Ақтөбе облыстық мамандандырылған
физика - математикалық мектеп - интернаты
математика пәні мұғалімі
Ғұбайдуллина Венера Нұртайқызы
Математика 6 сынып
Тақырыбы: Рационал сандардың периодты ондық бөлшек түрінде жазылуы
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға рационал сандарды ондық периодты бөлшек түрінде жазуды үйрету;
Дамытушылық: Тақырыпты меңгерте отырып, есептер шығару барысында оқушылардың білім - білік, дағдыларын қалыптастыру;
Тәрбиелілік: Адамгершілікке, еңбекке, жауапкершілікке, математикалық тілмен сөйлеуге, математикалық сауаттылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақтың құрылымы: 1. Ұйымдастыру
2. Жаңа сабақты түсіндіру
3. Есептер шығару
4. Бекіту;
5. Үйге тапсырма;
6. Бағалау.
Сабақ барысы:
Кез келген рационал санды p q ( p – бүтін сан, q – натурал сан) – қысқартылмайтын жай бөлшек түрінде жазуға болады. Қысқартылмайтын жай бөлшек түрінде жазылған рационал санды ондық бөлшек түрінде жазу үшін, оның алымын бөліміне бұрыштап бөлу керек.
І жағдай. p q қысқартылмайтын жай бөлшектің бөлімінің жай көбейткіштерге жіктелуінде 2мен 5 - тен басқа жай көбейткіштер болмайды. Мысалы: 7 20жай бөлшегіндегі 20=2*2*5, 7: 20=0, 35. Демек 7 20=0, 35.