Жасарал Еңсеповтің Әке толғауы күйін таспадан тыңдату

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Жасарал Еңсепов Әке толғауы күйі
Сабақтың мақсаты: Күйді ойнап үйрену.
Тәрбиелік мақсаты: күй өнерінің құдіреттілігін ұғындыра отырып, күйшілік
Өнерге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Күйлерді тыңдата отырып, есту қабілетімен аспаптық
Музыкаға деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: 1) Домбыра, 2) Мултемедия, 3) Күйшінің портреті, 4) Күйші туралы буклеттер, рефераттар 5) Таспа арқылы тыңдату.
Сабақ типі: Жаңа ұғымды қалыптастыру
Сабақтың түрі:
Жүру барысы: 1) Ұйымдастыру бөлімі(Сәлемдесу оқушыларды түгендеу,
Аспаптарды даярлау)
2) Үй тапсырмасын тексеру.
3) Жаңа сабақты баяндау.
4) Қорытындылау.
5) Бекіту. Бағалау.

Жүру барысы: Саламатсыздар ма? Үйге қандай тапсырмалар берілді? (Гамма. Арпеджио) 1. Гамма. Арпеджио туралы сұрау, оны аспапта ойнау. 2. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жасарал Еңсепов – Өнегелі ұстаз, өрелі өнерпаз. Батыс Қазақстанда туып, Ақтөбеде бастапқы білім алған. 1974 - 1978 ж қатарынан құрылыс және мәдени ағарту училищені бітіріп, 1978 - 1983 ж аралығында мұғалім болып қызмет атқарады. Сол жылдары өнерге жақын, дарынды жанды бүкіл Ақтөбе өңірі танып біледі. Жасаралдың өнердегі қабілетін түйсінген танымал композитор, Ақтөбе музыкалық училищесінің директоры Қайырғали Қожанбаев оның өмірін мойындап, оң батасын береді. 1983 - 1989 ж профессор Айытқали Жайымовтың класында оқу бітірді. Жасаралдың өзі консерваторияны бітіре салысымен Алматы қаласы Түрксіб ауданы Балалар музыка мектебінің ұлт аспаптар меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1989 - 1993 ж аралығында жүздеген қазақ баласын домбыра тартуға үйретіп, ұлттық сазға нәрлендірді.

Жасарал Еңсеповтің Әке толғауы күйін таспадан тыңдату. Оны аспапта ойнап үйрету. Әке толғауы күйінде кілттік бір белгі бар. Ол - си бемоль. Бұл күй жайдарлы, әсем үнді бейнелейді.
Си бемоль
Реприза
2 - үлесті өлшем
Лига екпіні

Жаңа сабақты бекіту
Домбыра тартуға әуесқойлық. Топ ішінде домбырадан әуесі бар оқушыларды тыңдау.
Музыка талдау.(Күйді өз бетінше талдау. Күйдің мазмұнын бейнесін ашу. ой толғау)
Үйге тапсырма
Күйді берілген жерге дейін жәй екпінде орындау. Күйші туралы толығырақ іздену.
Бағалау.
Оқушылардың білімін бағалау.


Скачать


zharar.kz