Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға мәтінді оқып, мазмұндау. Бала Жамбылдың өнер адамы болып қалыптасуындағы өскен ортасының, ұлттық салт - дәстүрдің әсерін түсінуге жағдай туғызу.
Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілеттерін, сабақтағы белсенділігі мен шеберлік дағдысын қалыптастыра отырып, өз ойларын еркін айтуға дағдыландыру.
Тәрбиелігі: ақынның өмірлік мақсаты мен арманына жетудегі талпынысы мен табандылығын үлгі ету, оқушыларды білімді, дарынды болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, тізбектеп оқыту, топтастыру стратегиясы
Сабақтың көрнекілігі: Жамбыл ақын мен Сүйінбай портреті, тірек сызбалар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
А) Бала Тұрар мәтінін оқып, мазмұндау
Ә ) Үй тапсырмасын тірек - сызба арқылы бекіту
Ақылды
Бала Тұрар кім?
Жазуы сауатты, оқымысты
өте әдемі
сабырлы
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жамбыл Жабаевтың қысқаша өмірімен танысу.
Жамбыл Жабаев 100 жыл жасаған ақын, жыршы, және айтыскер ақын болған. Ол 1846 жылы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген. Жамбылдың әкесі қарапайым, мал бағатын кедей шопан болған. Ол 10 жасынан өлең - жырға бейім, 12 - 13 жасынан бастап әкесінің інісінен домбыра үйренген. Кішкентай кезінен бастап ән айтып, домбыра тартуға құмартады. Ұстазы Сүйінбайдан бата алған. Бірнеше жыл Сүйінбайдың қасында жүріп, оның суырып салмалық мектебінен тәлім - тәрбие алып үйренген. Енді, осы Жамбыл атамыздың өмірі туралы бізге мәтін беріліпті, соны оқып танысайық.
ІV. Мәтінмен жұмыс.
А. Мұғалімнің мәтінді оқып, түсіндіруі
Ә. Мәтінді тізбектей оқыту
Б. Мәтінді бөлімдерге бөліп оқыту
1. Ж. Жабаевтың өмірге келуі.
2. Балалық шағы
3. Сүйінбай ақынмен кездесуі
V. Дәптермен жұмыс.
1. Сандықшаның ішіндегі сөздердің мағынасын ашып жазу. Мәтін ішінен іздеп табу.
Жарапазан - ораза айында үй аралап жүріп айтатын ән
Әуес - бір нәрсеге үйір, құмар, құштар
Құлазыған - көңіл күйдің бұзылуы
Шоқпыт - ескі, кедейдің киімі
Құйқылжыта - тамылжытып ән салу
2. Мәтінде байқалған жақсы сөздерді теріп жазу.
VІ. Мен саған, сен маған ойыны (мәтіннің мазмұнын сұрақ қою арқылы ашу, талдау)
1. Ж. Жабаев қай жерде, қай жылы дүниеге келген?
2. Жамбыл есімінің қойылу себебі неде?
3. Жамбыл өз туған жерін қалай сипаттайды?
4. Әкесінен қай кезден бастап айырылады? Одан кейін ол қалай өмір сүреді?
5. Жамбылды балалық шағында жақсы сөзімен адамгершілікке тәрбиелеген кімдер болды?
6. Ж. Жабаев кімнен бата алды?
7. Олай болса, балалар, Жамбылдың ұстазы Сүйінбай туралы мағлұмат берейін.
Сүйінбай Аронұлы 1815 - 1898 жылдар арасында өмір сүрген. Ол 13 жасында ақындық жолға түскен жыршы, қобызшы, күйші, ақын және де Жамбылдың ұстазы. Сүйінбайдың ақындық өнері арғы атасы Күпестен мұра болған. Балалық шағында байдың малын баққан.
VІІ. Қорытындылау.(топтастыру стратегиясы)
Жамбыл атында нелер бар?
Ж. Жабаевтың өлеңдері мен шығармаларын ата
Жамбыл Жабаев кім?
ІХ. Бағалау
Х. Үйге тапсырма беру
1) " Менің өмірім" мәтінін оқып, мазмұндау
2)"Өнерге құштар бала" тақырыбында шығарма жазу.