Дауысты дыбыстар қанша

Скачать

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға мемлекеттік тілді білудің маңызы жайлы айту және оны құрметтеуге үйрету, өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап ой - өрісін, білім деңгейін кеңейту.
2. Қазақ тілі туралы мақал - мәтелдер, өлең, тақпақ, нақыл сөздер айту арқылы оқушының сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.
3. Адамгершілікке, ізденуге, Тілді құрметтеуге, тіл байлығын, маңызын түсіне баулу.
Сабақтың түрі: сайыс сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілі; сұрақ - жауап, түрлі тапсырмалар;

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: (Оқушылар 3 топқа бөлінеді).
Мұғалімнің кіріспе сөзі:- Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бәрімізге 22 - қыркүйек тілдер мерекесі. Сондықтан біз де бүгін тілдер мерекесіне арнап Тіл мәртебесі – ел мәртебесі атты сайысымызға қош келдік.
Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құрметті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Өзі ана тілін қадірлеп, қастерлемейтін адам жоқ.
Халықтың мәңгі ғұмыры - оның тілінде. Әрбір тіл өз халқы – ұлы ,- деген Шыңғыс Айтматов, айтқандай!
Сондықтан, әр адам өзінің ана тілін қорғай да, құрметтей де білуге міндетті.
Ортаға 6В сынып оқушыларын шақырамыз!
1. Сүйемін туған тілім – анам тілім,
Бесікте жатқанымда – ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін
2. Туған тілде сыры терең жаным бар
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып – ақ алыңдар!
3. Туған тілім тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
4. Ана тілін білмеген. Ақылы жоқ желікбас
Ана тілін сүймеген. Халқын сүйіп жарытпас.

Әділ - қазылар алқасымен таныстыру.
Сайысымыздың бет ашарын бастайық
Таныстырсын сайыскерлер өздерін, Өнеріне ду қол соғып қостайық - деп, кезекті сайысқа қатысушы топтарға берейік.
І - кезең. Бәйге деп аталады. Әр топ берілген сұрақтарға тез және нақты жауап берулері керек І - топ
1. Қазақстан қандай мемлекет?(бай, кең - байтақ)
2. ҚР – мемлекеттік тілі?(Қазақ тілі)
3. Қанша жыл мезгілі бар?
4. Қазақстанның түсі қандай?(Көгілдір түс)
5. Наурызда пісірілетін басты тағам?(Наурыз көже)
6. Тұрлаулы мүшеге нелер жатады?
7. Ешкінің иесін қалай атайды?(Шекшек ата)
8. Күздің бірінші айы?
9. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?(42)
10. Абай Құнанбаевтың шың аты (Ибраһим)
ІІ - топ
1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?(9табы)
2. Бұл, мынау сөздер есімдіктің қай сөз табына жатады? (указательные местоим)
3. Бір тәулікте қанша сағат бар?
4.. Зат есімде қанша септік жалғаулары бар?
5. Тәуелсіздік ел болғалы қанша жыл болды?(20жыл)
6. Абай Құнанбаев кім?(ақын, жазушы, әнші, философ, данышпан)
7. Түйе иесін қалай атайды?(Ойсылқара)
8. Қазақ тілінде тән дыбыстар нешеу?(9)
9. Тамақты бұзбайтын салқын жәшік?(Мұздатқыш)
10. Дауыссыз дыбыстарға басталып, д - з аяқталатын дыбыс?(Бітеу буын)
ІІІ - топ
1. Заттың, нәрсенің атын білдіретін сөз табы?(Зат есім)
2. Тіл мерекесі қай күн?(22 қыркүйекте)
3. Қазақтың үш дана биі кімдер?(Төле би, Әйтеке би, Қазыбек)
4. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (Түркі тілдер тобына жатады)
5. Неологизм дегеніміз не?(Жаңа сөздер)
6. Абайдың неше қара сөзі бар?(45сөз)
7. Қазақстанның Республикасының тәуелсіздігі қашан жарияланды?(1991ж)
8. Есімдік мағынасына қарай неше топқа бөлінеді? (7түрі)
9. Закон сингармонизма сөзінің қазақша мағынасы қандай?
10. Мемлекеттік елтаңбаның авторлары? (Ж. Мәлібекұлы, Шота Уәлихан).

ІІ – кезең. Тіл - өнер Мен ұнатқан үш пән Полиглот.
Мақал - мәтелді жасырын тұрған сөзді тауып, қазақ, орыс, ағылшын тілдерде.
1 - топ
1. Бірлігі жарасқан....... бұзылмас. (Ел - страна - country)
2. Татулық - табылмас....(бақыт - счастье - happiness)
2 - топ
3..... - ұлы қару(сөз - слова - word(
4. Адамды........ үйретеді(өмір - жизнь - live)
3 - топ
5........ - таптырмас байлық (еңбек - труд - work)
6.......- байқап сөйлер(жақсы - хорошо - gut)

ІІІ - кезең Кім жылдам ? Синоним сөздерді сәйкестіру.
Ертеде – баяғыда
Алыс - шалғай
үлкен - дәу
кішкентай - ұсақ, шағын
сұлу - әдемі, көрікті
таңертең - азанда
тамақ - дәм, ас.
ІҮ - кезең.. Берілген сызбалар б - а зат, с, сын е, етістік тұрақты сөз тіркес құрастыру;
І - топ: 1. Төбесі көкке жету -(қуану)
2. Қырық пышақ болу -(араздасу)
3. Ит өлген жер - (алыс)

ІІ - топ: 1. Тіс жарады -(үндемеді)
2. Қыздың жиған жүгіндей – (әдемі) 3.. жерден жеті қоян тапқандай -(шаттанады, қуану)

ІІІ - топ: 1. Ат ізін салмады -(хабарласпады)
2. Айы оңынан туды - (жолы түсті, жолы болды)
3. Екі құлағы езуіне жетті - (мәз - мейрам, қуанды).

Ү - кезең: Мына сөздердің ішінен тура мағыналы сөздерді тауып беру.

1. Адамның тілі, орыс тілі, ана тілі;
2. Жұмыстың аяғы, құстың аяғы, жиналыстың аяғы;
3. Өткір ой, өткір мінез, өткір пышақ;

ҮІ - кезең: Антонимдер жарысы.
Ақ - қара, үлкен - кішкентай, жақсы - жаман, биік - аласа, жас - кәрі, суық - жылы, таза - кір, кең - тар, ащы - тәтті, ұзын - қысқа, жиі - сирек.

ҮІІ – кезең: Грамматиканы қайталау:

1. Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?
2. Бір - біріне мағынасына жақын (синоним)
3. Мағынасына қарам - қарсы сөздер(антонимдер)
4. Сын е қандай сұрақтарға жауап береді?
5. Дауысты дыбыстар қанша?
6. Қазақ тілінде қанша септік бар?
7. Тұрлаусыз мүшелерді ата?
8. Етістік құрамына қарай қандай болса?
9. Сан. е. мағынасына қарай қанша түрі бар?
10. мен, сен, сіз, біздер, олар сөздер есімдіктің қай сөз табына жатады?(Жіктеу есімдігі).

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты - дегендей сайыскерлерімізді бағалау үшін әділ қазыларымызға сөз берейік.


Скачать


zharar.kz