Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Бағдарлама тараулары: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Дүкенге нан қайдан келді?
Мақсаты: Дүкенге нан қайдан келді? деген әңгімені оқып беріп, балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту. Нанның қасиеті, наннан жасалатын тағамдар туралы мағлұмат беру. Еңбекті бағалап, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Құрал жабдықтар: Суреттер, тақырыптық слайд
Қостілдік компонент: Нан – хлеб, ұн – мука, дүкен - магазин
Бауырсақ ертегі жайлы суреттер, үстел - үсті театр кейіпкерлері Дидактикалық ойын: Ол не?
Балаларға ұнды көрсетеді, ұннан не жасалатынын айтады, суреттерді көрсетеді.
Балаларға ұнды ұстатып, көрсетеді
Үстелді айнала отырады.
Мұқият қарайды, қуанады, тыңдайды.
Әңгімені мұқият тыңдайды.
Суреттерді көреді.
Ұнды қызығушылықпен ұстап көреді
Іздену - ұйымдастырушы
Дүкенге нан қалай келетінің әңгіме құрастырып, слайдты пайдаланып айтып, түсіндіреді.
1. Егінді жерлердің суреті
2. Масақтар
3. Қамыр илеу
4. Ұннан жасалынған әр түрлі тағамдардың суреті.
5. Бауырсақ ертегісі
- Балалар ертегідегі бауырсақты аман алып қалу үшін ертегіні өзгертіп көрейікші.
- Қандай ақылды балалар! Ақырында бауырсақ, әже мен атаға қайтып барыпты.
Мақал - мәтел:
Ас иесімен тәтті,
Табағымен жақсы.
Балалар суреттерге қарап наның қалай пайда болатының естеріне сақтайды.
Бауырсақ ертегісін қызықтап қарайды.
Ертегінің соңын өзгертуге тырысады.
Мақал - мәтелдерді, нақыл сөздерді қайталады.
•
Нан – тамақтың атасы.
Ынтымақ - көптің батасы.
Мақал - мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіреді.
Сөздік жұмыс:
Нан – хлеб, ұн – мука, дүкен - магазин
Хормен, жекелеме сөздерді қайталайды.
•
Рефлексивті – коррегиялық
Сергіту сәт:
Нан қоқымын шашпандар,
Жерде жатса баспандар.
Теріп алып, қастерлеп,
Торғайларға тастандар.
Ойын:
Суреттерге саяхат
Әженің атынан балаларға бауырсақтың суретін беру.
Қимылдарын қайталайды, көрсетеді.
Суреттерге қызығушылықпен қарап, ойынға белсенді қатысып отырады.
Болжамды нәтиже:
Білу керек: Әңгімені мұқият тыңдап мазмұнын түсініп тыңдай.
Қалыптасқан әдет: Нанның қайдан келетінін, қамырды жасау технологиясы туралы мағлұмат.
Істей білу керек: Қорытынды жасау. Сұрақтарға толық жауап беру.