Адасқан сандар ойыны

Скачать

Пәні: Математика
Сабақтың тақырыбы: 10 санын қосу және азайтуды бекіту
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 10 көлеміндегі кестелік қосу бойынша алған білімдерін, санды өрнектер, сандарды салыстыру, есеп шығару, берілген есепке кері есептер құрастыру
Тәрбиелік: Сыныптастарына, қасында бірге отыратын достарына көмектесуге тәрбиелеу Оқушылардың бойында елжандылық, еңбексүйгіштік, адамгершілік пен адалдық, шапшаңдық пен тазалық қасиеттерін қалыптырастыру. Бірінің пікірін бірі тыңдауға тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың өзін - өзі бағалауын, есептеп шығару арқылы логикалық ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Коммуникативтілік құзыреттілігін қалыптастыру
Сабақтың типі: алған білімді тәжірибеде қолдану сабағы
Технологиясы: дамыта оқыту
Сабақтың әдіс - тәсілі: Көрнекілік: демонстрация, иллюстрация, сұрақ - жауап, әңгімелесу, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: суреттер карточкалар, слайд беттері
Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу
Пайдаланған әдебиеттер: 1 сынып математика әдістемелігі, Т. К. Оспанов Математика , Алматы, Ойнайық та, ойлайық! 2007ж Алматы, Ұстаз үні №18, 2009ж
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
А) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Ә) Сынып тазалағына мән беру
Б) Құрал - жабдықтарын түгендеу
ІІ. Психологиялық дайындық
Қуан шаттан,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
ІІІ. Тақырып бойынша практикалық жұмыстар:
Адасқан сандар ойыны
1. Сандарды 1 - ден 10 - ға дейін рет - ретімен тақтаға орналастыру
2. Сандарды 10 - нан 1 - ге дейін орналастыру
Оқулықпен жұмыс
№1
Өрнектерді пайдаланып, теңсіздіктер құрастыр
№2
Қысқаша жазылуы бойынша есептер құрастыру
а) Сыныпта 6 қыз бала бареді, оған 3 қыз бала келіп қосылды. Сыныпта барлығы қанша қыз бала болды?
ә) Сыныпта 8 ер бала бар еді. Оның 2 - уі басқа сыныпқа ауысты. Сыныпта қанша ер бала қалды?
№3
Қобдишаны ашып, ішінде тұрған хатты алып оқып беремін.
- Балалар мен орманшы едім. Міне қыс айында ормандағы жан - жануарлардың басында баспанасы жоқ. Соған сіздер үйдің кірпішін қалауға көмектессеңіздер екен деп келдім.
- Я, көмектесеміз
(Әрбір кірпіш 1 тапсырмадан тұрады)
7+0*7 - 0 6+0*6+2 3+2*3+0
5 - 5*5 - 2 4+4*4+0 8+0*8 - 8
4 - 3*2+1 8 - 7*4+2 9 - 9*10 - 1
Орманшы алғысын білдірді. Оқушылар үйдіңкірпішін қалап берді.
Ойын “Кім жылдам”.
Интерактивтік тақтаға шеңберлер беріледі. Оқушылар шеңбердің артында берілген тапсырманы орындап, аққала құрастырады.
№4
- Балалар біз жеміс бағына саяхатқа барамыз ба?
- Ал біз қандай жемісті жақсы көреміз?
- Олай болса, бұтақтың басында тұрған шиені алып жеу үшін төмендегі тапсырмаларды орындауымыз қажет.
Сергіту сәті
Қысқы табиғат құбылыстарын бейнелеу. Аяз, жел, боран құбылыстарына байланысты жаттығулар жасату.
Өзіндік жұмыс
3+1= 3 - 3= 4+2=
10 - 7= 8 - 6= 9 - 4=
8+1= 7+1= 10 - 8=
ІҮ. Үйге тапсырма беру
Үйге тапсырма ретінде №5 140бет.
Ү. Бағалау
Сабаққа белсене қатысып отырған оқушыларды мадақтап, бағалау
ҮІ. ҚОРЫТЫНДЫЛАУ


Скачать


zharar.kz