Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы
№2 Лицей КММ орыс мектептеріндегі
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Оспанбай Талғат Оспанбайұлы
Сыныптан тыс жұмыс
Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Сабақтың мақсаты: а) Сын есім туралы жалпы мағлұмат беру. Сын есімнің сындық қасиетін ашу.
ә) Оқушының өз бетімен іздену қабілетін дамыту, еркін сөйлеуге, өз ойын айта білуге дағдыландыру.
б) Мақал - мәтелдерді негізге ала отырып, Отанды сүюге, оны бағалай білуге тәрбиелеу. Оқушының өнер - білімге құштарлығын арттыру.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Ойын сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, көрнекілік, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: Сызбалар, мақал - мәтелдер, үлестірмелер
Пәнаралық байланыс: Әдебиет
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру
ІV. Жаңа сабақты бекіту
V. Қорытындылау
VI. Үйге тапсырма
VIІ. Білімдерін бағалау
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеріп, бүгінгі сабақтың
тақырыбы мен мақсатын айту.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
2. Зат есім деген не? Мысал келтір.
3. Жалқы есім дегеніміз не?
4. Жалпы есім дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру. Зат есімнен кейінгі келесі бір сөз табы сын есім деп
аталады. Сын есім заттың, құбылыстың сын - сипатын, көлемін, түр - түсін, сапасын
білдіреді.
Сұрақтары: Қандай? Қай?
Мысалы: ақ қағаз, биік үй, жақсы сөз, ащы құрт, тасты жер.
Сын есім 2 - ге бөлінеді: негізі, туынды.
• Негізгі сын есімдер
Мысалы: әдемі,
Биік,
Көк,
Сары
• Туынды сын есімдер.
Мысалы: Қысқы,
егеменді,
ақылсыз
пайдалы
Мына сызбадан ағаштың қасиеттеріне байланысты сөз тіркестерін құрайық.
Ағаш – биік, пайдалы, қалың.......
ІV. Жаңа сабақты бекіту. Бала сөзіне қатысты сын есімдерден сөз тіркестерін құра.
Негізгі және туынды екенін ажырат.
2. Жалғасын тап ойыны. Оқушыларға мақал - мәтелдер жазылған үлестірмелер
таратылады. Әр оқушы өз мақалын жалғасын таба білу керек және сол мақалдағы сын есімдердің астын сызып көрсетеді
№1 Әдепті бала - арлы бала,
№2 әдепсіз бала - сорлы бала.
№3 Балалы үй - базар,
№4 баласыз үй - мазар.
3. – Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Тағы қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?
Енді біз Адасқан сөзді тап ойынын ойнаймыз. Мына сызбадағы адасқан сын есімдерді тауып көрейік.