Білім беру саласы: Қатынас Бөлімі: Сауат ашу
Тақырыбы: І дыбысы және әрпі
Мақсаты:
а) білімділігі: І дыбысы мен әрпін таныстыру. І әрпі және і әрпі бар сөздерді оқып, жазып үйрету, сонымен қатар, өз тілінің қадыр - қасиетін ұға білуге үйрету.
ә) дамытушылығы: Ідыбысына қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушының сөздік қорын, сөйлеу тілін дамыту.
б) тәрбиелілігі: Сауатты, көркем жазуға тәрбиелеу. Ізетті, инабатты болуға баулу.
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, көрнекілік.
Көрнекілігі: І әрпінің баспа және жазба түрлері, буындар, суреттер, кеспе әріптер.
Пәнаралық байланысы: дүниетану, тіл дамыту
Блингвальды компоненть: ілгіш - вешелка - hind, ешкі – коза - goat
Мотивациялық қозғаушылық Психологиялық ахуал.
Қонақ күту салтымыз,
Оқып біліп жатырмыз.
Келген қонақ сіздерге
Сәлем бердік жалпымыз
Іздену ұйымдастыру
Балалар, бізде бүгін ерекше сабақ болады. Бүгінгі сауат ашу сабағымызға көптеген ұстаздар қатысып отыр. Сондықтан барлығымыз жақсы көңіл күйде сабақты жақсы өткізейік. Біз үш топқа бөлініп отырмыз иә. Әр топ өз атымызға сай білімдерімізді көрсетейік.
1 - тапсырма: Кім жылдам?
Бас әріптер мен кіші әріптер жұптарын табу.
2 - тапсырма: Ойлан тап:
жұмбақтар
Тышқанның мекен ететін жері қалай аталады?
Киім ілетін затты не дейміз? Жалғыз аяқ боп тұр,
Төбесінде доп тұр.
Бұл қай әріп?
Біз ін, ілгіш дегенде қандай дыбыс естіп тұрмыз? І дыбысының айтылу артикулляциясына назар аудару. дыбыстың жіңішке айтылатынын түсіндіру.
І дыбысы жіңішке дауысты дыбыс.
3 - тапсырма: Сөз ойла тез ойла
әр топқа бөлек - бөлек тапсырма беремін
1 - топ І дыбысы кездесетін суреттерге сөйлем құрау.
2 - топ Ойыншықтарға мысал келтіру.
3 - топ Берілген сөздерді текшемен жазу.
Тіл ұстарту жаттығуы
Кі - кі - кі - бұлаңдайды түлкі.
4 - тапсырма: Ойнайық та ойлайық!
(Дәптермен жұмыс)
Ішік, көгершін, ешкі сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы дыбыстың орнын ажырату.
Дәптердегі буындарды оқытамын.
і --- н ін ін ін інім ініме
і --- с іс іс іс ісі ісіне
к --- і кісі кіші т --- і ті тісі
Мақал
Кітап - білім бұлағы. Кітап туралы мағлұмат беру.
Сергіту сәті
5 - тапсырма: Сиқырлы қалам
І әрпінің баспа түрін алдымен ауада жазып көрсетіп, дәптерге жаздыру.
Ребус шешу
Әріптерден сөз құрау. Қандай сөз шықты? Жеміс сөзінде і дыбысы барма?
Қай буында тұр?
Рефлексивті түзетушілік
І дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтіру.
Ойын: Әріп тастамақ
Балаларға әріптер үлестіріп сол әріптен басталатын сөздер ойлап тапқызу.
Әр топты мадақтап, бағалаймын.
БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, №3ЖОББҚМ
Мектепалды даярлық тәрбиешісі Бижанова Бакыт Абаевнаның