Тіл дамыту сұрақтарын қою

Скачать

Сынып: 1
Мұғалімі: Туякова. Г. К.
Тақырыбы: Достық.
Мақсаты: 1. Оқушыларға достық тақырыбын түсіндіру, достарға байланысты сөздерді оқыту, суреттердің аттарын айтқызу, сергіту сәтін үйрету;
2. Суретпен сөйлету арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, сөздерді қайталату арқылы тілдерін дамыту;
3. табиғатты аялап, қорғай білуге, үлкенге құрмет көрсетуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу;
Әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, баяндау, қайталау, сөздік, суретпен жұмыс, аударма, сұрақ - жауап т. б.
Көрнекіліктер: Достық жайлы балалардың суреттері, ереже.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: - Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
- Оқушыларды түгендеу;
- Кітап, дәптерлерің бар ма?
Тіл дамыту сұрақтарын қою:
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?
- Бүгін аптаның қай күні?
- Қандай ай?

Өткен тақырып бойынша қайталау сұрақтары:
Хайуанаттар бағы туралы не білесіңдер?
Аңдардың атауларын айтыңдаршы?
2. Жаңа сабақ: - Оқушылар, бүгін біз достық жайлы әңгіме қозғаймыз 154 бетті ашыңдар.
Мұғалім сөзі: Оқушылар достық дегеніміз ол адамның бір - бірімен айрылмастай адал болуы. Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын деген мақал бар ғой, осы мақалды талдап көрейік.
Мақсатымыз: Достық туралы әңгіме қозғау, сөздерді қайталау, сөйлеп үйрену.
Достық туралы әңгімені қозғамас бұрын жаңа сөзді қайталап оқып өтейік.
Жаңа сөздермен таныс
Дос - друг
Достық - дружба
Ақылды - умный (- ая,- ое)
Әдемі – красивый (- ая,- ое)
1 - тапсырма. Монолологты тыңда.
- Мынау – мен.
- Мен атым – Нұрлан.
- Менің досым бар.
- Аты -

2 - тапсырма.
Сергіту сәті.
3 - тапсырма Мәтінді түсініп оқы.
Мынау мен.
Менің атым Нұрлан.
Менің досым бар.
Аты Назерке. Ол бірінші сыныпта оқиды. Назерке ақылды қыз.
Бағалау: Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларды бағалайық. Үй жұмысы 152 бет, 5 тапсырма.
4. Қорытынды кезеңі: оқушылар, Үй жануарлары мен хайуанаттардың айырмашылығын айтып бер. Хайуанаттар туралы тағы не білесіңдер.


Скачать


zharar.kz