамбылдың өмір жолы мен шығармашылығынан бейнесюжет көрсетіледі. Жаңа сабақ түсіндіріледі. (слайд)
Оқулықтан Алатау өлеңін мұғалім оқиды. (Құрманғазының Алатау күйі ойналып тұрады, Алатау туралы слайд көрсетіледі)
Сөздікпен жұмыс
Жыр алыбы- гигант поэзии
Суырыпсалма ақын – поэт- импровизатор
Ну тоғай – нетронутый лес
Мұнар – мгла, марево
Сілеусін – рысь
Шалғын – луг
Балғын – молодой, зеленый
Миуалы – плодоносный, плодовый
Қазыналы – богатый
Оқулықпен жұмыс
Алатау өлеңін оқушылар кезекпен мәнерлеп оқиды.
Топтық жұмыс
Әр топқа жеке тапсырмалар беріледі, постер бойынша қорғалады.
1-топ тапсырмасы
Өлең мазмұнын сурет арқылы бейнеле. Суреттеріңде қандай бояу көп орын алады деп ойлайсыңдар? Алатаудың табиғаты қандай? Өлеңнің мәтіні бойынша Алатаудың жемістерін, жануарларын, жәндігін, өсімдігін атаңдар.Таудың тағы қандай жануарлары мен өсімдіктерін білесіңдер? Алатаудың табиғатын әдемі қалпында қалай сақтауға болады? Қазақстанда тағы қандай таулар бар?
2-топ тапсырмасы
Өлеңнің тақырыбы мен идеясы қандай? Өлең неше тармақтан, неше шумақтан, неше жолдан тұрады? Өлең қандай ұйқас түріне құрылған? Өлеңнің 6 шумағын мәнерлеп оқы, ондағы Алматы деген сөзге түсінік бер.
Шығармашылық жұмыс
Менің туған өлкемнің табиғаты деген тақырыпқа шағын ойтолғау жазу.
Сабақты бекіту:
1. Жамбыл кім?
2. Қай жылы дүниеге келді?
3. Неше жасында дүниеден озды?
4. Ленинградтықтарға арнаған өлеңі?
5. Бүгінгі сабақта ақынның қандай өлеңімен таныс болдық?
Хор Алатау әні.
Екі жақты күнделік
Сабақтан алған әсерім Пікірім
Қорытынды
Үйге тапсырма: 1.Жамбылдың өмір жолы мен шығармашылығы бойынша түсінік
айту
2. Алатау өлеңін жаттау
Бағалау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды марапаттау
Атырау қаласы Ф.Досымова атындағы №12 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі
Бисенова Динара Темірбекқызы