Болашақ маршы

Скачать

Біз болашақ жастары
Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе жұмыс жасай білуге, ой - қиялын, ынтасын дамыту, елін сүюге тәрбиелеу мақсатында саяхат сабақ ретінде тәрбие сағатын өткіздім.
І. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Ұқыпты - ұтар,
Ізденген - озар.
Талпынған - табар,
Ерінген - тозар.
- Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатында ізденіп, талпынып, белсенді болайық. Біздер екі топқа бөлінеміз. Әр түрлі елдерге саяхаттап, тапсырмалар орындау арқылы Болашақ еліне жетуіміз қажет.
ІІ. Негізгі бөлім
Білімділер елі (1 слайд)
- Болашаққа жету үшін білімді болуымыз керек. Білімімізді сынау үшін сұрақтар мен тапсырмаларды орындаймыз. Тапсырма 2 кезеңнен тұрады.
1 кезең. Таңғажайып жетілік (2 слайд)
9 шаршы әр түске боялған. Осы шаршыларда 7 пәннен сұрақтар және 2 шаршының біреуінде өнер, екіншісінде сыйлық жасырылған. Әр шаршыға 10 ұпай.
Қызыл шаршы (қазақ тілі). Мәтін дегеніміз не? Түрлерін ата.
Сары шаршы (дүниетану). Кең байтақ Қазақстанның жер көлемі қанша?
Көк шаршы (қазақ тілі). Екі сөзден әріптерді қайталамай сөз құрастыру. Аға+шал = шағала Ақ+сабақ =асқабақ.
Қызғылт шаршы (әдебиет). Бақ дегеніміз не? Байлық дегеніміз не? Бала дегеніміз не? – деген сұрақтарға Төле би қалай жауап берді?
Ақ шаршы (математика). 3, 2 және 0 цифрларын пайдаланып, үш таңбалы неше сан жазып көрсетуге болады? Сол сандарды өсу ретімен жаз.
Күлгін шаршы (ұлттық дүниетаным). Жеті атаны ата.
Сарғыш шаршы (өнер). Топ өз өнерлерін көрсетеді.
Сұры шаршы (орыс тілі). Әрі оқу, әрі ойын Солнце -....., ночь -.........– күз,.... - жүз.
Қара шаршы (сыйлық). Сыйлыққа 10 ұпай беріледі.
2 кезең. Қара жәшік.
- Қара жәшіктің ішінде екі зат жасырылған. Соны тұспалдап, жұмбақтап айтамын. Ол қандай зат екенін шешулеріңіз қажет. Толық жауап берсек 5 ұпай аламыз.
1. Майысады, сынбайды, іші ауаға толы.
2. Жақсымен дос, жаманға қас.
- Келесі елге жеткенше жұмбақ шешейік.
Кірш - кірш етеді,
Ішіне кіріп кетеді.
Кішкене өзі, мың көзі.
Еңбекшілер елі (3 слайд).
1 тапсырма. Құрастыру. Екі топқа кубиктер беріледі. Сол кубиктерді дұрыс орналастыру арқылы сурет шығарамыз. Бұл тапсырма 3 ұпаймен бағаланады.
2 тапсырма. Сурет салдым сүйсіне. Бірінші топ мысықтың басын, екінші топ мысықтың кеудесін жалғастырып салады. Әдемі салынған суретке 2 ұпай.
- Денсаулық еліне жеткенше сұрақтарға жауап береміз. Балаларды сауықтыру орталығы қалай аталады? Оның президенті кім?
Денсаулық елі (4 слайд).
1 тапсырма. Берілген суреттерден тіске зиянды, зиянсыз заттарды екі топқа бөлу. Дұрыс жауапқа 3 ұпай беріледі.
2 тапсырма. Денім сау болсын десең әңгімелеу. 5 ұпай.
Балалар барлық елдерді аралап, тапсырманы жақсы орындадық. Қай топтың ұпай саны көп және сол топтағы екі оқушы Болашақ елінің есігін ашады.
Болашақ елі (5 слайд).
- Болашақта бәрімізде үлкен азамат боламыз. Біріміз мұғалім, біріміз дәрігер, біріміз есепші болып қызмет атқарамыз. Енді өз ауылымыз болашақ Қайыңдыны өз қолымызбен көркейтейік. Ол үшін ауылымыз болашақта қандай болатынын елестетіп, сөзбен жеткізіп, суретті жабыстырамыз.
Ән: Болашақ маршы.


Скачать


zharar.kz