Қоршаған Жасыбайдың алабын бар, Айнала апан төсті кәрі адырлар

Скачать

Тербеліп жасыл бұлттай жасыл айдын,
Мұнартып келе жатыр Жасыбайдың.
Менмен шың, меңіреу құз, мелшиген тас
Қарайды теңірекке шашып айбын.

Үйренген бойын сылап жасануға,
Ұқсайды қайың аппақ жас аруға.
Көмескі тартқан көне көк жұлдызы
Толқынға шомылады жасаруға.

Қоршаған Жасыбайдың алабын бар,
Айнала апан төсті кәрі адырлар.
Жан-жақтан Жасыбайды бағып тұрған
Қарағай найзалы сол қарауылдар.


Скачать


zharar.kz