Мұхтар Әуезовтің Қараш-Қараш оқиғасы
Бақтығұлдың тағдыры
Қазақ әдебиеті 8-сынып
Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов Қараш - Қараш оқиғасы Бақтығұлдың тағдыры
Мақсаты: Хикаят бойынша алған білімдерін қорытады, жинақтайды, кейіпкерлердің өмірдегі шынайы бейнесін таниды.
Міндеттері:
1.Мазмұнға байланысты:
Шығарманың мазмұнын толық талдайды,басты кейіпкердің іс-әрекеттері арқылы сол заманның саяси құпиясын ұғынады.
2.СТО-ны дамытуға байланысты:
Кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне орай баға бере білуде ойлау,сөйлеу қабілеттері дамиды,алған білімін ойымен салыстырады.,
3.Топпен жұмыс:
Оқушы өз ойын белгілі мәліметтер арқылы дәлелдеуге үйренеді, бірін-бірі оқытады, топтастарының сұрақтарына жауап іздейді, қорытынды шығарады.
Түрі: қорыту - жинақтау сабағы
Типі: проблемалық оқыту
Қолданылатын әдіс-тәсілдер, стратегиялар: проблемалық сұрақтар, пікірталас, іздендіру
Пәнаралық байланыс: 1.Қазақстан тарихы Тұрар Рысқұлов
2.Әдебиет Ш.Мұртаза Қызыл жебе романы
3. Кино өнері Асуда атылған оқ
Көрнекілігі: Слайдқа салынған суреттер, сызбалар, флипчарт
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту
Ой шақыру стратегиясы
1. Асуда атылған оқ кинофильмінен үзінді көрсету арқылы өтілген материалды еске түсіру.
- Бұл үзінді қай фильмнен алынған?
- Фильм кімнің,қай шығармасы желісі бойынша түсірілген?
- 2. Жоспар бойынша үзіндінің мазмұнын еске түсіру
Тараулар. Тақырып. Басты оқиғалар.
ІІ. ште кеткен кек....
•....Тектіғұлдың науқасы
•. Өксікті күндер
•. Аянышты өлімі
ІІ. Кек жолындағы жортуыл....
•....Сәлмен жылқысына барымталау
•. Ұрланған бие
ІІІ. Қуғыншылар....
•....Сойылған бие
•Қуғыншылар
•. Соққыға ұшыраған Бақтығұл
•. Намыс,ар,қорлану
ІV. Пана іздеу....
•....Арқар ату
•. Жарасбайға тартуы
•. Өтініш,тілек
V. Адасу....
•....Жарасбай жанындағы тірлік.
•. Ақ жолдан таю
•. Барымташы Бақтығұл
VІ. Екі жүзді аярлық....
•....Ел ішіндегі тартыс
•. Сатқындық.
•. Билер соты, үкім
VІІ. Қуғын....
•....Қуғынға ұшырау
VІІІ. Өш алу....
•....Жасырыну
•. Әділ үкім....Алынған кек
ІІ. Мағынаны тану
1.Тақтаға түрлі түсті ұяшықтардың астына жасырынған сұрақтарды таңдау арқылы сұрақ-жауап әдісі бойынша шығарманың проблематикасы,жазушының идеялық-эстетикалық мұраты жөнінде әңгімелесу.
1. Тектіғұл өліміне не себеп болды? Оның өлімінде қандай саяси-әлеуметтік мән жатыр? Бұл өлімнің шығармадағы орны қандай?
2. Інісінің өлімі Бақтығұлға қалай әсер етті?
3. Бақтығұлдың барымтаға аттануына, ұрлық жасауына қалай қарайсың? Ақтайсың ба, қаралайсың ба?
4. Жарасбай болысқа баруын құптайсың ба, жоқ па?
5. Бақтығұлдың басты-басты қателіктерін, адасуларын ата.
6. Ол адасуларға тек Сәлмен, Жарасбайлар ғана кінәлі ме? Өзіне кінә қояр ма едің?
7. Неліктен Бақтығұл Сәлменді емес, Жарасбайды өлтірді?
8. Жарасбайды өлтіру қылмыс па?
9. Билер алдындағы Не болса да ақпын , Менде айып жоқ деген ойынан бастап, Бақтығұл монологын қайта оқып шық. Осы монологтың маңызы неде деп ойлайсың?
10. Билер Бақтығұлға қандай үкім шығарды?
11. Бақтығұл сол күннен бастап қандай өмір сүруге мәжбүр болды?
12. Қашқын болып жүріп қандай қауіп-қатерге ұшырады?
13. Бәлем, осыныңды ұмытпа! деген кектену, өшігу сезімі қандай жағдайда, неге байланысты туды?
14. Сол билер алдындағы Егер осы Қоқыш сөзіндей Жарасбайдың айтқаны шын болса, ... деп басталатын Бақтығұл сөзінің мәнін түсіндір. Осы абзацтың Бақтығұл бейнесін ашуда маңызы бар ма?
15. Ақылды, әрі күшті рухы бар Бақтығұл неге қол шоқпар, барымташы, сорлы малайға айналды?
16. Қараш-Қараш оқиғасы арқылы жазушы қандай мәселелерді көтерген? Шығарма неге Қараш-Қараш оқиғасы деп аталған?
2. Бақтығұл бейнесін ашу ....Мәтінмен жұмыс.
1. Бақтығұлдың портреті Бақтығұл өзі кесек ,балуан денелі,иықты,кеуделі келген.Қалың тік қара мұртты.(тақтаға жазып көрсетеді)
2. Бақтығұлға мінездеме беру. Шығармадағы бейнеленген іс-әрекеттері,монологтары арқылы Бақтығұлдың бейнесін, жан дүниесі,психологиясын көрсету.(интерактивті тақтада оқушылар кестені толтырады)
Бақтығұлдың іс-әрекеттері, монологы
Жан дүниесі,психологиясы
1. - Бақтығұл Сәлменнің мыңға тарта жылқысының сан жүзін тудырып - өсіріп,қысы-жазы байдың жылқысының соңында болды Жиырма жыл бойы Сәлменнің жылқышысы болды
2. - Күздің ұзақ түні мынау.Қазір алған малмен соқтырып кетсем,таң атқанша ұзап кетем.Осы жауын ізімді шаяды.Түк алмай қайтпақпын ба?Қаңғырып жүріп,қадалған жерден нәр сызбай кеткенім бе? Көңілінде көптен шешілмей келе жатқан күдік бар.Аш күйінде ұйқы көрмеген,жол қиындығы,күзгі түн суығы,аштықпен бұралу үйінде жатқызбай қара талқан,құр тарыға ырза қылдырмай түн жамылтып алып шықты.
3. Мұншалық қорлыққа жеткізді-ау!Панасыздың көрері осындай итшілік күн болмай,не болушы еді!Енді сүйенетін кісі таппай болмас. Налыған,өмірден әділдік іздеген,қорғансыз жан
4. Бағымды осымен де бір сынап көрейінші.Қозыбақ аулының атаған абақтысынан құтқарса,осы құтқарар болар ма? Сүйенетін панасы,үміт еткені- Жарасбай болыс.Айтқанына көніп,қайтсе де жағынып көрмекші
5. Мына сияқты итшілеп жүрген тірішліктен біздей кісіге өлсек те,түк етпейді екен Жау дүние,мейірімсіз тіршілікке суынған,кегі қайнаған
6. Мен бүгін бір бұғы атып келемін Дерт пен ызадан құлантаза сауыққан,сергіп,ойнақшыған кейіпкер
3. Топтастыру стратегиясы
Бақтығұл: жылқышы, күрескер, еңбекқор, сенгіш, батыл, шыдамды, аңғал, қорғансыз
4. Ойлану баспалдағы стратегиясы.Бір тақырып бойынша сұрақ дайындау, оған жауап беру
1.Бақтығұл
2.Бақтығұл, Тектіғұл
3. Бақтығұл, Тектіғұл, Сәлмен
4. Бақтығұл, Тектіғұл, Сәлмен, Жарасбай
5. Бақтығұл, Тектіғұл, Сәлмен, Жарасбай, қоғам
ІІІ.Ой толғаныс ( Оқушылар шығарма бойынша өз ойларын ортаға салады.)
Пікірлер пирамидасы
Бақтығұл - еркіндікті аңсаған намысшыл қазақ
Бақтығұл - кек алушы күрескер
Бақтығұл - Сәлмен мен Жарасбайдың құрбаны
Бақтығұл - қорғансыз сорлы
Мұғалімнің қорытынды сөзі
1. ... Рысқұл оқымаған болғанымен, көкірегі ояу адам еді. Түрменің ұзақ түндерінде баласын ұйқыдан қысып отырып айтқан сырлары зая кетпес. Тұрар енді бір жиырма жылдан кейін әлде бір жазушымен дос болып, өз әкесінің басынан өткен шытырман шындықты оған арман ағысындай етіп айтып берер. Содан барып Қараш-Қараш туар (Көрнекті қазақ жазушысы, мемлекеттік қайраткері Шерхан Мұртазаның Қызыл жебе романынынан үзінді)
Бұл үзіндідегі Тұрар -1894, Жетісу облысы, Верный уезі Шығыс Талғар болысында өмірге келген қазақ қайраткері.
Бұл өзі Шілменбет руынан шыққан қарапайым қазақ еді. Қара шаруа болса да, рухы күшті, қайраты мол, қажырлы қазақ. Бұл атырапта одан өткен мерген, Іле Алатауын одан артық білетін адам болмаған . (Ш.М. Рысқұл. 192) Ал енді бір суреттейтін жері - Рысқұлдың түрмеден бір рет қашып шығып жасырын жүргенде, түрме басшыларының баласы Тұрарды өлтіреміз деген сөздерін естіп, амалсыздан сол түрмеге қайтып келетін кез. Бұл кездегі Рысқұл кескін келбеті былайша көрінді: Сол күні сұрғылт іңірде Верныйдың облыстық түрмесінің сұрғылт қақпасын үсті-басы ұсқынсыздау, киім-басы жүдеу, ескі киіз қалпағына шөп шалам жабысып қалқан кеуделі, жазық жоталы, көзі ашулы арланның көзіндей ызғарлы бір адам келіп қақты . (Ш.М.Рысқұл 68) Шығармадағы бас кейіпкер Бақтығұлдың прототипі тарихи тұлға Жылқыайдаров Рысқұл - Тұрардың әкесі.Жастайынан әділетсіздік көрген, патша әкімшілігінің озбырлығына шыдамаған Рысқұл Жылқыайдарұлы 1904 жылы желтоқсанда халыққа тізесі батқан Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіреді.
Прототип– көркем шығармадағы кейіпкердің бейнесін жасауға тірек, негіз болған өмірде бар адам. Шығармадағы Бақтығұлдың інісі Тектіғұл - Молдабек, баласы Сейіт – Тұрар, Қатша-Тұрардың анасы Ізбайша,Жарасбай болыс – Саймасай Үшкемпіров.
3.1968 жылы Қазақфильм мен Қырғызфильм киностудиялары бірігіп, Выстрел на перевале ( Асуда атылған оқ ) көркем фильмі түсірілді. ( Фильмнен кинокадрлар көрсетіледі)
Үйге тапсырма...
Шығармадағы жазушы қолданған көркемдік әдіс-тәсілдер тақырыбына шығармашылық ізденіс.
Оқушыларды бағалау.
Атырау қаласы, №35 мектеп - гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Баймуханова Амангүл Қыздарбайқызы