Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға етістік туралы алған білімдерін одан әрі қарай түсіндіру, сауатты жазуға үйрету;
Дамытушылық: оқушылардың тіл байлықтарын, жазбаша сөйлеу тілін, білімдерін арттыру;
Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, кесте, сөзжұмбақ, ойындар, суреттер.
Түрі: жаңа білім беру, қайталау, ойын.
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, өз бетімен жұмыс
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Дихан Әбіловтың "Туған тілім" өлеңін жатқа айтқызу.
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім,
Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Туған тілім - далам тілі - өз тілім,
Туған тілім - адам тілі - өз тілім.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
56 - жаттығу
Ребусты дұрыс шешсең, төмендегі жұмбақтың жауабын табасың.
Күндегі тамағы,
Балықтың шабағы
Теңізге барғандар,
Жағадан табады.
(Шағала)
- Біз бүгін күзгі орман көрінісін тамашалаймыз. Біраз жүрген соң әп - әдемі тиін көрінді.
(Слайдта тиін)
Тиін туралы әңгімелету.
III. Сұрақтарға жауап алу.
1. Зат есім дегеніміз не? (Заттың атын білдіреді.)
2. Қандай сұрақтарға жауап береді? (Кім? Не? Кімдер? Нелер?)
3. Зат есімнің қандай түрлерін білесің? (жекеше, көпше, жалқы, жалпы)
IV. Ойын: "Кім жылдам?"
1. Зат есімдерді ата: (көйлек, кітап, сары, биледі, қу, сөйле).
2. Көп нүктенің орнына сөздер жазу.
Кім?...
Не?...
Кімдер?...
Нелер?...
3. Зат есімнің жекеше, көпше түрлерін ата:
өсімдік -... орман -...
... - кітаптар... - құстар
терек -... биші -...
4. Жалқы есімдерді ата:
(оқулық, Анар, аға, Тараз, Жайық)
5. Жалпы есімді ата:
(Алатау, тау, аң, Ақжол, ит, Ақтау)
V. Қорытынды.
Заттың атын білдіреді Сұрақтары Жалқы есім Жалпы есім Жекеше Көпше
ата, іні, дос кім? кімдер? не? нелер? Іле, Орал, Шу, Айдар ит, адам, дос тау, көл таулар, көлдер
- Дөңестеу жерден үп - үлкен ін көрінді. Әлгі іннен... шыға келді.
(Слайдта борсық)
Борсық туралы әңгімелету.
VI. Сөзжұмбақ шешу: "Жануарлар"
Е Л І К
Т Ү Л К І
К И І К
Қ А С Қ Ы Р
Т А У Т Е К Е
Т И І Н
К Е Р І К
- Қандай сөз шықты? Қане оқиық.
- Етістік.
- Олай болса, бүгінгі жаңа сабағымыз "Етістік".
VII. Жаңа сабақ.
Суретке қарап, сөйлем құрау.
1. Оқушы не істеді? Оқушы кітап оқыды.
2. Мұғалім не істеді? Мұғалім сабақ түсіндірді.
3. Балалар не істеді? Балалар аққала жасады.
- Осы сұрақтарға жауап беретін қай сөздер?
- Оқыды, түсіндірді, жасады.
- Бұл сөздер нені білдіріп тұр?
- Қимылды білдіріп тұр.
Ереже. Заттың қимылын білдіретін сөздерді етістік дейміз.
Етістіктер не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтарға жауап береді.
VIII. Оқулықпен жұмыс.
2 - жаттығу.
а) Жұмбақты оқып, шешуін табу.
ә) Етістіктерді теріп жазып, сұрақ қою.
б) Сөйлемді етістіксіз айтып көр.
в) Проблемалық сұрақ.
Етістік не үшін керек?
Жұмбақ
Көл бетінде қалқиды,
Мақта сынды үйілген.
Үні әсем сан қилы,
Мойны да әсем иілген.
Мамығын ол тарайды,
Маңғаздана қарайды. (Аққу)
г) Аққу қандай құс?
Аққу - киелі құс. Оны атуға болмайды. Ол әсемдік символы.
IX. Сергіту сәті.
( Қоян, аю, бақа, жылан, сиыр, бүркіт, балық, жорға ат, ау тарту, балық аулау, т. с. с)
Қимылмен көрсету.
Қорытынды.
Қоян қайтеді? Қоян секіреді.
Аю қайтеді? Аю қорбаңдайды.
Бақа қайтеді? Бақа секіреді, бақылдайды.
Жылан ше? Жылан ирелеңдейді.
Сиыр ше? Сиыр мөңірейді.
Бүркіт ше? Бүркіт аспанда қалықтап ұшады.
Жорға ат ше? Жорға ат шабады.
- Мына зытып келе жатырған не екен? Қараңдаршы?!
- Қоян.
Слайдта қоян (Қоян туралы әңгімелету).
X. Тақтамен жұмыс.
3 - жаттығу.
Сөздерді оқып, сипатына қарай екі бағанға бөліп жазу.
ата айтты
іні ойнады
балық қуды
түйе жарысты
Қорытынды.
1 - ші бағандағы заттың атын білдіріп, кім? не? сұрақтарына жауап береді.
2 - ші бағандағы сөздер қимылды білдіріп, не істеді? қайтті? сұрақтарына жауап береді.
- Бір уақытта... шыға келді.
Слайдта түлкі. (Түлкі туралы әңгімелесу)
XI. Өз бетімен жұмыс.
5 - жаттығу.
Оқулық суреттерімен жұмыс.
Мына малдардың қайсысы қалай төлдейтінін жаз. Етістіктердің астын сызу.
Бие құлындайды.
Сиыр бұзаулайды.
Қой қоздайды.
Түйе боталайды.
Ешкі лақтайды.
Топтастыру стратегиясы "Төрт түлік"
Ауызша.
6 - жаттығу.
Дұрысы қайсы, бұрысы қайсы? Етістіктерге сұрақ қою.
- Қандай аңдар туралы әңгімеледік?
Аңдар сөзіне топтастыру жасау.
- Тағы қандай аңдарды қосар едіңдер?
XII. Сабақты қорытындылау.
Бүгін не білдік?
Сұрақ - жауап әдісі.
Етістік дегеніміз не?
Сұрақтары.
Қимылды білдіретін сөздерге мысал.
XIII. Бағалау.
XIV. Үйге тапсырма: 4 - жаттығу.