Елбасының өмір жолдарына түсінік беру

Скачать

Сабақтың мақсаты: Елбасының өмір жолдарына түсінік беру. Қоғамдағы орынын түсіндіру. Оқушыларға Қазақстан мемлекеті мен астанасы туралы, оның рәміздері жайында тереңірек мағлұмат беру.
Отаншылдық сезіммен тұрақты мінез - құлықтың беки түсуіне ықпал ету: адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Еліміздің рәміздері, нақыл сөздер, мақал - мәтелдер.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздерге зор денсаулық, ашық аспан, жүздеріңізге күлкі тілейміз. Ғасырдың ғажап азаматы – Нұрсұлтан Назарбаев атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға ұлықсат етіңіздер. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев жүзден аса ұлты бар мемлекетті басқарып, экономикалық тығырықтан да, нарықтық қиындығынан да, ұлтаралық араздықтан да халқымызды аман - сау жетелеп келе жатқан білгір басшымыз.
Атыңнан айналайын, Егемен ел!
Тәуелсіз күнін туды кенеле бер.
Мерейін құтты болсын Нұр ата,
Ғасырдың тойы болшы келе берер.
Елім менің аңсаған
Тас бұғаудан босаған дегендей қоғамда өмір сүруші әрбір адам тәлім - тәрбиесіз, өнер - білімсіз, еңбексіз өмір сүре алмайды.
Тәуелсіздігіміздің арқасында ұлттық рәміздеріміз - Елтаңбамыз елдік еншімізді ерекешелеп, Көк байрағымызды көкке биікке көтерілді, Әнұранымызды әлемдегі қауым тыңдап құрметтейді. (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады)
Мен - қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.
Мен - қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске -
Айта бергім келеді айта бергім.
Ж. Молдағалиев
2 - бөлім: Н. Назарбаевтың балалық шағынан үзінді.
1 - оқушы.
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылдың 6 - шілдесінде Алматы облысына қарасты Қарасай батыр ауданының Шамалған селосында туды. Шығыс күнтізбесі бойынша Нұрсұлтан аға ұлу жылы дүниеге келген. Тағдыры күнмен тығыз байланысты. Бұл жылы туған кісілердің ерекше күш - қуатқа ие екендігін олардың арасынан ерекше іскер мемлекет басшылары шығатынын айтады. Енді Президенттің туған күні 6 саны шындықты, ашықтықты және сенімділікті бейнелейді. Бұл күні дүниеге келген адамдар бейбітшілік пен тыныштықты сақтау жолында аянбай қызмет етіп, халықтың тұрмыс - жағдайларын жақсартуға бар күш - жігерін жұмсайды екен.
2 - оқушы.
Нұрсұлтан аға орта бойлы, жазық маңдайлы, ақсары бала болатын. Сырттай момақан көрінгенімен, көзінің оты бар, ұстамды, байсалды еді. Сабаққа алғыр, елгезек, дене бітімі қайратты, күшті, қағылез, сергек бала болатын. Сол кездің өзінде ұйымдастырушылық қабілеті байқалып қалатын. Балаларды үйіріп, артынан ертіп жүретін.
3 - оқушы.
Нұрсұлтан ағаның сөзінен үзінді.
Мені құлқын сәріден оятар еді, мен арбаға есек жегіп, жұмысшы қалашығындағы ертеңгі сағат алтыда ашылған дүкенге уақытылы жетіп үлгеру үшін ауылдан асыға шығатынмын. Шұбатылған ұзақ кезекке тұратынмын. Қап - қара нан, салмақты, қолды сәл батырсаң қабағыңды саусақтардың ізі қалатын. Үйге бірден он бөлке әкелу үшін кезекке екі, кейде үш рет қайтара тұратын едім.
Мұндай нанды ұзақ сақтауға болмайды. Бөлкелерді турап - турап кептіру үшән күн көзіне қоятынбыз. Бұл бәріміз үшін зор қуаныш болатын. Анда - санда сиыр бұзаулағанда, нағыз мейрамға кенелетінбіз. Біздің үй ғана емес айнала бәрі осылай тірлік ететін.
4 - оқушы.
Нұрсұлтан аға Шамалғаннан аудан орталығындағы бірден - бір тасы өрге домалап тұрған жалғыз қазақ орта мектебіне келіп оқиды. Нұрсұлтан ағаның білім жолындағы өршілдігі өзгеше еді. Білгенін өзгелерге айтып отыратын. Тереңдей білгісі келген балаларға өзі оқыған кітаптарынан әкеп беріп, оқып шығуын қадағалайтын. Соңынан бірге талқылауға шақыратын. Мектептегі барлық қоғамдық жұмыстарға жетекшілік ете жүріп, оқушылардың да белсенділігін арттыруға, олардың қабілетінің ашылуына ықпал етіп қана қоймай өзінің жеке дара ізденуіне уақыт тауып отырды. Нұрсұлтан аға мектепті барлық пәндерден үздік аяқтады.

3 - бөлім: Елбасының өмір жолдарынан қысқаша деректер.
Жүргізуші: Комсомолдық жолдамамен Теміртау қаласына аттанады. Теміртауда болашақ металлургтар дайындайтын фабрика - зауыт училищесіне оқуға түседі. Елбасының мамандық таңдауы, еңбек жолы осыдан басталады. Украинадағы Днепродзержинск техникалық училищесін 1960 жылы бітіріп шығып Теміртау қаласындағы қазақ металлург құрылысына қарасты Домекстрой тресінде 1960 - 1969 жылы жұмысшы, кейіннен домна пешінде горновой, домна цехында диспетчер, Қарағанды комбинатының домна пешінде газшы қызметтерін атқарды. 1969 жылы Теміртау қалалық партия комитетінің өнеркәсіп транспорт бөлімінің меңгерушісі.
1969 - 1971 жылдары Теміртау қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы.
1971 - 1973 жылдары Теміртау қалалық партия комитетінің екінші хатшысы. 1973 - 1977 жылдары Қарағанды металлургия комбинатының хатшысы, Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, кейінен екінші хатшы қызметтерінде болды.
1979 - 1984 жылдары Қазақстан Орталық партия комитетінің хатшысы.
1984 - 1989 жылдар арасында Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы.
1989 - 1990 жылдары Қазақстан орталық партия комитетінің І хатшысы, осымен бір мезгілде КОКП орталық комитетінің саяси бюросының мүшесі.
1990 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды.
1990 жылы 24 - сәуірде Қазақ КСР тұңғыш президенті болып сайланды.
1991 жылдың 1 желтоқсанынан Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы.

4 - бөлім: Нұрсұлтан атаның елбасы қызметіндегі жұмыс және Тәуелсіздікке қол жеткізу шежіресінен.
1991 жылғы 10 - желтоқсан. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы болып аталуы жөніндегі Заңға қол қойды.
1991 жылғы 16 - желтоқсан. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заң қабылданды.
1991 жылғы 29 - тамыз. Президент Н. Назарбаевтың жарлығымен Семей ядролық полигоны жабылды.
1992 жылғы 25 - қаңтар. Қазақстан Республикасы БҰҰ - на қабылданды.
1992 жылғы 4 - маусым. Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы Заңға қол қойылды.
1993 жылғы 15 - қараша. Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы - Теңге айналымға енгізілді.
1995 жылғы 1 - наурыз. Қазақстан халықтарының ассамблеясы құрылды.
1997 жылғы 11 - шілде. Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заң қабылданды.
1997 жылғы 20 - қазан. Президенттің Жарлығымен Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.
1 - оқушы
Биіктей бер, Нұр аға,
Қыран қанат талмасын.
Қадірлемей тұрама,
Халық сіздей тұлғасын.
2 - оқушы
Гүлдене бер, Отаным,
Көтерген туын Нұр ағам.
Көбейткен достың қатарын,
Нұр аға - біздің ұлы адам.
3 - оқушы
Міне осындай егеменді еліміз,
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз.
Туған елін, туған жерін сүйетін,
Біз қазақтың ұланымыз еріміз.

4 - оқушы
Мен қазақтың ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерген,
Болашаққа алға бастап жетелер
Қиындығын қазағымның әрқашан
Қайыспайтын қаранардай көтерер.
5 - оқушы
Халқым айтқан ел көтерер жер даңқын,
Елім айтқан жер көтерер елдаңқын,
Президентім аман болғай ел басы,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым.
6 - оқушы
Естімейік енді елдің жылағанын,
Қайта құлап, бостандық сұрағанын.
Абылайдың жолымен алға басқан,
Құт болсын нұрлы жолы Нұр ағаның.
7 - оқушы
Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,
Өмір жолы болған қиын бұралаң.
Қазағымды жарқын жолға бастады,
Елбасы боп сайланды да Нұр ағам..
8 - оқушы
Отан дейміз кең байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
9 - оқушы
Отан - осы достарым
Көңілге мұны түйе біл.
Отан - деп өс жас қауым,
Оны ардақтап сүйе біл.
10 - оқушы
Көз тойғысыз қазағымның жері бар,
Ну орман, тауы, өзені, көлі бар.
Қазағымның елін, жерін қорғайтын,
Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар.
11 - оқушы
Азат елдің Тәуелсіз азаматы,
Сенің келді мінбеде сөз алатын.
Аттан барыс бейнелі болашаққа,
Барша әлемге шығарушы қазақ атын.

5 - бөлім: Даналардан шыққан сөз бен мақал - мәтелдерге арналады.
Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді.
Абай

Адамның ісі қандай болса, іші сондай
Г. Гегель
Шыдамды, сабырлы адам – бастаған ісінің жақсы нәтижесін көреді, білімге құштар – іздегенін табады.
В. Ян
Әр адамның құдай – оның ары.
Менандр
Жүргізуші:
Аман бол, ел ардағы, ел арманы,
Сезімің - қызғалдақ гүл қоғамдағы.
Батырсың баяғыдан күткен елің,
Шақырсын тек бақытқа жол алдағы.
Аман бол, сәулеңді шаш төңірекке
Жалғасыңа жасырмаймын, көп ретте.
Шығарды тарих анаң қалап сені
Халқыңды бастайтұғын ер керек те.
Аман бол алтын жүрек, дана басым
Ел үшін өлімге де бара аласың.
Буының бүгілмесін ел алдында
Ертең де еңбегіңді бағаласын.
Аман бол, бір туған ел анадан,
Жамандық өтпес болсын шекарадан
Еңсесі аласармай жүреді еркін,
Елімнің жолы болсын деген адам .
Т. Молдағалиев


Скачать


zharar.kz