Төрт – түлігім ырысым .
Мақсаты:
1. Төрт түлік туралы толық мағлұмат беру, оларды жеке - жеке таныстыру.
2. Төрт түлік туралы мақал - мәтелдер, өлеңдер, жұмбақтар жаттату.
3. Оқушыларды төрт түлік малды қастерлеуге тәрбиелеу.
Барысы:
1. Кіріспе сөз.
- Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық.
Мал олардың киімі, тамағы, көлігі. Бір сөзбен айтқанда бар -
лық тіршілігі, күнелтісі малға байланысты болған. Сондық - тан да қазақтар малды жақсы көрген, төлдетуді, күтіп - бағуды
көбейтіп, өсіруді ойдағыдай игеріп, отбасына қажетіне қарай
іріктеп сойып жеп отырған. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бойынша олар малдың өрісін, тіршілік табиғатын, қадір - қасиетін әбден зерттеп білген. Халқымыз өздерінің тіршілік шаруашылық өмірін осы мал өсіруімен байланыстыра жасаған. Малдың етін, сүтін, терісін, тіпті
мүйізіне, сүйегіне дейін ұқсата білген. Сондықтан қасиетті
төрт - түлікке қатысты ұлтымыздың ұғымдары мен бай тәжірибесін ұмытпауға тиіспіз.
Жұмбақ: Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
- Бұл қандай мал?
- Түйе.
1 - оқушы: Төрт түліктің төресі - түйе туралы мазмұнын айтып береді.
- Түйе төлі - ботақан,
Мөлдіреп көзі ойнаған.
Бота туралы тақпақ.
Жұмбақ: Көкке шаншып құйрығын,
Шауып келеді жүйрігім
- Бұл қандай жануар екен?
2 - оқушы: Жылқы - ер қанаты туралы айтады.
- Жылқы төлі - құлыншақ,
Тұяғы жерге ұрыншақ.
Ән Құлыншақ орындайтын хор.
Жұмбақ: Төрт тағанда бойы бар,
Момындық дұрыс ойы бар.
Кербезденіп жүрмейді,
Айналдырған тоны бар.
- Бұл қандай жануар?
3 - оқушы: Қой - төрт түліктің момыны туралы айтады.
- Қой төлі - қошақан,
Өріске қашқан қорадан.
Ән Қошақан орындайтын хор.
Жұмбақ: Асты пышақ, үсті істік
Өзіне лайықтап киім пішкен,
Секіріп - секіріп түскен.
- Бұл қандай жануар?
4 - оқушы: Ешкі - өсімтал мал туралы айтады.
- Ешкі төлі - лақ,
Тыныш тұрмайды ол бірақ.
Лақ туралы тақпақ.
- Ал әр жануар және мал өз баласын қалай сүйеді екен?
Қазір біз Малдың төлін сүюі туралы өлеңді тыңдап білеміз.
- Мал бағу, оны мәпелеп өсіру - аса ардақты өнер.
Өлең Малды құрметтеу
Тыйым сөздер
1. Малды теппе, ақты төкпе.
2. Малды басынан ұрма.
3. Малға теріс мінбе.
Қорытынды: Бүгін балалар, біз төрт - түлік туралы көптеген мағлұмат алдық, оларды қадірлей білу керек.