Дөңгелейді дөңгелек, Дөңгеледі дөңгелек

Скачать

"Мен саған сенемін" Орта топ ата - аналарымен жұмыс.
Отбасылық сайыс
Тақырыбы: Саған сенемін
Мақсаты: Ата - анамен тәрбиеші арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Қызығушылығын ояту.
Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді қонақтар,
Армысыздар, ақ жаулықты аналар.
Бүгінгі кеш отбасылар сайысы
Сіздердікі тамашалау, бағалау.
Құрметті қонақтар бүгінгі Саған сенемін отбасылық сайысқа қош келдіңіздер. Сайыс бөлімдерімен таныс болыңыздар.
1. Кім епті бола алады?
2. Кім жылдам?
3. Ым - ишара
4. Егер де мен...
5. Қолөнер
6. Жаңылтпаш айта аламыз ба?
Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сарапқа сап, әділдікке шеше біл.
Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, сайыстың жеңімпазын анықтайтын әділ - қазыларымен таныс болыңыздар.
1. Қош келдіңіз халайық сергісін бой,
Бүгін біздің ортада дүбірлі той.
Ден қойып тыңдаңыздар тамашалай.
Отбасылар мақсаты жеңу екенін біліп қой.
Мұнда ата - аналары шарды үрлейді, әкелері үрленген шарларды мына сақина ішіне түсіреді. Қол артта, иекпен жұмыс жасау. (уақытқа)
2. Тыңдаңыздар. тыңдаңыздар,
Уа, ағайын, қонақтар.
Пайда болмас тұрыстан
Басты көтер, белді жаз
Әкелер мен аналар сайысынан.
Әкесі мына орамалдарды арқанға түзулеп іледі, аналары әдемілеп жинап, реттейді. Жуылған кірді ретті іле аласыз ба? (уақытқа)
3. Ал келіңдер, келіңдер,
Мұндағы қызықты көріңдер.
Бір - біріне дес бермес
Тапқырларды көріңдер.
Мұнда бір парақ қағазда неше түрлі сөз берілген. Осы сөздерді ым - ишарамен түсіндіру.(уақытқа)
А) Айна, кітап, есік, домбыра, жұлдыз, алма, кастроль, көйлек, түйме, құс, пакет, сөмке, Мен сенімен доспын.
Ә) Сабын, желім, төсек, скрипка, түн, сарымсақ, пышақ, аяқ киім, ине, камаз, жұмыртқа, теледидар, Сен мені күтесің бе?
Б) Тарақ, қалам, терезе, гитара, бұлт, арбуз, қайшы, бас киім, замок, тікұшақ, көз әйнек, компьютер, Мен сенімен дос емеспін.
В) Су, қарындаш, орындық, барабан, күн, картоп, қасық, куртка, жіп, трактор, түйе, сақина, Екеуміз бірге қайтайық.
4. Ақыл - көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған жас аналар өзінің
Егер де мен сайысын көрсетеді.
Жас ата - аналар, баланы балабақшаға кешіктірмей жіберу жолдарын көрсетеді. (киіндіру, жуындыру, т. б. уақытқа)
5. Өнерпаздар жарысып, сан - саналы,
Жиын десе, той десе, жан салыпты.
Бүгінгі отбасылар сайысында,
Барлықтары аянбай жан салыпты.
Бұл бөлім - қолөнер бөлімі. Қазір осы жерден өз қиялыңызбен бір зат жасайсыздар.
Қалма жұрттың соңында,
Қажет болса мың атта,
Аздық етер оныңда
Жету үшін мұратқа - деп келесі ойынымызды бастайық. Келесі ойын сіздердің есте сақтау қабілеттеріңізді, ой ұшқырлықтарыңызды байқап көрейік. Жаңылтпаштарды оқимыз, сіздер қайталап айтасыздар.
1. Тас қумастан қой қуғын,
Қой қумастан тай қуғын,
Тас қумастан ой қуғын.
2. Қара таудың қарлы басынан
Қарлығаш ары асты ма?
Қара басып қарлы боранда,
Қарлығаш адасты ма?
3. Қарға ақ емес,
Тарғақ қара емес.
Қарға тарғаққа пар мес.
4. Жандарбек жыланды көріп,
Жыларманға жетті.
Жылан Жандарбекті көріп,
Жыраға түсіп кетті.
5. Балға құмар балалар,
Араларды қуалар.
Балға құмар аралар,
Балаларды қуалар.
6. Есет атам ет асатар,
Ет асатса бес асатар.
7. Тебіншек ат шегіншек,
Шегіншек ат тебіншек.
8. Дөңгелейді дөңгелек,
Дөңгеледі дөңгелек.
Дөңгелесе дөңгелек,
Дөңнен асты дөңгелек.
9. Кеспе, өссін тал,
Өссе өсімтал.
Өссе, өссін тал.
10. Білгірлер мен тілгерлер тілдесті,
Тілгерлермен түрлі елдер тілдесті.
11. Арқарға ақ қардан бақ бар ма?
Ақ қарға арқардан бақ бар ма?
12. Еті тірілер ептілермен бірігер,
Ептілер мен тірілер бірдеме бітірер.
13. Ерке серке еркек пе? деп сұрады,
Еркек серке елпек пе? деп сұрады.
14. Апам кіші ішік пішті,
Мен іркітті ішіп біттім.
Апам қанша кіші ішік пішті,
Мен қанша іркітті ішіп біттім.
15. Қарқарлының қары қалың ба?
Аралдың қары қалың ба?
Қарқаралының қара малынан
Аралдың малы қалың ба?
16. Тайқарбай дегенде, Әй, Тайқарбай,
Қойыңды май жусанға жай Тайқарбай.
Тайқарбай Марқайбайлар толып жатыр,
Әй, Тайқарбай дегенің қай Тайқарбай!
Сайысты қорытындылау, марапаттау.


Скачать


zharar.kz