Рухани жаңғыруЗергерлік және тігін бұйымдары Алқа - омырауға тағатын көбіне күмістен соғылатын әйелдердің сән, әсемдік, көркемдік бұйымы

Скачать

Рухани жаңғыру
Зергерлік және тігін бұйымдары
 Алқа – омырауға тағатын көбіне күмістен соғылатын әйелдердің сән, әсемдік, көркемдік бұйымы.
 Білезік – күмістен, алтыннан соғылатын, білекке салатын әйел бұйымы. Жасалуына қарай алтын білезік, күміс білезік, құйма білезік, сағат білезік, топсалы білезік, бұрама білезік, қос білезік т. б. атаулары бар.
 Бес білезік – алтын, күмістен, асыл тастардан көз орнатылған күміс шынжыр арқылы бес сақина бекітілген аса қымбат білезік.
 Балдақ – алтыннан, күмістен соғылған жұмыр сақина.
 Жүзік – қымбат тастардан көз орнатылған жалпақ сақина түрі. Оның еркектер де, әйелдер де салатын түрлері болады.
 Моншақ – түрлі тастар мен шыныдан жіпке тізілген мойынға, қолға салатын, киімге тағатын сән бұйымы.
 Талмоншақ – бірнеше қатар тізілетін моншақтар.
 Тұмарша – сәндік үшін омырауға тағатын үш бұрышты, салпыншақты күміс бұйым.
 Маңдайша – сәукеле т. б. киім маңдайына тағатын көз орнатылған күміс тағым.
 Сақина – саусаққа салатын әртүрлі үлгіде күмістен, алтыннан соғылатын бұйым.
 Танакөз – шар тәрізді күміске тастан көз орнатылған түйме тәрізді сәндік тағым.
 Өңіржиек – салпыншақтар тағып, үзбелеп жалғаған омырауға сән беретін, түрлі - түсті тастардан көз орнатылған әсемдік тағым тізбесі.
 Үкіаяқ – үкі тұяғына ұқсатып күмістен соғатын астына бірнеше салпыншақтар тағылған бұйым.
 Көз отаға – күміске онатылған бармақтай асыл тас. Бас киімге, батырлар дулығасына қадалған.
 Кемер белбеу – негізі былғарыдан тігіліп, алтын, күміс әшекейлермен шекетулеген аса қымбат белбеу.
 Қын – кемер белбеумен бірге тұратын пышақ салынатын әшекейлі, былғары бұйым.
 Оқшантай – ішіне шағын зат салатын, кемер белбеуге өткізілген әшекейлі былғары қалта.
 Қапсырма – әйел қамзолына тағылатын түйме қызметін атқаратын жалпақ күміс бұйым.
 Шекелік – сәукеле, тақия т. б. баскиімге тағылатын тағым.
 Шаштеңге – қыздардың өрілген шаш ұшына тағылатын жібек бау өткізілген күміс сөлкебай.
 Шолпы – шашқа тағатын, қымбат бағалы, сылдырмақты бұрым сәнін келтіретін алтын, күміс тағым.
 Шашбау – қыздар шашымен қоса өріліп моншақты, зерлі күміс шынжырлы әсемдік тағым.
 Шашқап – шашты күннен, шаң - тозаңнан қорғайтын қымбат матадан жасалып, сыртын түрлі моншақ, жапсырмалармен безендірілген бұйым.
 Сырға – құлаққа тағатын сәнді асыл бұйым. Оның сапасына, құрамына сай көптеген түрлері болады.

Әзірлеген: Бегімхан Керімханұлы,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі


Скачать


zharar.kz