Ертегі айтып бер десең, Айтып берер тағы әжем

Скачать

Алматы облысы, Панфилов ауданы,
Шежін орта мектебінің мектеп алды даярлық сыныбының мұғалімі
Абдықалықова Толқынхан Даулеткелдіқызы

Тілашар
Сабақтың тақырыбы: Біз балдырған баламыз
Мақсаты: Мектеп, мектепке қажетті заттар туралы түсінік беру. Балалардың тақпақ, өлең, ертегі айтуға үйрету. Сурет бойынша сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру. Білімпаз болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Біз балдырған баламыз атты сюжетті сурет, оқу құралдары. Слайд.
Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, түсіндіру, көрсету.

Сабақтың барысы:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар, кешімізге келген қонақтар. Біз бүгін сіздермен мектеп алды даярлық тобының оқушыларының дайындаған Біз балдырған баламыз атты ашық сабағымызға хош келдіңіздер.
Әлбетте, мектепке бару тойы от басында өткізеді. Өйткені бұл отбасылық қуаныш мерекесі. Ата - ананы өбегі мен аяулы алақанның жылуында өсіп, жыл өткен сайын төңірегіне іңкәр көзбен қарап бәрін білгісі, көргісі кеп құштарлана түсетін жас балдырған алтыға толған соң мектеп есігін ашып, үлкен өмірге алғашқы қадамын жасайды. Бұл күн оның мәңгілік есінде сақталып қалады. Отбасында үлкен әже, бірінші сөзді сол кісілерге берейік. Немерелеріне жақсы тілектерін айтып шашуларын шашсын.

- Саяттың әжесін ортаға шақырайық.
- Сөз кезегі өзіңізде.
Балаларға тілегін айтып, шашуын шашады.

Хормен: Біз балдырған баламыз.
Өмірде ана – бұлақ, ана – пана,
Өмірді өркендетер ана ғана
Өсірген талай көсем талай шешен,
Талай ер, талай ақын, талай дана.
Ана! Ол – біздің елде ардақты адам,
Кіші де, үлкенде оны ардақтаған.
Өзінің аяулысы – Отанды да
Ана деп біздің халық текке айтпаған.
Оқушылардың әжелеріне арналған өлеңдерін айтады

1- оқушы
Менің әжем, ақ әжем -
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десең,
Айтып берер тағы әжем.

2- оқушы
Менің әжем, жыр әжем -
Шуағы мол нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп
Аман – есен жүр әжем

3 – оқушы
Жарқын жүзді жан әже
Сендей болсын бар адам -
Сендей болса бар әже
Шаттық кетпес баладан!

4 – оқушы
Ананың біз гүліміз
Ана біздің – күніміз.
Ұландарды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.

5 - оқушы
Шашымды өріп тараған
Қабағыма қараған
Үлкен, кіші демейді,
Сыйлайды оны бар адам.

1 - оқушы
Әжем менің әліде
Ұқсамайды кәріге
Шай қайнатып береді
Қажет болса бәріне

2 - оқушы
Апам үйдің данасы.
Атам үйдің панасы
Әжем үйдің тірегі
Ал балалар үйдің қуанышы

Жүргізуші.
Отанды әркім анасындай
Қастерлейді бағалап.
Өйткені Отан баласындай
Бізді өсірер аялап
Отан деген - атамекен
Отан деген – туған жер
Отан – ана
Отан – үлкен
Қазақстан – туған жер.

Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат, әдемі.
Тұнығындай көгілдір
Ортада – аспан әлемі


Скачать


zharar.kz