Координаталық түзу ұғымына анықтама

Скачать

Рационал сандарды салыстыру
Математика 6 сынып
Мақсаты: Оқушыларға рационал сандарды салыстыруды, координаталық түзуде кескіндеуді меңгерту
Күтілетін нәтиже: А) рационал сандарды салыстыру анықтамасын біледі
В) рационал сандарды салыстыруға берілген есептерді шығара алады.
С) рационал сандарды салыстыруға берілген жоғары деңгейлі есептерді шығара алады.
Керекті жабдықтар: Оқулық, стикерлер, деңгейлік тапсырмалар, бағалау критерийлері, бағалау парақтары. Интерактивті тақта, сызғыш, қарындаш
Әдіс - тәсілдері: Жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, "Ойлан - жұптас - бөліс"

Кіріспе 5мин
Оқушылармен амандасу. Психологиялық дайындық.
- Сыныпты түгендеу. кезекшілік қызметін қадағалау
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Сандар техникасы бойынша 4 топқа бөлемін.
(жұп оң сандар: 2, 4, 6, 8, 10, 12
Жұп теріс сандар: - 2,- 4,- 6,- 8,- 10,- 12
Тақ оң сандар: 1, 3, 5, 7, 9, 11
Тақ теріс сандар: - 1,- 3,- 5,- 7,- 9,- 11)

Білу Үй тапсырмасын тексеру №353, 356 8ұпай
№353
1) |7, 5|+|- 5, 3|=7, 5+5, 3=12, 8
2) |- 12, 8|-|- 5 1 4|=12, 8 - 5 1 4=7, 55
3) |- 2 1 6|÷|4 1 3|=13 6÷13 3=1 2=0, 5
4) |5, 7|∙|- 2 2 19|=5, 7∙2 2 19=57 10∙40 19=12
5) |- 9 3 7|∙|7 11|+|- 2, 9|=66 7∙7 11+2, 9=8, 9
6) |- 6, 2|÷|0, 2|-|- 7, 4|=31 - 7, 4=23, 6

Тұсаукесер 6мин
"Миға шабуыл" "конверттегі сұрақ"
1 Топ: 1. Оң сандар дегеніміз не? Тұрмыста қолданылуы? 2. Натурал сандар жиынына қандай сандар жатады?
2 - топ 1. Теріс сандар деп қандай сандарды айтамыз? Олар қай кезде қолданылады? 2. Қарама - қарсы сандар деп қандай сандарды айтамыз?
3 - топ 1. Оң санға да, теріс санға да жатпайтын сан бар ма? 2. Қандай сандар рационал сандар жиынын құрайды? 3. Координаталық түзу бойында берілген санға неше нүкте сәйкес келеді
4 - топ. 1. Санның модулі дегеніміз не? Координаталық түзу ұғымына анықтама?. Рационал сандар жиынына қандай сандар кіреді?
Қызығушылықты ояту:
Координаталық түзуде мына нүктелерді орналастырсаңыздар, бүгінгі тақырыпты хабарлай аласыздар:
У(7), Ы(5, 2), С(- 8), А(- 7, 2), Ы(- 4), С(0), Л (- 6), Т(2, 5), Р(6) Жауабы: салыстыру
Формативті бағалау айтылады: "Жарайсыздар!"

Пән мұғалімі: Муратова Шолпан Ергалиевна


Скачать


zharar.kz