Ұйымдастырушы: С. А. Кушербаева
Тақырыбы: Аман жүрші, Қарттарым
Тобы: ОДНиГ - 33
Тәрбиелік шара тақырыбы: “Аман жүрші, Қарттарым!”
Өтетін жері: Қарттар үйі
Тобы: ОДНиГ - 33
Мақсаты: Ой - өрісін кеңейту және тіл байлығын дамыту. Үлкенді, қарттарды, ата - ананы құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу және қариялардың үлгі - өнегелерін кейінгі ұрпаққа насихаттау.
Барысы:
1 - жүргізуші: Армысыздар, Құрметті ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар мен ақ жаулықты аналар!
2 - жүргізуші: Дүниеге келер бір рет,
Дария кеуде тау мүсін.
Құрыштан құйған құдірет
Қарттарым аман - саумысың!
1 - жүргізуші: Жүректері мейірімге толы, алақандары жылы шуақ шашқан асыл қарттарым, бүгінгі әсем ән де, әсерлі күй де өздеріңізге арналмақ!
2 - жүргізуші: Мың бұралған бишілер аңдап басып,
Келеді, міне, ортаға толқып - тасып.
Бишілерін сыйлаған халқым менің
Көңілді жүзімізбен қарсы алайық!
1 - жүргізуші: Назарларыңызға “Қазақ биі” Қабыл алыңыздар! Орындайтын Көбейсінова Гулнур
1 - жүргізуші: “Ақылды қария, ағып жатқан дария” деп қазақ халқымыз тегін айтпаған. Сіздер тамырын тереңге тартқан бәйтерек болсаңыздар, біз сіздердің жайылған жапырақтарыңызбыз. Өздеріңізге мейірімділік, сүйіспеншілік таныту біз секілді жастардың міндеті.
2 - жүргізуші: Күй жатыр көк орманда буырқанған,
Күй жатыр найзағайда бұлтты жарған.
Күй жатыр толқынында теңіздердің,
Күй жатыр шертушісін күтіп алдан.
1 - жүргізуші: Әсем күйге кезек берейік. Қалиханов Шәкәрімнің орындауында “Көңілашар” күйі.
1 - жүргізуші: Аталатын құрметпенен аттарың,
Сіздерсіздер алтын қазық қарттарым.
Ұрпақтардың керегесін кең жайған
Ғанибет қой осынау бір шақтарың!
2 - жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй!
Мақсотов Ануардың орындауында “ Ана ” әні. Қабыл алыңыздар!
1 - жүргізуші: Өмірдің сынында ақылын дариядай тұнықтырып, ұрпағына өмір мәнін ұғындырып, көңілдері көлдей көгілдір, ізгі тілектері таудан аққан бұлақтай мөп - мөлдір біздің ата - әжелеріміз - өмірдің шам шырағы.
2 - жүргізуші: Иә, өмірдің мәні де, сәні де сіздерсіздер! Біз тек Алладан өздеріңізге ұзақ ғұмыр нәсіп етуді тілейміз!
1 - жүргізуші: Ендеше, кезекті тағы да бір әсем термеге берейік.
Көбейсінова Гүлнұрдың орындауында “ Қазақ осы ”.
2 - жүргізуші: Қариялар өмірдің ақыл - көзі.
Даналардың алтындай, маржан сөзі.
Қарттарым қазыналы бақ - берекем
Ортамызда гүлдей жайнап аман жүрші.
1 - жүргізуші: Әсем әнді назарларыңызға ұсынамыз.
Қабдығалиева Альфияның орындауында халық әні “ Ақжайнақ”.
2 - жүргізуші: Екі шектің бірін артық бірін сәл - пәл кем бұра, нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра,- деп дана халқымыз айтқандай домбыраның күмбірлеген үні жүректі жібітері сөзсіз.
1 - жүргізуші: Жұмажан Русланның орындауында “ Еркесылқым” күйі.
Қорытындылау
Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге! ,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз сіздерге ризамыз деп қарттар рахметтерін білдірді. Өзіміздің ата - әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік!