Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік, Шығармашылық.
Оқу іс - әрекеті: Көркем әдебиет, Жапсыру
Тақырыбы: Сиқырлы сандық
Мақсаты: Балаларға қазақтың ұлттық ою - өрнектерінен мәлімет беру, танымдарын кеңейту, тілін дамыту, жүйелі байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Міндеттері: 1. Әдеби сөздерге мақал – мәтел тақпақтарға қызығушылықтарын, оны үйренуге деген белсенділігін арттыру.
2. Сөздік қорын молайту, ой - өрісін дамыту.
3. Ұлттық салт – дәстүрімізді құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ жауап, әңгімелесу.
Көрнекіліктер. Слайд, суреттер, үлгілер, әр түсті қойдың жүндері, сандық, үн таспа
Іс - әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Жылулық шеңбері
Педагог балаларды шеңберге тұрғызады.
Амансың ба Алтын күн!
Амансың ба Жер Ана!
Амансың ба достарым!
Сендерді көрсем қуанам.
1. Қараңдаршы балалар мынау не?
Балалар бұл сандық жай сандық емес, ол сиқырлы екен. Бұл сандықтық ішінде ертегі бар. Ертегі еліне барғыларың келе ме?
Онда мына үлкен теледидарға көңіл бөлейік. Жайғасып отырайық ертегі басталады.
Ерте, ерте ертеде әдемі киіз үйде ата мен әже өмір сүріпті. Бір күні әже атаның көрпешесі жоқ екенін байқап оған көрпеше беруді ұйғарыпты. Әже көрпеше тігіп, оны немен әдемілеймін деп ойланды. Сол сәтте киіз үйдің жанынан бір қыз бала қолында қызғалдақ гүлімен өтіп бара жатқаның көріп, әже қызғалдақтың гүл шоғын көрпешенің төрт бұрышына
бастырады. Қараса әлі де бір нәрсе жетпейтінін байқап әже сыртқа шығып жайлаудағы қойларды көріп.
Әжеміз қошқар мүйіз өрнегін көрпешесінің ортасына бастырады. Атаның көрпешесі дайын болды дегенде, кенеттен әженің құлағына бір дыбыстар естіледі. Ол бұлақтың ағып жатқан дыбысы екен Сол сәтте әжеге бір ой келеді, атаның көрпешесінің шетіне мына ирек судың бейнесін ою түрінде бастырады.
Әжеміз көрпешесін аяқтап, атаға төсеп береді. Ата мәз болып әжеге рахметін айтады. Сонымен үш түрлі ою – түрлерін ойлап шығарды. Олар: қызғалдақ гүл шоғы, қошқар мүйіз, ирек оюларын тапты.
Балалар сендерге ұнады ма бұл ертегі?
Қазір біз бұл алтын сандықтағы қандай ою - өрнектерді тани білдік.
Ал енді біз әжемізге де көрпеше тігіп берейік. Ол үшін екі орталыққа бөлінеміз.
Шығармашылық орталыққа Оюлар тобы барады.
Ал Қатынас орталығына Бәйшешек тобы қалады.
(Қоңырау соғылады, балалар екі орталыққа бөлінеді)
(Сиқырлы сандықтың ішінен ою - өрнекті алып отырып тапсырманы орындайды)
1 - тапсырма
Қызыл түсті хатты ашу.
Ою - өрнектер туралы кім тақпақ біледі?
2 - тапсырма
Көк түсті хатты ашу.
Мақал мәтелдерді кім біледі?
Сергіту сәті
Ал балалар тұрайық
Ою - өрнек сызайық
Қой ізі, гүл бүршігі
Құс қанаты, ирек су
Ою - өрнек әлемі
Қылқаламды алайық
Сәнді өрнек салайық
Павлодар облысы, Ақсу қаласы,
КМҚҚ Балапан бөбектер бақшасы.
Тәрбиеші: Ж.А.Доспергенова