Түсі әппақ қардай,
Тәттілігі балдай. (Балмұздақ)
Тыста – арқандаймын,
Сыныпта – партаңдамын. (Портфель)
Көк тіреген діңгек тұр,
Бар әлемнен сыр кеп тұр. (Телемұнара)
Құрт іліп, суға малып алдым,
Тереңнен балық алдым. (Қармақ)
Қысты күні қаптап,
Қонып жатыр бақбақ. (Жапалақ қар)
Сексен сегіз тілі бар,
Сан құбылған үні бар. (Фортепиано)
Тегі - тышқан,
Өзі – құстан.
Күндіз ұйықтап,
Түнде ұшқан. (Жарқанат)
Мың - миллион пернелі
Домбыраны көрген кім? (Темір жол)
Ұстарамен алынбас,
Ұйысып тұр қалың шаш (Егін)
Отты өшіреді,
Шөпті өсіреді. (Су)