Мұғалімнің іс - әрекеті
Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. Бастаймыз деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.
Оқушының іс-әрекеті
1.Жаттығуды орындайды.
2. Қорытынды жасайды.
Алдар Көсе — қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакер, қудың жиынтық бейнесі. Оның мақсаты – сараң байды, пайдакүнем саудагерді, озбыр ханды, т. б. әжуа ету. Мысалы, ол асқан сараңдығы үшін халық Шықбермес Шығайбай атаған байдың асын ішіп, атын мініп, қызын алады; алыпсатар саудагердің алдынан өгіздерін айдап кетеді; оның бұл әрекетін халық айыптамайды, қайта құптап, қошеметтеп отырады. Өйткені, Алдар Көсе әділетсіз билік иелерінен қиянат, қорлық көрген қарапайым халықтың өкілі. Алдар көсе түркі тілдес халықтар (қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, т. б.) әдебиетінің көбіне ортақ тұлға. Оның өмірде болғанын, қай заманда өмір сүргенін дәлелдейтін тарихи дерек жоқ. Алдар көсе бейнесі қазақ театр және кино өнері туындыларында да көрініс тапқан. Шахмет Хұсайынов Алдар Көсе пьесасын (1942) және Алдар Көсе фильмінің (1964, режиссері Шәкен Айманов) сценарийін жазды.