Жабайы аңдар және құстар туралы түсініктерін кеңейту

Скачать

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы
Сарыбұлақ ауылы, Мамыт негізгі мектебі
"Шапағат" шағын орталығының тәрбиешісі
Куандыкова Молдир Алтаевна

Сабақ тақырыбы
1. Қысқы орман
2. Алдаркөсе мен Шығайбай

Білім беру саласы Әлеуметтік орта
Оқу іс – әрекет түрі: Экология
Тақырыбы: Қысқы орман
Мақсаты: Жабайы аңдар және құстар туралы түсініктерін кеңейту. Жабайы аңдарды айыра білуге атай білуге үйрету. Балаларға жануарлар мен құстардың қысқы тіршілігі жайында түсінік беру.
Сөздік жұмыс: Қойған сұраққа жауап беруге дағдыландыру.

Мотивациялық қозғаушы Балалар шеңбер бойына тұрайық.
Күннің көзі шашылып
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкен
Тәрбиенің басы ғой
Ал қанекей бәріміз
Сәлем дейміз үлкенге

Іздену ұйымдастырушы
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыста ауа райы қандай болады?
- Қыста орманда қандай аңдар мекендейді?
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын тапсаңдар сол аңдармен сендерді таныстырамын.
1. Өзі қу жүрген жері айғай шу?
- Түлкі
2. Қорбаң қорбаң етеді
Орман оның мекені
Тәтті балға тойып ап
Қыста ұйқыға кетеді.
- Аю

Құстар туралы тақпақ айтылады.
Қоян туралы
Ақ қоян - ау, ақ қоян,
Ұзын құлақ сақ қоян,
Қаша берсең орманға
Қорқағым деп ат қоям.

Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар,
Боран соқса, қор болар,
Бұтаға келіп қорғанар.

Торғай, торғай, торғайсың,
Жақын келіп қонғайсың.
Жем шашайын, тойып ал.
Сонда торғай тоңбайсың.

Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.

Жапалақтап қар жауып,
Аяз қатты қысқанда.
Жем шашайық қамқор боп,
Бақтағы біздің құстарға.
Жемсауытқа жем шашып, ағаш басына ілу.

VI. Тыйым сөздер:
Құсты атпа, жұмыртқасына тиме!
Саңырауқұлақты баспа!
Құмырсқаның илеуін бұзба!

- Балалар, сендер қыста қыстап қалатын, суыққа төзімді, қандай құстарды мыналар:
- Қарға, сауысқан, торғай, көгершін, шымшық, тоқылдақ т. б.
- Құстар - орман еншісі. Олар ағаштарды құрт - құмырсқадан, шыбын - шіркейден тазартады. Табиғатқа өз пайдасын тигізеді. Сондықтан біз де құстарға көмектесіп жүруіміз керек.

Рефлексивті коррекциялаушы
Қысқы орманға саяхатымыз ұнады ма?

Нәтиже күту
Нені білдіреді: Жабайы аңдар және құстар туралы жануарлардың балаларының аттарын атап үйренді.
Қандай түсініктерді игереді: Аңдар қыста немен қоректенетін атап үйренді.
Меңгерген дағдылары мен іс – әрекееттері : Оларға қамқорлықпен қарау керек екендігін түсінді.


Скачать


zharar.kz