Тақырыбы: Есірткі адамның қасы, аурудың басы
Мақсаты:
Білімділік - дәл қазір адамзат ұрпағына төніп тұрған нашақорлық кеселдің пайда болуын, қоғамға, адамдарға осы дерттің зардаптарын түсіндіру;
Тәрбиелік - адамгершілік, құқықтық тәрбие беру, салауатты өмір салтына тәрбиелеу;
Дамытушылық – оқушылардың өмірге, әсіресе адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін, аурудың алдын алуды үйрету, жаман әдеттен бойларын аулақ салуын, оқушының санитарлық - гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру, дамыту.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім сөзі: Елбасы өзінің халыққа жолдауы Қазақстан - 2050 бағдарламасында Салауатты өмір салты туралы нақты айқындап көрсетіп берді. Болашақ Қазақстанның жастары салауатты да, тәрбиелі, шыныққан да шымыр, экологиялық сауатты, ауасы таза, көкжелекті дамыған елде тұруы керек - деп айтып өткен.
Сабақ жоспары:
І. Профилактикалық минут.
1. Есірткі дегеніміз не?
2. Есірткінің қандай түрлері бар.
3. Есірткінің адам организміне әсері қандай?
4. Есірткіге құмарлық дегеніміз не?
5. Нашақорлар қандай жолмен есірткіге ақша табады?
6. Нашақорлардың қандай құқықтары бар?
Осы профилактикалық сұрақтар бойынша оқушылар өз ойларын ортаға сала отырып пікір алмасты.
1. Есірткі дегеніміз не?
Есірткі - (norkosis) грекше наркоз, ұйықтату, ұйқы мен ұмыттыру мен, жансыздандыруды білдіреді.
Есірткі – бұл адамның көңіл - күйін, сана - сезімін, мінез –құлқын бұзатын қауіпті тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады және аса қауіпті, айығу үмітсіз. Әлеуметтік дертті адамның сезімін толықтай жансыздандырады деуге болады.
2. Есірткінің қандай түрлері бар?
1. Медицинада ауруды басу үшін қолданылатын (апиын, опиум, опий) өнімдеріне морфин, кофеин, омнопин, промедол, метадон, көкнәр, жәнет. б., заттар жатады.
- Сора өнімдері (коннабиноидтар) гашиш, анаша, марихуана және т. б.
- Психикаға белсенді әсер ететін заттар – анфетамин (финамин) сиднокарт;
- Қолдан жасалған эфедрин немесе эфедриннен алынған эфедрон, первитін, экстрази, фентозидәрі – дәрмектері және т. б.
- Ұйықтататын және седатифтік заттар – барбитураттар, бензодиазипиндер, натрий оксибутироты және т. б.
- Галлюценогиндер (фенциклидин, кетами, ЛСД, псилоцибин, және т. б.)
- Холинолиттік әсері бар кейбір дәрі - дәрмектер (паркинсонға, аллергияға Қарсы қолданылатын циклодол, демидрол, пипольфен және т. б.)
- Өндірісте және тұрмыста қолданылатын химиялық заттар құрамындағы органикалық ұшпа заттар ( бензин, бензол, толуол және т.б Бұларды көбінесе иіскейді). Адам организмі мен психикасына күшті әсер ететін ең қауіпті әрі көп қолданылатын есірткінің түрі – анаша.
Анаша – сұр түсті химиялық зат, облыстық және құрғақ аймақтарда өсетін көкнәр тұқымынан алынады.
3. Есірткі қолданудың қандай жолдары бар?
Есірткіні қабылдаудың бірнеше жолдары бар. Оның бірі – егу арқылы қабылдау, өйткені қалай болсын бұл қабылдау есірткіні бірден қан арқылы тез миға жеткізеді.
Бір есірткіні бірнеше түрде қабылдауға болады. ( Егу, иіскеу, шайнау.)
Ең көп тарағаны шаншу немесе егу арқылы қабылдау. Тікелей тамырға жіберу өте қауіпті. Нәтижесінде қан айналымы нашарлайды. Сол себепті нашақорлар денелеріне ине салуға болатын жерлер іздей бастайды. Инені қол тамырларынан басқа да тамырларға салуға болады. Көбінесе ата – аналар балалардың қолының тамырын қадағалап, аман екен деп алаңсыз жүре береді. Ал, олар аяқ, жауырын тамырларына салдыруы мүмкін.
4. Есірткінің адам организміне әсері қандай?
Адам организміне түсетін барлық есірткі түрлері қан арқылы адамның барлық дене мүшесіне әсер етеді. Оның қызметін бұзады, уландырады. Есірткіні алғаш қолданған адамның басы қатты ауырып, әлсіздік басады.
Есірткі анда – санда қолданатындардың іші өтеді, асқазаны ауырады, тамаққа тәбеті болмайды, жиі құсады, аяқ – қолдарының сіңірі оқтын – оқтын құрысады. Тері, жұқпалы ауруларымен жиі ауырады. Тері ауруларына, жұқпалы жыныс ауруларына, өкпе қабынуына шалдығады. Тамаққа тәбеті жоғалады, жиі шөлдейді. Олардың көз жанары солғын болады.
Есірткіні жиі қабылдайтындардың миы әбден есірткіге үйреніп кетеді, тиісінше мидағы эндорофин заттары оған үйренеді де жүйке жасушаларын өлтіре береді. Адамның миы ештеңеге зейін қомайтын, әлсіз болып қалады.
1. С. А. Назарбаеваның салауатты өмір салты туралы қандай кітабы бар?(Ұстаздан ұлағат)
2. Есірткінің әлеуметтік салдары қандай?(Отбасының бұзылуы, қылмыстың артуы)
3. Құрамында этил спирті бар. Ол не?(Ішімдік)
4. Темекі құрамындағы улы зат?(Никотин)
5. Туберкулезге қарсы күрес күні?(24 - наурыз)
6. Салауаттылық сөзінің негізгі мағынасы? (Парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, зерделі, сабырлы)
7. СПИД нашақорларға қалай жұғады?(ортақ пайдаланған ине арқылы)
8. Пассивті темекі шегу деген термин нені білдіреді?
(Темекі шегетін адамның айналасындағы темекі шекпейтін адамның темекінің түтінін жұтуы. Темекі шегетін адамның кесірінен басқа адам жапа шегеді)
9. Дүниежүзілік СПИД - пен күрес күні? (1 - желтоқсан)
6. Есірткінің ең көп тараған түрі?(анаша, кокаин, апиын)
5. Нашақорлар қандай жолмен ақша табады?
Жиі есірткі қабылдайтын адамға есірткі алу үшін көп ақша керек. Мысалы, орташа есеппен 0, 1 г есірткінің құны 500теңге. Күнде нашақор осы мөлшерді қабылдауы керек. Жұмыс істемейтін адамға 500 теңге үлкен ақша. Нашақорлардың көбінің күнделікті басқа да шығындары болады. Сол себепті әр нашақордың алдында ақшаны қайдан табамын деген мәселе тұрады.
Олар:
1. Қайтарымсыз ақша алу.
2. Ең оңай жолы – алдау. Яғни олар алдымен достарынан, туған - туыстарынан, әке – шешесінен қарыз алады.
3. Үйінен ұрлау, көбінесе нашақордың қылмыстық жолы үйінен басталады. Қымбат заттарды, зергерлік, техникалық заттарды сатады.
4. Ұрлық – үйдегі ұрлайтын зат біткенде көршілердің, туыстарының заттары және дүкендерге ұрлыққа түседі, қалта ақтаратын болады.
5. Есірткіні дайындау және сату. Нашақорлар арасында мұндай еңбек адал еңбек деп аталады. Бұл ең көп ақша табу үшін қолданылатын жұмыс түрі.
6. Алдау. Бұл жағы да нашақорлар арасында көп кездеседі (қолдарындағы есірткіні өткізу немесе алу үшін түрлі қулыққа барады.)
6. Нашақорлардың қандай құқықтары бар?
Нашақорлық пен ауыратын адамдарды медициналық – әлеуметтік оңалту туралы заң бар. Нашақорлықпен ауыратын адамдарға мынандай құқықтар көзделінген.
- білікті медициналық – санитарлық көмек алуға;
- наркологиялық мекемелер мен ұйымдарды таңдауға;
- өз құқықтары, өздерінің наркологиялық сырқатқа шалдығуының сипаты, сондай – ақ емдеу және оңалту әдістері туралы ақпарат алуға;
- медициналық – әлеуметтік оңалтуды тұрғылықты жері немесе қажет болған жағдайда, жүрген жері бойынша өткізуге;
1 - оқушы:
Жаңа ғасыр, жаңа заман бүгін,
Біз тілейміз ұрпақтың амандығын.
2 - оқушы:
Ей, болашақ!
Саулығың өз қолыңда,
Жаламасын тәніңді у, саныңды мұң.
3 - оқушы:
Нашақорлық - жайылған індет, білем,
Жоймай оны жақсылық күн жоқ, білем.
Бәрі:
Ұланымыз туған еліміздің,
Нашақорлық жойылсын!- өктем үнім.
Салауатты өмірдің әнін тыңдап,
Арманымыз ұшып жүр көкте бүгін.