Мектебі: №7 орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:
Куламанова Арайлым Муратовна
5 сынып
Тақырыбы: Антонимдер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік - Шығармашылық жұмыстар орындату арқылы мағыналары бір – біріне қарама қарсы сөздердің антоним болатындықтарын ұғындыру, антоним сөздерді бір - біріне салыстыра отырып, анықтамасын оқушылардың өздері ойланып шығаруға бағыт беру,
Дамытушылық – оқушының білім мен танымын кеңейту және тез қабылдауына жол ашу, өз пікірін толық жеткізе алуына баулу, ойлау қабілетін арттыру;
Тәрбиелік – Сыныпта ынтымақтастық орната отырып, ауызбіршілікке, бір – бірінің пікірін тыңдауға, сыйлауға, оқушыларды адамгершілік асыл қасиеттерге жетелей отырып, сөз өнерін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, топпен жұмыс
Көрнекілігі: интербелсенді тақтада слайдтар, кеспе қағаздар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу өнері, өзін – өзі тану
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
– Оқушылармен амандасу;
– Сыныпты түгелдеу;
– Оқушылардың сабаққа зейіндерін аудару.
- Оқушыларды аяқ киімдерінің өлшемі бойынша (28 – 30 - І топқа, 30 – 32 - ІІ топқа, 32 – 34 - ІІІ топқа) топқа бөлу, топ ережесін құру (әр топ өздеріне ереже құрып, А3 қағазына жазып қояды). Олай болса, оқушылар өздеріңіз құраған ережені сақтай отырып, біз өзін – өзі тану сабағында 5Т ережесін сақтаймыз сол ережені де бүгінгі сабағымызға енгізсек.
5 Т ережесі:
Тәртіп
Талап
Тыныштық
Тазалық
Татулық
ІІ. Жаңа сабақ.
Интербелсенді тақтадан суреттер көрсету арқылы, бүгінгі тақырыпты ашу.
– Суреттен не көріп тұрсыңдар?
– Олар қандай сөздер?
– Антоним дегеніміз не?
Балалар, антоним грек тілінде anti – қарсы, onota - атау дегенді білдіреді. Ендеше сіздер мысалдарға сүйене отырып қандай қорытындыға келдіңдер?
- Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы болып келетін сөздерді антонимдер деп атаймыз.
- Қазақ тілінен басқа тағы қандай пәндерде антоним сөздер кездеседі? Мысалы:
• Математика сабағында:
Қосу – алу, көбейту – бөлу, үлкен – кіші
• Биология сабағында:
Өлі және тірі табиғат
• Әдебиет сабағында:
Мақал – мәтелдерде:
Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала.
Жұмбақтарда:
Асты тас, үсті тас,
Ортасында піскен ас (таба нан) т. б
- Балалар, антоним мен жұрнақ арқылы жасалатын болымды, болымсыздық мағыналар бірдей емес. Оларды былайша салыстырып көруге болады.
Интербелсенді тақтадан көрсету:
Антонимдер
Жақсы - жаман
Ал - бер
Сулы - құрғақ
Көңілді - қапалы
Болымды – болымсыздық мағыналары
Жақсы – жақсы емес
Ал - алма
Сулы – сусыз
Көңілді - көңілсіз
Антонимдер ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің ең оңтайлы құралы. Мәселен, ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан мақал - мәтелдердің, жұмбақтардың құрамында антонимдер жарыса қолданылады.
ІІІ. Тапсырмалар топтамасы.
І топ: Құрамында мақал – мәтелдер кездесетін антонимдер
- Күштімен алысқан әлсіз өз қолын сындырады. (Сәйф Сарайи)
- Дұшпанға тастай қатты бол,
Досыңа балдай тәтті бол,
ІІ топ: Құрамында жұмбақтар кездесетін антонимдер
- Түнде бармын,
Күндіз жоқпын. жұлдыз
ІІІ топ: Құрамында жаңылтпаштар кездесетін антонимдер
- Ақ тайлақ ақ па?
Қара тайлақ ақ па?
Күн бе, түн бе,
Пілге мінбе.
- Екеуінің жасы шамалас,
Бірінің шашы – қара шаш,
Екіншісінің шашы ақ шаш аралас.
IY. Сергіту сәті
Әріптер таңдау ойыны. Оқушылар кеспе қағаздарға жазылған әріптерді алып, келесі сөйлемді жалғастырады.
- Қайдан келдіңіз?
- Неге келдіңіз?
- Қайдан келдіңіз?
- Немен келдіңіз?
- Кіммен?
- Немен бөлісесіз?
Y. Оқулықпен жұмыс:
І топ:
96 – жаттығу
Биік, ашық, жаңа, сұлу, жас сөздеріне әртүрлі қолданыста бірнеше антоним сыңар тауып жазыңдар.
Үлгі: биік тау – аласа тау,......
ІІ топ:
97 – жаттығу
Құрамында антоним сөздер кездесетін мақал – мәтелдер мен жұмбақтар тауып жазыңдар және олардың қатар қолданылуының себебін біліп алыңдар.
ІІІ топ:
100 – жаттығу
Синонимдік қатарлардың бірін көшіріп жазыңдар. Ондағы әр сөздің антонимін табыңдар. Антонимдері неге әртүрлі болып шықты деп ойлайсыңдар.
1. Батыр, батыл, қаһарман, ержүрек
2. Қорқақ, қауқарсыз, сужүрек.
VІ. Бекіту кезеңі:
Даналық ағашы бүгінгі сабақтан түйген ойын айтып, стикерлермен ағашқа жапсырады.
VІІ. Бағалау
Жұлдызды сәт әр топ өздерінің тобындағы оқушыларды жұлдыз тағу арқылы бағалайды.
VІІІ. Үйге тапсырма беру:
98 – жаттығу
Ақын Қадыр Мырза Әлидің өлең кітаптарын оқыңдар. Антоним сөздер кездескен бір – екі шумақ өлеңін дәптерлеріңе жазыңдар.