Қайроштың досының есімі кім

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Машқар Гумеров Бақшада
Мақсаты:
Білімділік: Өсімдік аурулары жөнінде мағлұмат беру, оларды емдеу жолдарымен таныстыру
Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту, сыни тұрғыдан ойлай білуге үйрету, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Өсімдіктерді қорғауға, оларды күтіп баптауға, емдей білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Слайд, доп, 6 қалпақ, рефлексия
Пәнаралық байланыс: дүниетану, дене шынықтыру, өзін - өзі тану,
Оқытудың нәтижелері:
1. Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптасады
2. Берілген тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсінеді
3. Өз пікірін жеткізу арқылы берілген тапсырманы орындай алады
4. Оқушы өз ойын еркін, сыни тұрғыдан ойлай отырып жеткізе және талдай алады.
5. Өзін бағалап үйренеді

Қамтылатын модульдер:
1 - модуль: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс)
2 - модуль: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (6 қалпақ әдісі)
3 - модуль: Бағалау ( басбармақ арқылы)
4 - модуль: АКТ – ны пайдалану (интербелсенді тақта, видео)
7 - модуль: Көшбасшылық
Қадамдар:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Топпен жұмыс.
3. Рефлексия
4. Бағалау
Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс - әрекеті:
1. Оқушының зейінін сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын сұрау, бекіту
3. Топқа бөлу
4. Жаңа сабақты түсіндіру
5. Тапсырмалар беру
Оқушының іс - әрекеті:

1. Зейіндерін сабаққа аударады
2. Үй тапсырмасын орындайды
3. Түстер арқылы топқа бөлінеді
4. Жаңа сабақты меңгереді
5. Берілген тапсырмаларды топтасып орындайды
6. Кері байланыс. Басбармақтар арқылы сабақтар алған білімдерін көрсетеді

Сабақтың барысы
І – кезең: Қызығушылықты ояту (5 - 10 мин)
Психологиялық дайындық: Оқушылардың көңіл күйлерін анықтау үшін, оқушылар алдарындағы смайлинктердің тиістісін көтереді. Осылайша мен оқушылардың көңіл күйлерін анықтаймын.

Үй тапсырмасын тексеру: Модуль 2, әдісі Эссе жазу стратегиясы, әдісі автордың орындығы
2 - 3 оқушыдан Ғабит Мүсіреповтің Ана құшағында мәтіннің мазмұнын сұраймын.

Үй тапсырмасын бекіту: Модуль 2, әдісі Серпілген сауал
Ойын шарты: Ойын шарты бойынша, допты серпи отырып бір оқушыға лақтырамын, сол оқушы менің қойған сұрағыма жауап береді. Ойын осылайша жалғаса береді.
Сұрақтар:
1. Анасы Қайрошты қайда іздеп келеді?
2. Қайроштың досының есімі кім?
3. Қайрош неліктен анасымен бірге кетіп қалмады?
4. Егер сен Қайроштың орнында болсаң не істер едің?

ІІ – кезең: Мағынаны ашу (20 – 25 мин)
Миға шабуыл. Модуль 1, әдісі диалогтік оқыту
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Көктемде қай еңбектің қызу жүріп жатырған кезі?
- Ендеше, біз бүгін Машқар Гумеровтың Бақшада әңгімесімен танысамыз

Оқушыларды түстер арқылы топтарға бөлу (ақ, қызыл, сары, қара, жасыл, көк)
Таңдаған түстері бойынша қалпақтарын киді.
1 – тапсырма: Модуль 4, АКТ – ны пайдалану
Ақ қалпақтылар тобы
Мәтін бойынша ақпараттар, фактілер.
Қызыл қалпақтылар тобы
Мәтін туралы ішкі сезімдері, ойлары

Сары қалпақтылар тобы
Мәтін бойынша логикалық жағымды ойлары
Қара қалпақтылар тобы
Мәтін туралы логикалық негативті ойлары
Жасыл қалпақтылар тобы
Мәтін туралы шығармашылық ойлары
Көк қалпақтылар тобы
Анализ, синтез, бағалау процесін басқарады.

Сергіту сәті: Қызыл өрік

2 – тапсырма: Модуль 2, әдісі Жас тілші , Модуль 1, диалогтік оқыту
Әр топтан бір – бір оқушыдан шығады. Бір оқушы тілші, қалған оқушылар студияға келген қонақтар болады. Тілші келген қонақтарға мәтін бойынша сұрақтар қояды.

Рефлексия: Оқушылар тақтадағы басбармақтарға сабақтан алған білімдерінің деңгейін стикерге жазып, тиісті басбармақтардың астына жапсырады. Сол арқылы оқушылардың бағалары шығады.

Бағалау:


Скачать


zharar.kz