Денелердің жүріп өткен жолы

Скачать

Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылы,
Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектептің
Физика пәнінің мұғалімі Сейтказиева Асыл Маратовна

Физика 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: §35. Гук заңы. §36. Динамометр
Өткізілетін уақыты: 25. 12. 2015 жыл
Сабақтың мақсаты: Гук заңын тұжырымдау, динамометрдің құрылысын білу.
Сабақтың нәтижесі:
Әр түрлі материалдардың серпімділік қасиеттерін анықтап, қолдана біледі;
Гук заңын есептер шығаруға қолдана алады;
Гук заңының заңының тұжырымдамасын береді;
Динамометрдің құрылысын және қарапайым түрін жасай біледі.
Сабақты өткізу әдісі: Тақырыпты топпен жұмыста тапсырмалар орындау арқылы игерту.
Ұсынылған ресурстар: Серіппе, штатив, жүктер, сызғыш, проектор, слайдтар, топтарға арналған
тапсырма парақтары, флипчарт.

Барысы
Мұғалімнің іс - әрекеті
Сәлемдесу.
Топқа бөлу.
 Қатысушылардың рөлдерін бөлу.
 Бағалау парағын беру.

Өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар беру.
1 топ:
1. Зат неден тұрады? молекуладан
2. Бізді қоршаған орта? табиғат
3. Молекулалардың бір - біріне өту құбылысы? диффузия
4. Қанттың салқын суға қарағанда ыстық суда тезірек еруі неліктен? температура артқан сайын диффузия тез жүреді
5. Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама? Күш

2 - топ:
1. Аспан денелері туралы ғылым? астрономия
2. Диффузия қай күйде тез өтеді? газ
3. Денелердің жүріп өткен жолы? траектория
4. 1 жұмыртқаны 3 минутта пісірсе, 5 жұмыртқаны неше минутта пісіреді? 3 минут
5. Денеге басқа денелер әрекет етпеген кездегі жылдамдығын сақтау құбылысы? инерция

3 - топ:
1. 360 минутта неше сағат бар? 6 сағат
2. Судың қатты күйі? мұз
3. Айдың бетінде тұрып аққан
жұлдыздарды көруге бола ма? жоқ, өйткені онда атмосфера жоқ
4. Заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шама? заттың тығыздығы
5. Дененің бастапқы орнын оның келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді? орын ауыстыру


Скачать


zharar.kz