Жас тарихшы танымдық білім сайысы
Білімділік: Оқушыларды өз ойларын шапшаң, тұжырымды, жинақы әрі ашық айтуға, ұтымды түрде сөйлей білуге, білімдерін тиімді пайдалануға баулу.
Дамытушылық: Ой - әрекетін дұрыс талдай отырып, топтастыруға, жинақтай, нақтылай білу, арнайы есте сақтау, шапшаң ойлау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын сауатты түрде айта білуді қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды бір - бірін силауға, сын көтере білуге баулып, өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын, бәсекеге қабілетті, ұжымшыл зерделі тұлға тәрбиелеу.
Түрі: Танымдық ойын
Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, пікір талас
Көрнекілігі: Нақыл сөздер
Жүргізуші сөзі: Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Қазіргі ғаламдық заманда 50 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н. Назарбаевта Жолдауында баса көрсетті. Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы - білім. Білім - патриотизм негізі. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зердеге, миға тоқудың нәтижесі.
Бүгінгі сайысымыздың ұраны:
Білекті бірді жығады
Білімді мыңды жығады
Жүргізуші сөзі: Құрметті аяулы көрермендер
Білімнен сусындаған жас өрендер
Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге
Бұл кеш қалсын мәңгі есіңізде - дей отыра бүгінгі Жас тарихшы атты білімділер сайысын бастауға рұқсат етіңіздер
Жүргізуші сөзі:
Әділеттік болмаса егер шығар алға
Бұл дүние жақсылардан қалар ада
Әділқазы алқасы сеніп тұрмыз
Мықтыларға берер деп әділ баға - дей келе, бүгінгі ойынымызға төрешілік жасайтын әділ - қазы алқаларымен таныс болайық.
1.
2.
Жүргізуші сөзі:
Шақырамыз сайыскерді ортаға
Қол соғады көрермендер таңдана
Сайыскер өнеріңді ортаға сал
Осы кеште біліміңді сынап ал
Білмегеніңді осы кеште біліп ал. Олай болса ойынымызға қатысушы сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз. (6 сайыскер шығады)
Жүргізуші сөзі:
Таныстырып өздерін
Ұрандарын айтады
Білімдерін көрсетіп
Әділ баға алады. Ойынға қатысушы сайыскерлеріміз өздерін таныстырып өтеді.
Сайыскерлерді таныстыру.
Жүргізуші сөзі: Құрметті сайыскерлер, сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар.
1 - кезең: Бәйге
2 - кезең: Жеті жұрттың тілін біл
3 - кезең: Ғажайып әлем
4 - кезең: Маңызды сегіз сұрақ
5 - кезең: Шешендік өнер
6 - кезең: Жорға
Бір ескере кететіндігі әр бір екі кезеңнен кейін ұпайлары төмен екі оқушымен қоштасып отырамыз.
Жүргізуші сөзі:
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жана ма
Біліммен өнер жарысып
Тәрбие - тәлім табар мән
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда!
Деп сайысымыздың бірінші кезеңі:
Бәйге
Шарты: әр оқушымызға жеке - жеке бес сұрақтан қойылады. Әр бір дұрыс жауапқа 10 ұпай. Онда сәт сапар тілейміз!
1 - Сайыскер:
1. Еліміздің оңтүстік астанасы: (Алматы)
2. Астана қаласының символы: (Бәйтерек)
3. 1993 ж. 15 - қарашада болған оқиға (Валюта енгізілді)
4. Тарихтың атасы: (Геродот)
5. Қазақстан Республикасының рәміздері (Елтаңба, Ту, Әнұран)
2 - Сайыскер:
1. Мен қазақпын поэмасының авторы: (Ж. Молдағалиев)
2. Елбасымыздың мамандығы: (Инженер - металлург)
3. Қазақтың соңғы ханы: (Кенесары)
4. Алтын адам қайдан табылды? (Есік қорғанынан)
5. Күйші, сазгер, дирижер, домбырашы: (Н. Тілендиев)
3 - Сайыскер:
1. Жоғарғы Заң шығарушы органы: (Парламент)
2. Қазақстанды алғаш тәуелсіз деп таныған мемлекет: (Түркия)
3. Екінші ұстаз атанған ғұлама (Әл - Фараби)
4. Қожа Ахмет Йасауидің кесенесін кімнің бұйрығымен салынды.(Әмір Темір)
5. Қазақстанда отарлау саясатын жүргізген мемлекет: (Ресей)