Бұлттың тапсырмалары

Скачать

Пән: Өзін – өзі тану
Сабақтың тақырыбы: Сіз деген – әдеп, біз деген – көмек.
Көп жүрген жер – көңілді,
Көп еңбегі – өнімді.
Мақал
Мақсаты: Балалардың сыйластық , қамқорлық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Өзара сыйластық қарым – қатынастарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;
Бірлесіп еңбек етуге қызығушылығын арттыру;
Өзара сыйластыққа, өзара көмекке, бірлікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, плакаттар, түрлі түсті қағаз, жүрекшелер, үлкен бір жүрекше.
Шаттық шеңбері:
Балалар шеңбер құрып тұрайық.
- Балалар, Әдептіліктің белгісі - иіліп сәлем бергені дегендей, қане, балалар, бәріміз бір – бірімізге иіліп амандасайық.

Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,
Баршаңызға құрметпен, бас иеміз біз.
Жүректі біз ашайық,
Бақыт нұрын шашайық.
Барлық жақсы тілекті,
Сіздерге біз арнайық.
Жақсы балалар енді осы шаттық шеңберде тұрған қалпымызда мына түстердің ішінен өздеріңе ұнаған түсті таңдап ала қойыңдар.
Балалар, сары , қызыл , әр топ өздерің таңдаған түске топпен отыра қойыңдар.
Сары түс – бірлік тобы
Қызыл түс – ынтымақ тобы
Балалар тақтаға қараңдаршы, не көріп тұрмыз – бұлт күннің көзін басып тұр, иә, ендеше біз бүгінгі сабағымызда осы күннің көзін бұлттан арылтуымыз керек ол үшін біз бар білімімізді ортаға салып бұлттың бізге қойған талаптарын бұлжытпай орындасақ қана күннің көзі аша аламыз.
Бұлттың тапсырмаларын орындаймыз ба?
Балалар жауабы.
Бұлттың тапсырмалары; (күннің бетіндегі бұлтты бір, бірлеп алып артындағы тапсырманы оқып отырамын, осылайша сабақ соңында күннің көзі бұлттан толық арылып көңілді күннің көзі шығады. Соңынан жүректен жүрекке тапсырмасы орындалып сабақ аяқталады.


Скачать


zharar.kz