Ана тілі
(4 - сынып)
Саб. тақырыбы: Сәулелі жұлдыз іздеген адам.
Саб. мақсаты:
Білімділігі: Кейіпкердің өмірі, ағартушылығы, еңбектері, алғаш қазақ даласына мектептер ашқандығы туралы түсінік; мәтіндегі негізгі ойды табу; мәтін мазмұнын ашу.
Дамытушылығы: Көркем шығарманы талдау, іздену, ой - пікірін жеткізу қабілеттерін арттыру. Оқушылардың сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту. Тәрбиелілігі: Балаларға Ыбырай ата өмірін үлгі ету. Білімді, ақылды, ізденімпаз етіп тәрбиелеу.
Сабақ әдістері: талдау – жинақтау, салыстыру, іздендіру.
Сабақ типі: білім мен біліктілікті қалыптастыру
Сабақ формасы: топтық
Сабақ барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
Шаттық шеңбері :
Қол алысып, кәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
ІІ. Операциялық этап:
Мұғалімнің сөзі:
- Рахмет, енді орындарымызға отырып, үнтаспа тыңдауға шақырамын. үнтаспада Кел, балалар, оқылық өлеңінен үзінді оқылады
- Бұл үзінділер қандай өлең жолдарынан алынған?
- Авторы кім?
- Ендеше, бүгін, ана тілі сабағында осы басталған ойды жалғастырамыз. Сабақтың тақырыбы: Сәулелі жұлдыз іздеген адам .
Авторы Әбу Сәрсенбаев.
Оқушылардың өздерінің мақсат қоюы.
------------------------------------------------
Жұмыс алгоритмімен танысу.
Алтын ережелерді еске түсіру.
Сабақ топтық формада өтеді. Әр топтың басшысы бар. Олар қызыл түсте. (басшылар тұрады, өздерін таныстырады)
- Жобалаушы – көк
- Зерттеуші – сары
- Талдаушы – күлгін
- Проблема шешуші – тоқ сары.
- Тілші – жасыл.
- Эксперттер тобы – көкшіл. Олардың міндеті: оқушы жауабын бағалау, өз тапсырмаларын орындау.
Әбу Сәрсенбаев (1905 - 1997) Атырау облысы, Теңіз ауданында туған. Қазақтың белгілі қаламгері. Оның Туған өлке , Отан таңы т. б. өлеңдер жинағы, Толқында туғандар , Теңіз әуендері романдары бар. Әбу Сарсенбаев – жазушы, Ыбырай еңбектерін жарыққа шығарушы.
Мәтінді мұғалімнің оқуы.
Оқушылар Түртіп алу әдісін қолданады.
+ - жаңа ақпарат
v – ойлағанымды растайды
- - менің ойлағаныма кері
? – мен үшін жұмбақ
Сөздік жұмысы
Әр топ өзіне берілген сөздің мағынасын түсіндіреді.
1 топ: инспектор -
2 топ: Уез -
3 топ: шәкірт - оқушы
4 топ: кішіпейіл –
жауаптарын эксперттер бағалайды
Мәтіннің мазмұнын ашу.
1 – топ: Бұл әңгіме кім туралы жазылған, ол туралы не білесің?
2 – топ: Әңгіме неліктен Сәулелі жұлдыз іздеген адам деп аталған? (Ы. Алтынсариннің арманы – мектеп ашу, балаларды оқыту. Бұл жердегі сәулелі жұлдыз тіркесі оқу, білім мағынасында. Ақыры ол мақсатына жетті. Мектеп ашып қазақ балаларын білім нәрімен сусындатты.)
3 – топ: Бұл әңгімеге тағы қандай ат қоюға болады?
( Алғашқы кездесу , Оқу басталды , Жаңа мектеп , Шашу )
4 – топ: Ыбырайдың бұдан бұрын тағы қандай әңгімелерін, өлеңдерін оқыдыңдар?
жауаптарын эксперттердің бағалауы
Сергіту сәті Аутотренинг (музыка жүріп тұрады)
қазір қыс мезгілі, қар жауып, айналамыз аппақ қар...
Тапсырмаларды орындау:
1 – топ: Монологты тауып оқу.
2 – топ: Диалогты тауып оқу.
3 – топ: Кардиограммаға түсіру.
4 – топ: Мәтінді талда.
аты авторы
Мәтін
не алды Негізгі ой
жауаптарын эксперттердің бағалауы
Шығармашылық тапсырма:
1 – топ: Ой қозғау
2 – топ: Бес жолды өлең
3 – топ: Еркін жазу
4 – топ: Эссе
жауаптарын эксперттердің бағалауы
Эксперттер тобы:
1 – экспертші: Қосымша әдебиетті пайдаланып, Ыбырай Алтынсарин портретін жазып бер. (сызбамен жұмыс)
Тамаша педагог тұңғыш ағартушы
1841 - 1889 жазушы аудармашы
Әкесі Алтынсары Ыбырай Алтынсарин 1864 ж мектеп ашты
Атасы Балғожа Қостанай облысы тұңғыш хрестоматия
Торғай уезінде туды авторы
2 – экспертші: Мұғалім болсам деген болашаққа болжам жасап көрсет. (сызбамен жұмыс)
Батыл табанды
Тапқыр әдепті
Қарапайым төзімді
Мұғалім болсам...
Іскер талғампаз
Мейірімді әділ
Шыншыл биязы
эксперттердің жауабын мұғалімнің бағалауы
ІІІ. Рефлексия. - Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
- Несімен ұнады?
ІҮ. Бағалау.
Ү. Үйге тапсырма: мазмұндау.