Сабақтың тақырыбы: Т. Айбергеновтің Аруана - бауыр дүние , Ана өлеңдері
Сабақтың мақсаты: оқушыға Т. Айбергеновтің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру, шығармалардың идеялық көркемдік мазмұнын меңгерту, өлеңдер табиғатын саралай отырып, өзгешелігіне көңіл бөлу; жаңа білімді өз бетінше іздендіру, өз көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету.
Дамытушылық: оқушының қабылдауын, танымын, белсенділігін арттыру, мәнерлеп, сезініп оқуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Отанға, туған жерге, анаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау, түсіндіру, ізденушілік.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру, сайыс сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Тұлғаны танып біл ойыны арқылы үй тапсырмасын сұрау.
Шарты: оқушыларды 3 топқа бөліп, ақын - жазушылардың портреттері таратылады. Портрет бойынша оқушылар өз білгендерін еске түсіріп, берілген ақын - жазушылардың өмірі мен шығармашылығы жайлы мәлімет, әдебиетте қандай із қалдырғаны туралы кесте арқылы, қластер сызу арқылы естеріне түсіріп, бір оқушы ортаға шығып қорғайды. Өз қалаулары бойынша өлеңдерін жатқа оқуға болады.
1 топ: М. Жұмабаев
2 топ: Ш. Құдайбердіұлы
3 топ: С. Торайғыров
ІІІ. Жаңа сабақ:
1. Ақын туралы оқулықта берілген мәтінді түсініп оқу.
2. Ақын туралы интерактивті тақтадан бейнекөрініс көрсету.(7 мин)
Төлеген Айбергенов 1937 жылы 8 наурызда Қарақалпақ елінің Қоңырат деген жерінде дүниеге келген. 1959 жылы Ташкенттің Низами атындағы педогогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітіріп, туған ауылында мұғалімдік қызмет атқарады.
Балалық шағы
Низами атындағы Ташкент педагогикалық институтын бітірген (1959). 1959 - 62 ж. Қоңырат ауданындағы орта мектепте мұғалім, 1962 - 65 ж. Шымкент облысының Сарыағаш ауданындағы кешкі жастар мектебінде директор. 1965 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы әдебиетті насихаттау бюросында қызмет істеді. Айбергеновтың өлеңдері республикалық баспасөзде 1957 жылдан жарияланды. Туған жерге деген албырт сағыныш пен мөлдір махаббатқа толы бір топ өлеңдері 1961 жылы шыққан "Жас дәурен" атты топтама жинақта басылды. Отанға, туған елге деген сүйіспеншілігін, замандастарымыздың рухани сезім байлығын, ізгі тілеу, ақ ниетін жарқырата ашқан, қазақ поэзиясында өзіндік жаңа ырғақ, тегеурінді екпін әкелген поэтикалық жыр кітаптары - "Арман сапары" (1963), "Өмірге саяхат" (1965), "Құмдағы мұнаралар" (1968), "Мен саған ғашық едім" (1970), "Аманат" (1975), "Бір тойым бар" (1981), балаларға арналған "Бақшаға саяхат" сурет - кітапшасы (1985) жарық көрді. Сондай - ақ орыс тілінде "Мир созвездья" (1987) деген атпен таңдамалы өлеңдері аударылып басылды. Айбергеновтың "Ақ ерке, Ақ жайық", "Жаңғырған Маңғыстау", "Қазақстан", "Сені ойладым", "Мені ойла", "Ақ қайыңдар", "Бір тойым бар", т. б. өлеңдеріне жазылған әндер ел арасына кеңінен танымал. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1974, қайтыс болғаннан кейін). 1997 ж. ақынның "Таңдамалы өлеңдер" жинағы мен ол туралы жазылған "Біргемін мен сендермен" атты естелік кітабы жарық көрді.
Сабақты пысықтау:
1 - тапсырма: Оқушылар 1, 2, 3 - орталық ойыны бойынша жұмыс жасайды.
Оқушыларды 3 топқа бөлініп, әр топ өз топ атын дайындайды.
1 - орталық. Оқу орталығы бойынша оқушылар төмендегідей тапсырмаларды орындайды.
1. Ана , Аруана - бауыр дүние өлеңін оқып, мазмұнымен танысып, қысқаша мазмұндайды.
2. Өлең мазмұны бойынша сурет салып, шағын шығарма жазады.
2 - орталық. Жазу орталығы бойынша жазбаша жұмыс жасайды.
1. Өлеңге жоспар құру.
2. Өлең тақырыбына байланысты мақал - мәтелдер, нақыл сөздер жазу.
3. Ана туралы өлең шығару
3 - орталық. Ғылым орталығы.
1. Ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы мәліметтермен танысып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Кластер салу.
2. Ақпарат кестесі стратегиясы.
Шығарманың атауы Шығарма не жайлы Шығарманың тәрбиелік мәні
Ана
Аруана - бауыр дүние