Ақмола облысы, Бұланды ауданы,
Макинск қаласы, Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицей
Бастауыш сынып мұғалімі
Матышева Гульмира Айдархановна
"Көркем жазу - өнер" сайысы
Мақсаты: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, көркем жазуға машықтандыру. Өнерге құштарлықтарын, эстетикалық талғамдарын, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке баулиды.
Міндеттері:
- Жазу нақтылыққа баулиды;
- Жазу ойды жүйелейді;
- Жазу барысында көптеген идеялар туындайды;
- Бала мінезінің тұрақтылығын, ұстамдылығын қалыптастыра отырып, бастаған ісін аяқтай білу, өзіндік шығармашылығын дамытады.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, шарлар
Түрі: сайыс
Қатысатын сыныптар: 3 - 4 сыныптар
Жүргізуші:
- Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен қонақтар, оқушылар! Сіздер "Көркем жазу - өнер" сайысын көруге келіп отырсыздар.
Жүргізуші:
Жарыстың бірінші кезеңінде оқушылардың математика, қазақ тілі дәптерлерінің жүргізілу деңгейі, тазалығы көркем жазуы арқылы оқушылар іріктеліп алынды.
Жүргізуші:
Бүгінгі күні сайысқа қатысушылар өздерінің қалай көркем жазатындарын көрермендер алдында дәлелдейді.
Жүргізуші:
Сайыскерлер өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік әділқазыларды таныстырып.
Әділқазы алқаларымен таныстырады.
Сайыс 5 - бөлімнен тұрады. Әділқазылар критерийлер арқылы бағалайды.
1. Таныстыру. Байқауымыздың бұл бөлімінде сайыскерлеріміз өзін - өзі таныстырады.
Таныстыру бөлімінің критерийлері: (5 ұпай)
- өзін толық таныстыруы;
- шеберлігі;
- шығармашылығы.
2. Суретті аяқтау, бояу . Бұл бөлімде сайыскерлер суретті аяқтап салып, бояйды.
Суретті аяқтау, бояу бөлімінің критерийлері: (5 ұпай)
- Суреттің симметриялығы;
- Бояуды дұрыс таңдай білуі;
- Жұмыстың ұқыптылығы.
3. Сурет бойынша шағын әңгіме жазу Бұл бөлімде сайыскерлер сурет бойынша әңгімеге ат қойып, шағын әңгіме жазады.
Сурет бойынша шағын әңгіме жазу бөлімінің критерийлері: (10 ұпай)
- тақырыптың суретке сәйкестігі;
- жоспарының болуы;
- әңгіменің жүйелігі;
- тақырыптың ашылуы;
- каллиграфия нормасын сақтай отырып жазуы.
4. Мәтінді көшіріп жаз Домбыра мәтіні көшіріліп жазылады.
Мәтінді көшіріп жаз бөлімінің критерийлері: (5 ұпай)
- сауаттылығы;
- әріп элементтерін дұрыс қосып жазуы;
- каллиграфия нормасын сақтай отырып жазуы;
- тазалығы.
5. Үй тапсырмасы . Бұл бөлімде дайындап келген жұмыстары жайлы, қалай жасағанын айтып қорғайды.
Үй тапсырмасы бөлімінің критерийлері: (20 ұпай)
- Өмірмен байланысы;
- Баланың өз жұмысы;
- Ата - анасымен бірігіп орындаған жұмысы;
- Істеген жұмысына презентация жасау;
- Істеген жұмысының құндылығы.
Жүргізуші:
Сайысымыздың алғашқы бөлімі Таныстыруға кезек берейік.
Өнер қуып сайыскерлер өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа түскендер кезектесіп,
Өздерін таныстырып өтер дейміз.
Жүргізуші:
Екінші бөлім Суретті аяқтау, бояу . Бұл бөлімде сайыскерлер суретті аяқтап салып, бояйды. ( Тапсырмалар таратылады) Музыка ойналып тұрады.
Жүргізуші:
Келесі бөлім Сурет бойынша шағын әңгіме жазу Бұл бөлімде сайыскерлер сурет бойынша әңгімеге ат қойып, шағын әңгіме жазады. 15 минут уақыт беріледі.
Жүргізуші:
Төртінші бөлім Мәтінді көшіріп жаз Домбыра мәтіні көшіріліп жазылады.
Сергіту сәті өткізіледі.
Жүргізуші:
Үй тапсырмасы . Бұл бөлімде дайындап келген жұмыстары жайлы, қалай жасағанын айтып қорғайды.
Жүргізуші:
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар демекші бүгінгі сайысымызды таразылап әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз. Жеңімпаздарды марапаттау.