Тақырыбы: Қыс
Мақсаты: Балаларды ормандағы қыс мезгілінде болатын өзгерітер туралы түсінік беру. Балалардың шығармашылық ынтасын ояту. Түсті қағазға дәстүрлі емес тәсілмен жұмыс істеу іскерлігіне баулу. Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: Саусақ ұшымен түртіп, салу.
Көрнекіліктер: түрлі - түсті картон, тіс пастасы, дымқыл салфетка.
Оқу іс - әрекетінің барысы:
Тәрбиеші: Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.
Шаттық шеңбер:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Жарқырайды қаламыз,
Қайырлы таң апайлар,
Қайырлы таң, достарым!
Тәрбиеші:- Жарайсыңдар, балалар, қанекей айтыңдаршы, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір жылдың қыс мезгілі.
- Қыс мезгілінде ауа - райы қандай болады?
- Қыста күн аяз болады, күн қысқарады, боран соғады, қар жауады.
- Балалар, сендер қыс туралы тақпақ білесіңдер ме?
Ернұр: Әппақ, әппақ қар әппақ,
Айналаның бәрі әппақ.
Қырау - қырау тал әппақ,
Қар жамылған дала әппақ.
Дияна: Бір топ бала далада,
Қардан соқты аққала.
Мұны сәбіз үп - үшкір,
Көзі көмір қап - қара.
Тәрбиеші: рахмет балалар
Балалар қыста орман қандай болады екен?
Сендер орманға барғыларың келе ме?
- иа, барғымыз келеді
- ендеше мен сендерге сиқырлы қалпақтар сыйлаймын, сол қалпақтарды киіп бір мезетте орманға жетейік.
Балалар бастарына қалпақтарын киеді\
- Қанекей көзімізді жұмып айналйық
- Міне балалар орманға да келіп жеттік. Не көріп тұрсыңдар?
- Біздер шырша, ағаштар, қар көріп тұрмыз
- Қызықты сәт: Қоянның келуі.
- Саламатсыңдарма балалар
- Сендер орманды көруге келдіңдерме? Қараңдаршы орман қандай керемет даланың бәрі әппәқ, менде әппақ, жазда сұр боламын себебі қасқырдан қорғануым керек.
- Ал, мынау ненің апаны?
Қоян:- Бұл аюдың апаны
Тәрбиеші: Қоян сен білесіңбе, біздің балалар аютуралы, қоян туралы тақпақ біледі.
Қоян: Қане айта қойыңдар
Карим: Балпан - балпен басамын,
Алты қырдан асамын
Нұрай: Қайшы құлан қоянмын,
Ақшыл түске боялдым
Қоян:- Ой, рахет балалар. Сендер ақылды екенсіңдер, мен сендерге сыйлық берейін\қоян балаларға ағаштар, шыршалар салынған суретті таратып береді\
Тәрбиеші: рахмет қоян, балалар қараңдаршы мына сурет әдемі екен бірақ жанағы біз көрген орманға ұқсамайды екен не жетіспей тұр.
Ол, қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
Балалар: қар
Тәрбиеші: Балалар дұрыс таптыңдар. Ендеше біз бүгін сурет сабағын пайдаланып мына суретті қыс мезгіліне айналдырайық, қоян сен ренжімейсің бе?
Қоян: жоқ мен ренжімеймін тек сендер маған сурет салып үйретсеңдер болды.
Тәрбиеші: Олай болса бізбен бақшаға жүр\балалар сиқырлы қалпақтарын киіп бақшаға оралады\
Тәрбиеші: Балалар бүгін біз күнделікті бояумен емес күнделікті қолданатын тіс пастасын пайдаланамыз, және қылқаламмен емес саусақ ұшыментүртіп бейнелейміз.\тәрбиеші салып кқрсетеді\
Балалар суретті қысқы орманға айналдырады.
Сергіту: Боран соғады оң жақтан
Боран соғады сол жақтан
Қар лақтырып ойнасақ,
Су өтеді қолғаптан.
Көрме ұйымдастыру: балалар салған суреттеріне баға береді.
Қоян: Сендер суретті жақсы салады екенсіңдер, енді көңілімізді көтеру үшін менімен ойын ойнайсыңдар ма?
Ойын: Қар лақтыру
Қоян: енді мен орманыма оралайын, сендермен біраз көңіл көтердім, кездескенше сау болып тұрыңдар.
Тәрбиеші:
- Балалар бугін қайда бардық?
- Нені кездестірдік?
- Ненің суретін салдық?
Балалардың жауабы.
Тәрбиеші:
- Сендердің көңіл күйлерің қандай?
- Тамаша
- Қыс мезгілі қандай?
- Тамаша
- Салған суретіміз қандай?
- Тамаша
- Келген қонақтарымыз қандай?
- Тамаша
- Ендеше қонақтарға көңіл күйімізді сыйлайық.
Балалар апайларға смайликтер сыйлайды.