Бастауышты көрсет

Скачать

Атырау облысы, Жылыой ауданы,
Тұрғызба ауылы №4 мектептің
бастауыш пәні мұғалімі
Байсеуова Жанаргүл Таңжарқызы

Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер
Сабақтың мақсаттары: Білімділігі: Тұрлаулы мүшелерді мүшелер туралы ұғым қалыптастыру, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру
Дамытушылығы: Таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру, оқушылардың ой - өрісін, сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелігі: Ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ой қозғау, ойын
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, семантикалық карта, сауалнама
Пәнаралық байланысы: Ана тілі, дүниетану

Сабақтың жүрісі: І Ұйымдастыру бөлімі
А) Психологиялық дайындық: Қазақ тілім - өз тілім, дана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым қазақ тілім.

ІІ. Өткенді қайталау: Қына тасқа бітеді. Білім басқа бітеді
1. Сөйлем нені білдіреді?
2. Сөйлем неден құралады?
3. Сөйлемнің қандай түрлері бар?
4. Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
5. Сөйлем мүшелерін ата.
6. Бастауыш дегеніміз не?
7. Баяндауыш дегеніміз не?
8. Қандай жағдайда бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылады?

ІІІ. Көркем жазу. ЛЛЛЛ лллл
Кітап – білім бұлағы.
Білім – өмір шырағы.

ІV. Жаңа сабақ: 1. Қызығушылықты ояту. Сөз қуаласпақ ойыны
1 топ. Бастауыш 2 топ. Баяндауыш
Шарты: Бастауыш сөз ойлау, баяндауыш сөйлемді аяқтау.
2 Мағынаны тану.
Тұрлаулы мүшелер
Бастауыш → Кім? Не? Кімдер? Нелер? Кімі? Несі?
Баяндауыш → Не істеді? Не қылды? Қайтті? Не? Кім? Қандай?

Ереже: Сөйлем құруға негіз болатын сөздер сөйлемнің тұрлаулы мүшелері деп аталады.
Бастауыш пен баяндауышты сөйлемнің тұрлаулы мүшелері деп атаймыз.

V. Оқулықпен жұмыс
1. Ой шақыру (суретпен жұмыс)
2. Ауызша талдау
Қар жауды. Бүгін қар жапалақтап жауды.
3. Кім тапқыр 61 – жаттығу. (тұрлаулы мүшелерді табу)
Мектепте асхана бар. Аспазшы тамақты дәмді пісіреді. Балалар үзілісте асханаға келді.

VI. Тақтамен жұмыс: 62 – жаттығу. А) Мәтінді тиісті белгісін қойып көшіріп жазу.
Ә) Тұрлаулы мүшелердің астын сызу.
Б) Мәтінге ат қою.
Көмек
Балалар Ақлима әжейге қонаққа келді. Қыздар үй тазалады. Ұлдар отын жарды.
Ақлима әжей балаларға риза болды.

VII. Сергіту сәті: 1. Жаттығу жасау арқылы сергу.
2 Қызықты сұрақтар :
1. Қар жана ма?
2. Көрдім деген неше сөз, көрмедім деген неше сөз?
3. Сары доп Қызыл теңізге түсіп кетсе қандай болады?
4. Сиырдың сүті қай жерінде?
5. Әдетте адам бас киімін кімнің алдында шешеді?
6. Тауық түс көре ме?
7. Оңынан оқысаң да, солынан оқысаң да бірдей сан.
8. Сенбі сөзі аптасына неше рет кездеседі?
9. Үш түйеқұс ұшып келе жатқанда аңшы бір түйеқұсты атып алды. Неше түйеқұс қалды?
10. Сиыр төрт аяғымен тұрса 150кг тартады. Екі аяғымен тұрса неше кг тартады?

Жұмбақтар шешу. Ізден, ойлан, тап Аспанда жүзеді, қанатын қақпайды.
Жерде де жүреді, бауырлап жатпайды. (Ұшақ)
Далада жүр шапқылап,
Керемет бір саққұлақ. (Қоян)

VIII. Топтық жұмыс: Дыбыстық талдау: 1 топ. Ұшақ 2 топ. Қоян

IX. Жатқа жазу. Білгенге маржан Мақал
1. Әкеге қарап ұл өседі,
Шешеге қарап қыз өседі.
2. Жаман жолдас жолда қалдырады. (тұрлаулы мүшелердің астын сызу)

X. Шығармашылық жұмыс: 64 – жаттығу. – Тырна түлкіге тамақ беріпті.
- Құмыра түлкінің басына сыймапты.
- Тырна түлкіні қонаққа шақырыпты.
Бұл қай ертегіден алынған?
Ертегінің қай түріне жатады?

XI. Ой қозғау . Сауалнама: 1. Заттың түсін білдіретін сөзді көрсет.
А) Сарғылт Ә) Жүзді Б) Ақын
2. Мәтіннің түрін тап.
А) Мазмұндау Ә) Сипаттау Б) Ойлау
3. У дыбысы дауысты болатын сөзді көрсет.
А) Саулық Ә) Сурет Б) Бауыржан
4. Баяндауышты көрсет.
А) Қышқыл Ә) Айтты Б) Бала
5. Бастауышты көрсет.
А) Қышқыл Ә) Айтты Б) Бала
Кілті: 1 А, 2 Ә, 3 Ә, 4 Ә, 5 Б.

XII. Теру диктанты: Торы бие құлындады. Құлыншақ аяғын әрең басады. Ол біраз жүрді.
Құлынның қасында енесі тұр. Құлыншақ ақырындап енесіне жақындады. Ол енесін емді.
Мәтіннің ішінен 1 топ бастауышты, 2 топ баяндауышты теріп жазу.

XIII. Қорытындылау: 1. Біліміңді нықта! Семантикалық картамен жұмыс жүргізу.
2 Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не?
XIV. Үйге тапсырма: 65 - жаттығу
XV. Бағалау.


Скачать


zharar.kz