Тақырыбы: Әдептілік – тәрбие бастауы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, кішіпейілдікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, сыпайылыққа, өз халқының салт – дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділіігін арттыру.
Әдіспікір алысу, ойын, ойталқы, айтыс.
Көрнекілігі: Адамгершілікке байланысты түрлі суреттер: Үлкенді құрметтеу , Кішіге қамқорлық , Автобус ішіндегі бала , Аналарды сыйлау , Құстарды атпау , Еңбек түрлері , туралы суреттер, Лунтик мультфильм.
Мақал – мәтелдер: Әдепті бала – арлы бала, Әдепсіз бала - сорлы бала , Жаманға айтқан ақылың далаға айтқан оқпен тең , Патриоттық әндер: Өз елім , Көк тудың желбірегені , Жаса Қазақстан , күй: Балалық шақ , ермексаз, қол орамал, оқылатын өлеңдер: Ақыл әліппесі авторлары: Е. Ерботин, Қ. Байзақов, Кішіпейілдік авторы: Ж. Кәрбозин, Үлгілі бала авторы: Т. Елеусізұлы, Әдептілік әлемі авторлары: С. Мауленов, Е. Өтетілеуов.
Пән аралық байланыс: Тіл дамыту, сөйлеп үйренейік, мүсіндеу, шебер қолдар, дене шынықтыру, сурет салу.
Кіріспе.
I Ұйымдастыру бөлімі
- Балалар қазір бізде Әдептілік – тәрбие бастауы атты тәрбие сағаты болады.
Бәріміз келген қонақтарымен сәлемдесіп алайық.
Балалар амандасады. – Сәлеметсіздер ме?
Өтілу барысы: Әдептілік, адамгершілік туралы әңгімелей отырып, оқушыларға мынадай сұрақтар қою:
- Әдептілік деген не? Әдепті бала болғың келе ме?
Балалардың жауабы: - Әдептілік адам бойындағы ең асыл қасиет. Әдепті бала болғым келеді. Әдепті бала таза, еңбекқор, адал, тілалғыш, ұқыпты болады.
- Әдепсіз дегенді қалай түсінесің?
Балалардың жауабы: Әдепсіздік адам бойындағы ең жаман қасиет.
- Әдепсіз бала қандай болады?
Әдепсіз бала лас, жалқау, өтірікші, айтқан тілді алмайды, ұқыпсыз болады.
- Әдептілікті бізге кім үйретеді?
- Балалардың жауабы: - Әдептілікті бізге үлкендер үйретеді, ата - аналарымыз үйретеді, ұстаздарымыз үйретеді.
Дұрыс айтасыңдар!
- Балалар Ертегі атай бізге сиқырлы қорап беріп жіберген. Ал оны ашу үшін біз әдепті сөздер айтуымыз керек.
Қане, бәріміз шеңбер құрып бір – бірімізге әдепті сөздер айтайық.
Балалар шеңберге жиналып бір – біріне мынадай әдепті сөздер айтады: - рахмет, сау бол, сәлеметсіз бе? сені көргеніме қуаныштымын, төрлет, оқасы жоқ, өтінемін, асың дәмді болсын, қалың қалай? Қош келдіңіз, құтты болсын, көп - көп рахмет, қалайсың, амансың ба, есенсің бе?, бақытты бол т. б.
- Керемет! Сиқырлы қораптың қақпағы ашылды.
Балалардың сұрағы?
- Қораптың ішінде не бар екен?
- Балалар қораптың ішінде сиқырлы хат жатыр. Оқып берейін.
Құрметті менің кішкентай достарым! Бүгін мен сендерді Әдептілік әліппесі мен Ұқыптылық әлеміне апарамын. Ол әлемге бару үшін сендер сиқырлы іздерден өтулерің керек. Іздерден өтсеңіз алдарыңнан екі жол кездеседі. Оңға қарай жүрсең Әдептілік әліппесі , солға қарай жүрсең ұқыптылық әлеміне тап боласың. Одан кейігі кедергі Сиқырлы үңгір үңгірден өтсеңіз алдарыңнан Суреттер әлемі шығады сәттілік тілеймін!
- Балаларымыз Әдептілік әліппесі мен Ұқыптылық әлеміне жол тартты. (музыка ойналады)
Бір күн өтті. Балаларымыз не үйренді екен?
Ортаға Ләззат пен Ақерке шығады:
Ләззат сәлеметсіздер ме! Біз Әдептілік әліппесіне саяхаттап кедлік.
Ақерке ал біз Ұқыптылық әлемінің қызығын көріп келдік.
- Ол жақтан не үйрендіңіздер?
1 оқушы:
Әдептілік әліппесі.
Ата ананың тілегі, адам болып өскенің,
Адамдықтың тірегі, адал болып өскенің.
Әдептілік дегенің әрқашанда керегің,
Әсемпаздық дегенін, әуре сарсаң әлегің.
Спортпен айналыс, сұлулық сыйлаған,
Сол саған пайдалы іс, сауық пен кинодан.
Тәртіпті бала сүйеніш, төбеңбір көкке жетеді,
Тәртіпсіз бала күйініш, төмеңдеп басың кетеді.
Ұрыншақ бала жаныңда, ұрыс пен еріс, айқай шу,
Ұстамды бала маңынан, ұнамды қылық байқайсың.
Шындықты сақтаймыз, шыншылды жақтаймыз,
Шаршы топ алдында, шығарып мақтаймыз.(Е. Ерботин)
Сыйлап сәлем беремін көршілерді көргенде,
Ізетпен бас иемін, үйге қонақ келгенде,
Әдепсіз деп сөкпесін,
анама айтып өкпесін.(Қ. Байзақов)
Кішіпейілділік.
Су құйдым да құманмен,
Қолына мен әкемнің,
Содан кеін оған мен,
Орамалын әпердім.(Ж. Кәрбозин)
Үлгілі бала
Бақшаны суарып, келеді су алып,
Самаурын қайнатып, үйде де, түзде де,
Қылығы өнегеұстазы, бізге де.(Т. Елеусізұлы)
Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса,
Сыйлы болмақ өзі де,
Үлкен болған кезіңде.(С. Мәуленов)
Ұқыптылық әлемі
Қарсы ал ерте күн көзін,
Төсегіңді жина өзің.
Асықпай іш тамақты,
Жалама аяқ - табақты.
Пышақты ұста оң қолмен,
Шанышқыны ұста сол қолмен.
Нанды үгітпе, қадірле,
Қабығымен бәрін же.
Саусағыңды сормағын,
Салдыр - салақ болмағын.
Салма ауызға инені,
Үзбе жұлып түймені,
Ашуланбай, долданып,
Жауап бергін, ойланып.
Құр бекерге қылқима,
Болмашыға бұртима.
Іштарлаққа жол берме,
Бақталастық білдірме.
Мақсат қоймай алдыңа,
Қыдырып құр қаңғыма.
Сыйла үлкен кісіні,
Қамқорлыққа ал кішіні.
Сақта көше тәртібін,
Бағдаршамның ал тілін.
Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.(Е. Өтетілеуов)
- Керемет!
- Балалар келесі кедергі Сиқырлы үңгір .
Бұдан өтсеңіз Суреттер әлеміне тап боласыңдар.(музыка ойналады)
- Бір күн өтті. Балаларымыз не үйренген екен?
II. Тақтаға сурет ілінеді.
1. Суреттер бойынша әңгімелету. Адамгершілік, сыпайылық қарым - қатынас қасиеттері жайлы әңгімелейді.
III. Адамгершілік, сыпайылық туралы сұрақтар қойып, жауабың тыңдау.
Үлкен кісімен қалай сөйлесу керек?
Қонақ келгенде бала не істеуі керек?
Қонаққа барғанда өзін қалай ұстау керек?
Мектепте, сынып ішінде қалай жүру керек?
Көшеде қалай жүру керек?
- Өте керемет!
- Балалар сендер өз еңбектеріңмен Ерті атайдың кедергілерінен жақсы өтіп саяхатын тамашалдыңдар. Енді ертегі атайдың беріп жіберген Лунтик , немесе Айдан келген жат жерлік мультфильмін қарайық.
- Балалар бұл Лунтик мультфильмінен не түсіндіңдер?
Балалардың жауабы: - Кузя тіл алмағандықтан кәмпитті көп жеп тісің ауыртып алды. Ал, Лунтик оған ескертті. Кузя қатесін түсініп істеген ісіне өте қатты өкінді. Енді тілалғыш болатынына уәде етті.
- Жарайсыңдар!
- Ендеше әдепті Лунтикті мүсіндейік. (ермексазбен жұмыстанады, күй ойналады).
- Ертегі атай сендерге сыйлық беріп жіберген. Сыйлықта не берілген?
- Балалардың жауабы: Күн.
- Күнге қандай көңіл күй беруге болады?
- Балалардың жауабы: Көңілді күй.
- Ендеше қарындаштарыңды алып салайық.
- Балалар осы сыйларыңмен бөліскілерің келе ме?
- Балалардың жауабы: Әрине бөліскіміз келеді!
- Ендеше келген қонақтарға сыйлықтарды Мынау сізге деп ұсынайық.
(балалар келген қонақтарға сыйын ұсынады).
Есік қағылады. Ішке бір қыз бала кіреді қолында хаты бар.
- Сәлеметсіңдер ме балалар мен мына хатты оқып түсінбедім кім маған хатты оқып жауабын бере алады?
- Қане балалар көмектесеміз бе?
Балалардың жауабы: Әрине көмектесеміз.
Құпия хаттарға жауап беру.
Ләззат қыздың қолындағы хатты оқиды:
1 - хат. Құрметті достар! Менің көршімнің бір баласы бар. Өтірікші, көзбе – көз өтірік айта қояды. Менімен күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба, әлде?
Хаттың жауабын берген соң
2 - хатты Дильназ оқиды: Құрметті достар Партада менімен бірге бір бала отырады. Үйінде ойнап - ойнап, тапсырмасын орындамайды, жазбай келеді. Мұғалім сабақ сұрағанда қысылады. Тапсырманы менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем, сен сараңсың дейді. Мен не істеуім керек?
Хаттың жауабын береді.
- Жарайсыңдар!
- Балалар кім тыйым сөздер біледі?
Ортаға бір ұл, бір қыз шығып тыйым сөздер айтады.
Тыйым сөздер:
Ақты төкпе.
Нанның қиқымын шашпа.
Түнде терезеден қарама. т. б.
- Жарайсыңдар!
- Сендер бүгін әдептілі жайында көп теген нәрселерді білдіңдер. Әрқашанда әдепті болып жүре беріңдер. Тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау болыңыздар!