Ағаштардың қасиеті

Скачать

Сабақ негізделген оқу мақсаты: 1. Ағаштардың табиғатқа, адамзатқа тигізетін пайдасын біле отырып мәтінді түсініп оқу.
2. Отан мен туған жеріміздің табиғатын әрқашан аялау, қорғау, сақтай білуге баулу, оқушылардың патриоттық сезімдерін арттыру.

Күтілетін нәтиже Барлық оқушылар:
*Ағаштың адам өміріне пайдасын түсіне біледі.
Оқушылардың басым бөлігі:
*Экологиялық мәселе шешімін іздеуге талпыныс арқылы оқу, жазу, сөйлеу мәдениеті қалыптасады.
Кейбір оқушылар:
*Ағаштардың емдік қасиеттерлері туралы өз ойын тұжырымдап, дәлелдей алады. (қайың)

Тілдік мақсат Оқушылар:
Мақал – мәтелдердің мағынасын ашып түсіндіре алады. Мәтін мазмұнын өмірмен байланыстыра алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Бас иіп, тәжім ету – құрмет көрсету
Сыныптағы диалог жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
1. Ағаштардың қасиеті
2. Ғұлама ғалымның сөзі
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?
- Туған жерді бағалау деген не?
- Адамзат ағашсыз өмір сүре алар ма еді, қалай ойлайсың?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Ағаш сөзіне синквейн құрастыр
Мәтін мазмұнына сай мақал - мәтел жаз.
(Доссыз адам – жапырақсыз ағаш.
Ағаш тамырымен, адам досымен мықты.
Ағашы аласа болса да, алмасы тамаша.)


Скачать


zharar.kz