Бәйтерек идеясының авторы кім

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ (Астаналар тарауы бойынша)8 - сынып (орыс сыныбы)
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың астаналар тарауы бойынша алған білімдерін тексеру, есте сақтау қабілеттерін дамыту, жаттығу жұмыстарын жүйелі орындату.
Күтілетін нәтиже:
1. Қазақ елінің тарихындағы астаналарды біледі.
2. Әр астананың даму тарихын меңгереді.
3. Грамматикалық тақырыптарды практика жүзінде жүйелі қолдана алады.
Қалай көрінеді:
1. Кім жылдам ойыны
2. Автор орындығы стратегиясы
3. Бес жолды өлең стратегиясы
4. Тест жұмысы
Сабақтың түрі: Саяхат сабағы
Сабақтың әдісі: Сыни тұрғысынан ойлау стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, үлестірмелі қағаздар, бейне көрініс, слайд.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сынып оқушыларын түгендеу;
- Оқу - құралдарын тексеру;
- Оқушыларды 2 топқа бөлу;
- Топ басшысын сайлап, бағалау парағын беру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1) Астана - жас қала атты шығарма жазу.
2) 105 беттегі деңгейлік тапсырмаларды орындау.
ІІІ. Қызығушылығын ояту.
Кім жылдам ойыны
- 2 топтың оқушыларына конвертте салынған септіктердің атауларын беремін. Олар 7 септікті ретімен орналастырып шығады.
Одан кейін септіктің сұрақтары мен жалғаулары жазылған парақтарды беремін. Оны да рет - ретімен орналастырады.
Осы үш тапсырманы орындап болғаннан кейін астана болған қалалардың атауларын септеп шығады.
Атау септік - кім? не? 0
Ілік септік - кімнің? ненің? ның, - нің, - дың, - дің, - тың, - тің
Барыс септік - кімге? неге? - ға, - ге, - қа, - ке, - на, - не, - а, - е
Табыс септік - кімді? нені? - ды, - ді, - ты, - ті, - ны, - ні, - н
Жатыс септік – кімде? неде? - да, - де, - та,- те, - нда, - нде
Шығыс септік – кімнен? неден? - нан, - нен, - дан,- ден, - тан, - тен
Көмектес септік – кіммен, немен? - мен,- бен, - пен
І топқа
Орынбор, Алматы
ІІ топқа
Қызылорда, Астана
ІҮ. Нәтиже сабақ.
- Оқушылар, бүгінгі сабағымыз ерекше, ол - саяхат сабағы. Өткен сабақтарда қазақ елінің астаналары туралы танысқан болсақ. Бүгін сол астаналардың ішіндегі еліміздің елордасына айналған Астана қаласына саяхатқа шығамыз.
- Ал саяхатқа шығу үшін біздің қолымызда не болуы керек?
- Карта
- Дұрыс айтасыңдар, ендеше мен сендерге қазір саяхат картасын таратып беремін.
- Балалар, бір - біріңе жұмыс алдында не тілейсіңдер?
(топтар бір - біріне іске сәттілік, жетістікке жетейік деген тілектер айтады)

Саяхат картасы
3. Пирамида
2. Бәйтерек 4. Ақ Орда
1. Вокзал 5. Думан
6. Хан шатыры
1 - аялдама. Сөздік алқабы.
Оқушылар жаңа сөздерді 1 мин. оқып алаған соң тақтаны жауып қазақшасын жатқа айтады.
ғимарат - здание
аялдама - остановка
көрікті - красивий
жаға - берег
орталық - центр
ойын - сауық орталығы - развлекательный центр
жеделсаты - лифт
Жаңа сөздерді пайдаланып әр оқушы 1 сөйлем құрау керек.

2 - аялдама. Бәйтерек
1. Бейне таспа көру.
2. Оқушылар өткен сабақта танысқан мәліметтері бойынша топпен жұмыстанады.
І топ
Бәйтерек кешенінің авторы мен болсам... сурет салу
ІІ топ
Бәйтерек тақырыбында шағын шығарма жазу немесе 5 жолды өлең құрауы керек.

3 - аялдама Пирамида
Тапсырма
І топ
Мәтін ішінен септік жалғауы жалғанған сөздерді теріп жазыңдар.
ІІ топ
Мәтін ішінен көптік жалғауы жалғанған сөздерді теріп жазыңдар.

Бейбітшілік пен келісім сарайы 2006 жылы көрнекті британдық сәулетші Норман Фостер салған ерекше пирамида. Оның биіктігі 62 метр. Пирамиданың табанында 1, 5 мың орынға арналған опера залы, жоғары бөлігінде ғимараттың негізгі бөлмесі бар. Онда Қазақстан ассамблеясының кеңселері, мұражайлар, көрме залдары орналасқан.

4 - аялдама Ақ Орда
Тапсырма
• Әр топ мәтін бойынша сұрақтар әзірлеп, бір - біріне қояды.
Ақ Орда Қ. Р Президентінің резиденциясы. Ол Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Ғимарат ауданы 36 720 ш. м құрайды. Резиденция жанында КР Парламенті, ҚР Үкімет үйі, ҚР жоғары соты, ҚР министрліктер үйі орналасқан.
5 - аялдама Думан
Тапсырма
Берілген сөздерге фонетикалық талдау жаса.
І топ
Ғимарат сөзіне
ІІ топ
Өзен сөзіне
Думан ойын - сауық орталығы Елорданың сол жағалауында салынған. 3д кинотеатры, Джунгли аттракционы, боулинг, көпфункционалдық зал мен қонақ үй кешені, сонымен қатар сауда залдары, балаларға арналған ойын алаңдары бар. Думан ересектердің де, балалардың да сүйікті демалыс орны.

6 - аялдама Хан шатыры
Тапсырма
Берілген сөздерді құрамына қарай талда.
І топ
Сарайының, тұрғындары
ІІ топ
Өздерінің, уақыттары
Бейбітшілік және келісім сарайының желісін жалғастыратын сауда және ойын - сауық орталығы. 200 дей метрлік кешен қаланың зәулім доминантына айналды. Оның қаңқасы ұсақ тордан құралған зәулім шатыр ішінде ауданы 100 шаршы метр қалалық саябақ, дүкендер, кино театрлар, концерт алаңы бар. Астана тұрғындары өздерінің бос уақыттарын осы жерде өткізе алады.

Ү. Толғаныс.
Тест сұрақтарына жауап беру.
1. Берілген сөйлемдегі күрделі сөздің түрін табыңдар.
Арыс өзенінің Сырдарияға құяр аралығында ежелгі Отырар жатыр.
А) біріккен сөз
В) қос сөз
С) қысқарған сөз
Д) тіркескен сөз
2. Берілген қатардағы қалалардың қайсысы ортағасырлық қала болып табылады.
А) Астана
В) Орынбор
С) Отырар
Д) Ақмешіт
3. Орта ғасырдағы Исфиджаб қаласы кейін қандай атпен белгілі болды?
А) Сайрам
В) Суяб
С) Фараб
Д) Отырар
4. ХХ ғасырдағы Қазақстан астаналарының ішіндегі ең алғашқы астана қайсы?
А) Алматы
В) Ақмешіт
С) Астана
Д) Орынбор
5. Қызылорда қаласы қай уақыт аралығында астана болды?
А) 1922 - 1929 ж. ж.
В) 1922 - 1928 ж. ж.
С) 1922 - 1927 ж. ж.
Д) 1922 - 1926 ж. ж.
6. Алматы қаласы қай уақытқа дейін еліміздің астанасы болды?
А) 1996 ж.
В) 1997 ж.
С) 1998 ж.
Д) 1999 ж.
7. Қызылорда қаласы қандай дақыл өсірді?
А) астық
В) жүгері
С) күріш
Д) көмір
8. Бәйтерек идеясының авторы кім?
А) Ерболат Төлепбай
В) Нұрсұлтан Назарбаев
С) Әбіш Кекілбаев
Д) Тоқтар Әубәкіров
9. Ақмола қаласына қай уақытта Астана атауы берілді?
А) 1997 ж.
В) 1998 ж.
С) 1999 ж.
Д) 2000 ж.
10. Астана қай өзеннің бойында орналасқан?
А) А) Ертіс
В) Іле
С) Есіл
Д) Талас
Тест сұрақтарының жауаптары
1 - А
2 - С
3 - А
4 - Д
5 - А
6 - В
7 - С
8 - В
9 - В
10 - С

ҮІ. Үй тапсырмасы.
1) Өткен тақырыптарды қайталау.
2) Ережелерді жаттау.

ҮІІ. Бағалау. Топ басшылары бағалайды.
Бағалау парағы
Аты - жөні Үй жұмысы Кім жылдам ойыны Сөздік жұмысы Бәйтерек аялдамасы Пирамида аялдамасы Ақ Орда аялдамасы Хан шатыры аялдамасы Тест жұмысы Қорытынды баға


Скачать


zharar.kz